Вопрос
53 жастағы 5 балалы әйелдің зейнетке шығу тәртібі қандай? Олар осы жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ аударылатын зейнетақы төлемдерінен босатыла ма?
Ответ
Ер адамдар үшін зейнетке шығу жасы 63 жас, әйелдер үшін 2018 жылға дейін 58 жас.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР 21.06.2013 ж. № 105-V Заңының 11-б. 1–3 т. сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
Сұрақтың толық жауабын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен таба аласыздар
Сондай-ақ осы тақырып бойынша оқыңыздар: Зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жұмыс істеу