text
MCFR.KZ Образование

Міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босату

  • 3 октября 2017
  • 4

Вопрос

Міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кім босатылады?

Ответ

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 16.11.2015 ж. ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-б. 7-т. 1) тарм. сәйкес Қорға жарналар төлеуден жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алушыларды қоспағанда, осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар босатылады.

Тұлғалар тізімі Заңның 26-б. 1-т. берілген:

 1) балалар;

 2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

 3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

 4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

 5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

 6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

 7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

 8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

 9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

 10) жұмыс істемейтін оралмандар;

 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

 12) мүгедектер;

 13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

 14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар.

Сұрақтың толық жауабын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен таба аласыздар

Сондай-ақ осы тақырып бойынша оқыңыздар: Жұмыс берушінің Міндетті медициналық сақтандыру қорына қаражат аударуы

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты