MCFR.KZ Образование

Балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау туралы

  • 31 октября 2018
  • 13
Балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау туралы
Балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау туралы

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілді.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

  •  баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);
  •  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  •  ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  •  № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  •  3x 4 көлеміндегі фото (2 дана).

Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде мектеп директорлары білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды. Бұйрыққа сәйкес білім алушылардың ата-аналары баланың тілегін, жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға құқылы.

Сондай-ақ мектептерді дайындық деңгейіне қарамастан, барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға міндеттеді. Бірінші сыныпқа алты жастағы және жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Бұйрыққа сәйкес балаларды бірінші сыныпқа қабылдағанда емтихандар, тестілеулер, сынақтар мен конкурстар өткізуге болмайды. Бұған балаларды гимназиялар мен лицейлерге қабылдау кірмейді.

Егер бала мектепке дейінгі даярлықтан өтпесе және балабақшаға бармаса, онда ол оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстарынан өтуге тиіс.

Білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться