MCFR.KZ Образование

Қазақстанның болашағын қолдау керек

  • 8 октября 2018
  • 8
Қазақстанның болашағын қолдау керек
Қазақстанның болашағын қолдау керек

Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы жолдауын жасады. Президенттің осы жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ болашақта халықтың әл-ауқатын өсіру міндеттеріне қатысты.

Мемлекет ұстаз кәсібіне барынша көңіл бөледі. Жолдауда бүкіл педагогты мазалайтын мәселелер қарастырылды: ұстаз мәртебесі, еңбекке ақы төлеу жүйесі, ұстаздың жұмыс жүктемесі мен уақытын дұрыс бөлу. Әр педагог мемлекет белгілеген міндеттерге сүйене отырып, білім сапасын арттыру үшін зияткерлік деңгейі мен шеберлігін арттыруға ұмтылады.

Біз қоғам ұстаздың еңбегіне лайықты баға береді деп ойлаймыз. Қазіргі кезде тұлғаның білім деңгейіне қойылатын талаптың артуы объективтік тарихи заңдылыққа жатады. Ал бұл қызмет толығымен ұстаздыққа қатысты. Сондықтан педагогтың мәртебесін арттыру қоғамның қарқынды дамуымен тікелей байланысты.

Жолдауда аталған негізгі стратегиялық бағыттардың бірі – тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның сұраныстарына сай және өскелең ұрпақтың ашық ақпараттық жоғары технологиялық цифрлық қоғамға енуін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай білім сапасына қол жеткізу. Цифрлық сауаттылықты арттыру және білім беру процесіне қатысушылар үшін электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін елімізде «Адами капиталды дамыту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша жол картасы» бағдарламасының аясында барлық жерде ІТ-мектептер, ІТ-орталықтан және ІТ-сыныптар ашылуда.

Биылғы қыргүйек айында И. В. Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі оқушылар үшін есігін ашты, ол Алматы қ. білім беру жүйесінің бір бөлігін құрайды, қаланың, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ортасында жұмыс істейді, әлеуметтік институттармен әрекеттестікте болады. Лицейдің жұмысы мен дамуының маңызды қағидаты – негізгі және қосымша білім берудің кіріктірілген әрекеттестігінде информатиканы тереңдетіп оқудың негізінде әр оқушының шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға деген сұранысын еркін әрі барынша толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету. Бұл лицейдің бейіндік сыныптарында бағдарламалау саласының мамандарын даярлауды талап етеді, балаларды ақпараттық технологиялар саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға бағыттайды.

Елбасымыз өз жолдауында алдағы жылды жастар жылы деп мәлімдеуді және мектептегі әскери-ұлтжандылық тәрбиенің рөлін күшейтуді ұсынды.

Азаматтық пен ұлтжандылықты тәрбиелеу – жастардың бойынша жоғары ұлтжандылық сезімді, Отанына адалдық сезімін, Қазақстанның мүддесін қорғау бойынша азаматтық парызы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша мақсатты әрі жүйелі қызмет.

 

Г. М. Карамендинова,

«И. В. Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры, Алматы қ.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться