Вопрос
ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) бойынша дайындық тобында нұсқалықтық құрамдас бойынша 4 сабақ қосылды. Қандай сабақтарды енгізу ұсынылады, және де оларды күннің екінші жартысында өткізуге бола ма?
Ответ
5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлау сыныптары мен топтарына арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) ескертулерде (ҚР БжҒМ 20.12.2012 ж. № 557 бұйрығымен бекітілген) нұсқалықтық сағаттарының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (бұдан әрі – ҰОӘ) шеңберінен шығып кететін жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі көрсетілген: мектепке дейінгі ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) тақырыптық бағытталғандығы, балалардың қызығушылықтары бойынша, эксперименттік, дарынды балалармен жұмыс, шетел тілдерін зерделеу, педагогтардың шығармашылық жұмысы. Нұсқалықтық құрамдас бойынша жұмысты күннің бірінші, сондай-ақ екінші жартысында да жоспарлауға болады.