MCFR.KZ Образование

Білім және ғылым вице-министрі «Мұғалім» тарифтік жоспары жөнінде

  • 4 октября 2018
  • 21
Білім және ғылым вице-министрі «Мұғалім» тарифтік жоспары жөнінде
Білім және ғылым вице-министрі «Мұғалім» тарифтік жоспары жөнінде

Мұғалімдердің Интернетке кететін шығындары мен жеке трафигін үнемдеу мақсатында «Мұғалім» тарифі шығарылды.

Рустем Бигари – білім саласындағы цифрландыру мәселесіне жетекшілік ететін вице-министр ұстаздың жұмысын жеңілдету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын баяндады. Кейде педагогтар электрондық журналды толтыру барысында және басқа білім беру ресурстарын қолдануда жеке трафигін жұмсайды, мектеп те интернет-байланыстың ақысын төлеу арқылы шығынға батады, интернеттің іркілістері болады. Нәтижесінде электрондық күнделікке баға уақытылы қойылмайды, ұстаздардың баға қою үшін мектептегі компьютердің босауын күтуіне тура келеді, – бұл аз уақытты алмайды.

Осы мәселені шешу үшін қазақстандық байланыс операторларымен және ІТ-компаниялармен келіссөздер басталды.

Енді электрондық журналды әрбір нақты құрылғының хабарландыру жүйесін қолданатын, Push-хабарламаларды қолдайтын және офлайн-режимде жұмыс істей алатын дербес қосымшаға айналдыру жоспарланып отыр.

Вице-министрдің айтуынша, «Мұғалім» арнайы тарифін шығару туралы ұсыныс барлық байланыс операторларымен келісілді, оның көмегімен мектеп мұғалімдеріне арналған білім беру ресурстарының бәріне тегін кіруге болады.

«Байланыс операторлары білім қызметкерлері үшін арнайы тариф ұсынды, оның бағасы айына 5 700 теңгені құрайды, ал мектеп осы тариф бойынша көрсетілетін қызметті 2 жыл пайдаланған жағдайда, оған қоса құрылғы – планшет немесе смартфон беріледі. Екі жыл пайдаланғаннан кейін құрылғылар ұстаздарда қалады. Осылайша мектептегі компьютер тапшылығы мәселесі шешімін табады. Бүгінде ол шамамен 70 мың бірлікті құрайды», – деп хабарлады Р. Бигари.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться