Вопрос
Балабақша басшылығы персоналына тұмауға қарсы екпе алуды міндеттеуге құқылы ма?
Ответ
Профилактикалық екпелер жүргізу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 18.09.2009 ж. № 193-IV Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 156-б. регламенттелген.
Жоғарыда аталған баптың 1-1-т. 2-абзацына сәйкес жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.
Осылайша, инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық екпе алу жеке тұлғаның құқығына жатады. Профилактикалық екпе жүргізуге жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы міндетті.
Педагогикалық ұжым мүшелерінің мәжбүрлі түрде профилактикалық екпе алуы туралы бұйрық шығару заңсыз.
Бұл жағдайда ұйым басшылығы инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізу қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіс.
Дереккөз: «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен таба аласыздар
Сондай-ақ осы тақырып бойынша оқыңыздар: Балабақшадағы инфекциялық ауруларды алдын алу