MCFR.KZ Образование

ҚР БҒМ-гі 2018 жылғы 10 жаңалық

  • 6 сентября 2018
  • 189
ҚР БҒМ-гі 2018 жылғы 10 жаңалық
ҚР БҒМ-гі 2018 жылғы 10 жаңалық

ҚР БҒМ-гі 2018 жылғы 10 жаңалық

1. Мектептер барынша дербес болады

Жекелеген пилоттық колледждер мен мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізіле бастайды. мысалы, бірінші қыргүйектен бастап Астанадағы 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепке енгізіледі. енгізу бойынша осындай жұмыс Шымкенттің бірнеше мектебінде де басталады.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру мемлекеттің мектептерге балаларды оқыту үшін бала санына қарай қаражат бөлетінін білдіреді. Ата-аналардың жақсы мектепті таңдау мүмкіндігі пайда болады, ал қаражат баламен бірге келеді. Бүгінде бір оқушыға шаққандағы орташа норматив жылына шамамен 220 мың теңгені құрайды.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі жекеменшік секторды жаңа мектептер ашуға ынталандыратын болады. Себебі БҒМ жекеменшік мектептерге де мемлекеттік тапсырыс береді. «Жеке кәсіпкерлердің» балабақша салуы барысында осы тәжірибе жақсы нәтиже көрсетті.

Басты нәтиже – бұл оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттыру. Мектеп директорлары бюджетті өздері басқарады, штат кестесін өз бетімен құрастырады, жалақы тағайындайды және т. б. Нәтижесінде мектептер арасында нағыз бәсекелестік қалыптасады.

2019–2020 жж. бастап Қазақстанның ірі қалаларындағы толық жинақты мектептерге мұндай жүйе жаппай енгізіле бастайды. Олардың жұмыстары мен бюджеттік шығыстарының ашықтығын қамқоршылық кеңестері қамтамасыз етуге тиіс, оның құрамына қоғам қайраткерлері мен ата-аналар кіреді.

Биыл 1–11 сынып оқушыларына арналған мемлекеттік білім берудің жаңа стандарттары, бағдарламалар мен бірге үлгілік оқу жоспары бекітілді. Енді мектептерге оқу жоспарын өз бетімен таңдау мүмкіндігін береді. Мысалы, жүктемемен немесе жүктемесіз.

 

2. Мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді

Енді мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін ғана емес, сонымен бірге білім беру қызметтерінің барлық түрі үшін ақы төленбек. Нәтижесінде педагогтың еңбегіне ақы төлеу деңгейі оның қанша сағат алғанына емес, керісінше оның оқыту сапасына байланысты болады. Ол үшін мектептерге ынталандырушы үстемеақылар мен жұмысты нәтижеге бағыттау үшін сыйлықақылар енгізу жоспарланып отыр. Мұндай жүйе тарифтеуден алшақтауға және мұғаліммен келісімшарттың қатынас орнатуға көшуге мүмкіндік береді.

Түрлі есептерді, сауалдамаларды және т. б. толтыру алынып тасталды. Бұл жұмысты мектеп директорлары атқаратын болады. Бұдан былай мұғалім тек сынып журналын, күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын, сындарлы бағалау бойынша құжаттарды (білім беру мазмұны жаңартылған сыныптарда) және оқушылардың күнделіктерін тексеруге тиіс болады.

Министрлік мұғалімдерді ҰБТ ұйымдастыру мен дайындықтан босату мәселесін ұсынды әрі ол талқылануда. Сондай-ақ ҰБТ бойынша мектептер рейтингі алынып тасталды, себебі ол мұғалімдерге бірақ қысым жасаған еді.

Педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді, мұнда біліктілік санаты үшін айлықақыға 30-дан 50 %-ға дейін үстемеақы енгізуді көздейді. Жаңа санаттар бойынша қосымша ақы осы жылдың қыргүйегінен бастап төленеді. Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер одан қарашада өте алады.

1 қыргүйектен бастап мектеп пен оқушылардың ата-аналары арасында шарттар тәжірибеге енгізіледі. Бұл педагогтар құқын қорғауға және әр тараптың міндеттерін нақты белгілеуге мүмкіндік береді.

 

4. Оқушылардың жүктемесін азайтады

Оқу жоспарларын енгізу арқылы оқушылардың жүктемесін азайту жоспарланып отыр, мұнда кей пәндер бойынша сағатты қысқарту көзделген. Мұндай жоспардың жобалары әзірге БҒМ-мен зерделенуде. Алайда, барлық мектеп бірдей жаңа жоспарға көшпейді, оның тізімін министрлік белгілейді. Қалғандары балаларды қалай оқытатын өздері таңдай алады: жүктемемен немесе жүктемесіз.

