Справочник руководителя образовательного учреждения

Тағы да Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салу туралы

  • 1 октября 2018
  • 8
Тағы да Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салу туралы
Тағы да Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салу туралы

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында берген сұхбатында мектепте хиджаб кию жағдайына қатысты пікірін білдірді.

Министрдің айтуынша, республикамызды орта мектептерге міндетті мектеп формасы енгізілген және оқу орнының қабырғасында діни атрибутиканы қолдануға тыйым салынады.

Жақында Түркістан облысының Фирдоуси ауылында мектеп әкімшілігі хиджаб киген оқушы қыздарды мектепке кіргізуден бас тартты. Абаев осы жағдайға тоқтала келе, биліктің әрекеті заңды болғанын мәлімдеді. Бұл жерде қандай да бір дінді кемсітушілік жөнінде, соның ішінде діни сезімдерге қысым көрсету жөнінде сөз болған жоқ. Білім беру ұйымының қабырғасынан тыс жерде әркім қалағанындай киіне алады.

«Қазақстанда еркін дін ұстану үшін өте ыңғайлы әрі бірегей жағдай жасалған. Конституцияға сәйкес біз зайырлы мемлекетпіз, бұл мемлекеттің діннен бөлек екенін білдіреді, ал мектеп – ең алдымен мемлекеттік мекеме. Сондықтан діни атрибутиканы қолдану білім беру жүйесінің зайырлылық қағидатын бұзады. Білім алушылардың сыртқы келбетін стандарттау – әлемде кең таралған тәжірибе, ол батыстық демократияны да қамтиды. Сондықтан қазақстандық тәжірибеде адам құқықтарын сақтау қағидаты басқаша қолданылмайды», – деп түсіндірді шенеунік.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться