Вниимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Зарегистрируйтесь на сайте и скачайте документ!

Зарегистрируйтесь за 1 минуту — и получите доступ к более чем 5 000 шаблонам и образцам.

Все документы доступны для скачивания в любой момент!

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×
► Локальные акты организации образования на 2025/2026 учебный год
► Как организовать работу по профилактике буллинга детей
► Циклограмма методиста детского сада на сентябрь: практические ориентиры на запуск учебного года
► Как организовать питание в организации образования по новому стандарту
► Старт учебного года: пять направлений работы + 11 документов для запуска
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП
-

Өлшемдік бағалау

6 января 2014
13926
Средний балл: 0 из 5

Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді.

Бағалау жүйесі

«Оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жж. арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» енгізу жағдайында әрбір педагог оқушылардың нәтижелерін бағалау жүйесіне қатысты өзінің көзқарастарын қайта қарастыруы тиіс, себебі оқу үдерісінде бағалауға ерекше көңіл бөлінеді –  ол бір уақытта оқыту нәтижесі әрі құралы рөлін атқарады.

Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісі туралы интегралдық және сараланған ақпарат алуға, жоспарланған нәтижеге жетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасының тиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

12 жылдық білім беруге көшу білім беру жүйесін модернизациялауға әкеледі, бұл ретте әр ұстаз педагогикалық құндылықтар жүйесін өзгертуі тиіс, және, ең алдымен, бұл бағалау жүйесіне қатысты болуы тиіс. Тек аспаптардың әртүрлілігі, шкалалардың икемділігі мен сезімталдығы, өлшемдік және жинақтаушы бағалау құралдарын қолдану заманауи мұғалімнің пәндік, сонымен қатар тұлғалық нәтижелерді әділ бағалауына мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты болып табылады:

  • баға қоюда қолданылатын меже;
  • баға қою мерзімділігі;
  • білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі;
  • оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі.

Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді.

Мұғалім оқушылар жұмысына баға қоюда нені бағалайды? Мектеп оқушыға ересек өмірде қажеттілерді үйретеді. Осы уақытқа дейін біздің балаларымызға өмірде теоретикалық білім қажет деп саналды, сондықтан біз олардың пәндік білімдерін, машықтарын, дағдыларын қалыптастырдық, осыдан кейін дұрыс және бұрыс жауаптарды салыстыра, шешілген есептер мен жіберілген қателер санын ескере отырып олардың жұмыстарын бағаладық – міне, «5» және «2» бағалары да дайын.

Бағалаудың осындай жүйесі оқытудың дәстүрлі жүйесіне бейімделген, бұл ретте мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, ал оқушы – оны жақсы меңгеруі және есте сақтауы тиіс. Ал егер бағаланатын жұмыс – шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік болса? Оқушының өзі үшін маңызды мәселеге қатысты стандартты емес көзқарасы бар жұмыс (үнемі мұғалімнің пікіріне сай келмейді), жеке ішкі логикаға тәуелді жұмыс, мысалы, жоба. Мектеп мыналарға да баулуы тиіс: мәселені көруге, мақсатын қоюға, жоспар әзірлеуге, оны жүзеге асыруға, өз жұмысын талдауға, тұжырымдар жасауға, басқа сөзбен айтқанда, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға.

Кемшіліктер

Көптеген онжылдықтар бойы 5 балддық бағалау оқушылардың жетістіктерін басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырудан тұрды, және бағалаудың осындай тәсілінің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес:

  • Оқытудың жоспарлы нәтижелеріне жетуді бағалаудың оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге түсінікті нақты критерийлері жоқ.
  •  Педагог бірыңғай критерийлер бойынша әр оқушының жетістіктеріне емес, керісінше сыныптағы білімнің жалпы орташа деңгейіне бағдарлана отырып баға қояды.
  • Оқушыларға қойылатын бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білімнің, машықтардың, қабілеттердің нақты элементтерін меңгеру туралы түсінік қалыптастырмайды, ол әрбір оқушыны оқытудың жеке траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді.
  • Оқу барысында оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, ол оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруге ықпал етпейді.

Білімді бақылаудың 5 балддық жүйесін К. Д. Ушинский қатаң сынға алды және кемшіліктерін сипаттай келе, қолданылатын тәсілдер мен әдістердің оқушылардың ақыл-ой қызметіне кері әсерін тигізетіндігін атап өтті. Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан ғана сабақ сұрайды, ал осы уақытта қалған оқушылар өздерін қандай да бір қызметпен айналыспайды, бос отырады. Олар тағатсыздана күтумен уақыттарын, күш-жігерлерін текке жұмсайды. Осындай ортада оқушының өзінің білімге құмарлығын, бастамашылдығын көрсете алмайтындығы заңдылық.

«Функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына» сәйкес оқушылардың жетістігі «5» немесе «4» бағаларымен анықталмауы тиіс, керісінше оқуға деген ынтасы мен қарқынымен, өзінің жинақтаған білімін іс жүзінде көрсетуімен анықталуы тиіс. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі оқушылардың негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады, ол жастардың жинақтаған білімдерін іс-тәжірибеде және бейімделу барысында сәтті қолдануына мүмкіндік беруі тиіс.

Негізгі құзыреттіліктері 

Орта мектеп түлегінің төмендегідей негізгі құзыреттіліктері бөлінеді:

  •  басқарушылық – мәселелерді шешуге қабілеттілігі;
  •  ақпараттық – өзіндік танымдық қызметі немесе өмір оқу қабілеті;
  •  коммуникативтік – ауызша, жазбаша, қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдеріндегі өнімді қарым-қатынас;
  • әлеуметтік – әлеуметтік әрекеттестікке қабілеттілік;
  •  тұлғалық – өз бетімен ұйымдастыру, өзін өзі жетілдіру, өмірдегі және кәсіби орнын анықтау, өзін іс жүзіне көрсету, толерантты болу;
  • азаматтық – қазақстандық өзіндік сана мен мәдени сәйкестік негізінде өз отаны үшін жауапты болуға қабілеттілік;
  • технологиялық – технологияларды, соның ішінде ғылыми, сандық технологияларды тиімді қолданушы деңгейінде қолдану.

Бағалаудың дәстүрлі жүйесіне балама тәсіл сыни бағалау – «оқыту үшін бағалау» болып табылады, оқытушының шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм, оқытудың барынша тиімді тәсілдерін іздеу, сонымен қатар оқушылардың оқуда барынша белсенділік танытуға ынталандыру.

Сыни бағалау оқушыға өзінің оқу қызметін жоспарлауға, мақсаттарын, міндеттерін, оларға жету жолдарын анықтауға, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға, өз білімінің сапасы көтеруге мүмкіндік береді. Ол нақты оқушыға бағдарланған, оқушының білім  мазмұнының қандай да бір элементін меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, сол арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған, және де әртүрлі оқушылардың нәтижелерін бағалауды болжамайды.

Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған:

  • оқушының, жоба білім беру үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын өзін өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған, себебі рефлексия оқушылардың өз қызметінен тәжірибе жинақтауына, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге, өзін өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді;
  • ата-аналардың, баланың дамуына және жайлы психологиялық ортада сапалы білім алуына, қабілеттіліктері әртүрлі оқушылардың: дарынды балалармен бірге даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың гимназияда білім алуын жалғастыруына қызығушылық танытушы; оқу үдерісінде ұстаз, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнату, ол оқушылардың өткен материалды меңгеру деңгейін нақты түсіндіреді; білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде ата-аналардың қызметін белсендендіру;
  • ұстаздар, білім беру нәтижелерін бағалаудың баламалы жүйесімен танысу мүмкіндігіне ие; нәтижелерді сыни бағалау саласындағы теоретикалық білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы; ОӘК, оқу үдерісінде қолданылатын білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру машықтарын қалыптастыру; нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ету.

Негізгі принциптері:

  • өлшемділік – мазмұнды бақылау және бағалау оқушылармен бірге әзірленген негізде құрылады, критерийлері барынша нақты болуы тиіс;
  • өзіндік бағалау артықшылығы – оқушының өзіндік бағалауы мұғалімнің бағасының алдында жүзеге асырылуы тиіс, оқушылардың екі өзіндік бағалауын салыстыру қолданылады, олар: болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) және ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау);
  • икемділігі және вариативтілігімазмұнды бақылау және бағалау оқу нәтижелілігін зерттеудің әртүрлі рәсімдері мен әдістерін қолдануды болжайды; оқу қызметінің жеке, сонымен қатар топтық, ұжымдық нәтижелерін зерттеу;
  • бақылау және бағалау үдерісінің шынайылығы – оқушылар үшін шынайы, күйзеліс пен жүктемені төмендететін жағдайда өткіщіледі; оқушылардың оқу-танымдық қызметінің сипаттамасына қарапайым жағдайдағы олардың оқу қызметін бақылау нәтижелері енгізіледі.

Бағалау жүйесін жаңарту бағыттары:

  • бақылау-бағалау механизмдерін мұғалімнен оқушыларға біртіндеп жеткізу;
  • констатациялаушы бақылаудан бақылаушы, процессуалды бақылауға көшу;
  • оқушылардың жоспарлы нәтижелерді меңгеруі туралы алынған ақпараттың негізінде білім сапасын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді «кері байланысты» қамтамасыз ету.

Ақпарат алуға бағытталған бағалау жүйесі

  • оқушыларға – өздерінің танымдық мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтуға;
  • ата-аналарға – өз баласын оқыту және дамыту үдерісі мен нәтижесін қадағалауға;
  • ұстаздарға – жеке педагогикалық қызметінің сәттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Оқушылар өзін өзі бағалау, өзара бағалау, өзін өзі бақылау машықтары мен әдеттерін меңгере отырып, қалыптастырушы әрі констатациялаушы шығармашылық үдеріске, бағалау өлшемдерін әзірлеу мен орындалған оқу қызметтерінің нәтижелерін рефлексивті талдауға қатысуға тартылады.

Қалыптастырушы бағалау білім, машықтар қалыптастыру үдерісін басқаруға мүмкіндік береді, кемшіліктерін жояды. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметі кері байланыс пен оқу қызметін түзету болып табылады.

Констатациялаушы (қорытынды) бағалау әдеттегідей тақырыпты меңгеруді аяқтайтын бақылау іс-шараларының жиынтығын білдіреді. Бақылау тапсырмаларының мазмұны материалды меңгеру барысында қалыптасқан білім, машықтар мен дағдылардың маңызды шоғырларын қамтамасыз ету мақсатында іріктеледі. Констатациялаушы жұмыстар үшін қойылатын бағалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтауға қызмет етеді.  Әдеттегідей аталған тақырып бойынша қорытындылаушы болып табылатын констатациялаушы жұмыстан бір апта бұрын оқушылар ол жерде қандай тапсырмалар берілгендігі, олардың қандай өлшемдерге сәйкес келетіндігі және дайындық үшін ненің қажет екендігі туралы толық ақпараттандырылады. 

Бақылау жұмысын орындау барысында әр оқушыға бағалаудың өлшемдері көрсетілген парақ беріледі. Ол аталған өлшем бойынша барынша жоғары бал жинау үшін тапсырманы қалай орындау керектігі рет-ретімен сипатталған егжей-тегжейлі дескриптор айдарлармен жабдықталған. Осындай дескрипторлар әрбір нақты жұмысқа қатысты ортақ пәндік өлшемдерді нақтылайды, жұмысты бағалауды барынша жеңіл және ашық етеді. Өткізілетін бақылау жұмысының мақсаты мен баға қою рәсімі оқушыларға түсінікті.

Оқыту формалары мен әдістерін жаңарту 

  • ұстаздар мен оқушылар арасында серіктестік және тату қарым-қатынас орнатуға;
  • оқытудың инновациялық әдістерін, заманауи білім берушілік және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдерді қолдауға;
  • сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан әр оқушының жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға интербелсенді, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды қолдана отырып көшуді қамтамасыз етуге;
  • оқушылардың артық дерексіз-теоретикалық біліммен және тапсырмалармен жүктеудің алдын алуға септігін тигізеді, бұл оқу үдерісін барынша икемді әрі іс-тәжірибелік-бағдарланған етуге мүмкіндік береді.

Біздің мектебімізде өлшемдік бағалауды меңгеру және енгізу 2012 ж. басталды. Бастапқы кезеңде НЗМ тәжірибесінің негізінде өлшемдік бағалаудың теоретикалық негіздері меңгеріледі. Пән бойынша бағалау өлшемдері әзірленеді және талқыланады, енгізу бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін мынадай жағдайлар жасалады:

  • ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету;
  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • оқушылардың білім сапасын бағалау және қадағалау жүйесі;
  • материалдық-техникалық базасы.

Өлшемдік бағалауды енгіщу оқушылар мен ата-аналар; ұстаздар мен мектеп басшылығы тарапынан үздіксіз еңбек етуді талап етеді.

Дереккөз: № 1-2014 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

logo