Вопрос
Зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкермен еңбек шартын қалай бұзуға болады?
Ответ
Егер сөз азаматтық қызметшілер туралы болып отырса, онда зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғамен еңбек шартын бұзу ЕК-нің 240-б. қарастырылған негіздеме бойынша жүзеге асырылады. Аталған нормаға сәйкес азаматтық қызметшілердің зейнеткерлік жасқа жетуі жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзудың қосымша негіздемесі болып табылады.Азаматтық қызметшілерге жатпайтын тұлғалар, мысалы: күзетшілер, қызметтік ғимаратты тазалаушылар және басқа жұмысшылар – жоғарыда аталған негіздеме бойынша жұмыстан шығарыла алмайды.