1–2 сыныпта аптасына екі сағатты, 3–4 сыныпта үш сағатты қысқартуды көздеп отыр. 5-7 сынып оқушылары үш сағат, 8-9 сыныпта төрт сағат кем оқуға тиіс болады. Жоғарғы сыныптарда алгебра, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндері бір сағатқа, қазақ тілі екі сағатқа қысқарады. Сонымен бірге информатика және әдебиет сабақтарының саны қысқарады.

Дүйсенбі және жұма күндері және оқу күнінің соңғы сабақтарында бақылау жұмыстарын алуға, сондай-ақ бақылау жұмысынан кейін үй тапсырмасын беруге тыйым салынады. Мерекелер мен каникул күндері балалар көркем әдебиет оқу, ғылыми жобалар мен егер математикалық сыныпта оқыса, есеп шығарудан басқа ешқандай жұмыс орындамауға тиіс.

Бағдарлама дене шынықтыруға бөлінген үш сағаттың тек екеуіне тоқталды. Спорттық ойындарға, хореографияға және ритмикаға тағы бір сағат бөлінеді.

Оқушылар үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақытты қысқарту жоспарланып отыр.

 

 

5. Ағылшын оқыту артады

2018–2019 жылы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика циклінің пәндерін ағылшын тілінде оқыту жобасын енгізу жалғасын табады.

Педкеңес пен ата-аналар комитеті мекеменің осыған дайын екенін мақұлдағанда мектептер осы жобаға қосылады. Сондықтан жаратылыстану ғылымдарының қайсысы ағылшын тілінде оқытылатынын мектеп өзі анықтайды. Бұл тілдік курстан өткен мұғалімдердің мүмкіндіктеріне байланысты. Мұндай пән екеуден аспауға тиіс.

Бұл міндетті түрде информатикаға қатысты болады, себебі компьютер тілі – ағылшын тілі. Химия, физика және биология пәндері де ағылшын тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ оқушылардың француз және неміс тілдерін меңгеру құқын жаңғыртты.

 

6. Қазақ тілі латын қарпімен

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында кей мектептерде орыс тілді сыныптар біртіндеп қазақ тілінде оқитын сыныпқа көшеді. Мысалы, егер бірінші сыныпта оқудың 70 % орыс тілінде, ал 30 % мемлекеттік тілде жүргізілсе, бесінші сыныпқа қарай оқу тілі 100 % қазақша болады. Мұндай эксперимент № 60 мектеп-лицейге және дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатына енгізіледі. Мұнда алғашқы жылдары мемлекеттік тілде оқу қиынға соғатын балалар үшін арнайы сыныптар ашылады.

Сондай-ақ Астанада 1 қыргүйектен бастап бес мектеп пен үш колледж латын әліпбиіне көшеді. Жаңа оқу жылында Қазақстанда барлығы 3 млн-нан астам бала 7024 мемлекеттік мектеп табалдырығын аттайды. Бірінші сынып оқушыларының болжамды саны 350 мың адамды құрайды.

 

7. Жаңартылған мазмұнға көшу жалғасады

Өткен жылы білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы 1, 2, 5, 7 сыныптарға енгізілді. 2018–2019 жылы оған 3, 6, 8 сыныптар қосылады. Сондай-ақ 4, 9, 10 сыныптарға арналған жаңа бағдарламаның апробациясы басталады. Сондықтан осы оқушылардың ата-аналары бейстандартты оқу процесіне дайын болуы тиіс. Ең алдымен бұл бағалауға қатысты.

Бала енді үйреншікті баға алмайды, ал ата-аналар оқу процесін бақылай алмайды. Тек формативтік бағалау – смайликтер, «Жарайсың!» жазбалары бойынша жетістігін байқауға болады.

Оқушылардың оқу үлгерімін «Күнделік» электрондық күнделігінен білуге болады, мұнда мұғалімдер тақырып үшін бақылау сынағының рубрикаларын толтырады (БЖБ – бөлім үшін жиынтық бағалау). Алайда, баға түрінде емес, керісінше орындаған жұмыстың пайызы түрінде. Тоқсан үшін баға барлық БЖБ мен бақылау жұмысының (ТЖБ) қорытындыларынан шығарылады.

 

8. Жаңа курстар және электрондық оқулықтар

5–7 сыныптарда алғаш рет мектеп бағдарламасына «Өлкетану» курсын енгізеді. Ол Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география және музыка пәндерінің аясында оқытылады. Бағдарламаға 20 оқу сағаты бөлінген. Әр өңір үшін оқулықтың мазмұны әртүрлі болады, ол туған өлкенің бірегейлігін ашады.

Сондай-ақ «Өмір сүру негіздері» жаңа курсын енгізу жоспарланып отыр. Тақырыптар «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» секілді пәндерге енгізіледі.

Биылдан бастап Қазақстанда шығарылған жаңа оқулықтардың бәрі электрондық форматта болады.

3-ші сыныптан бастап «Информатиканы» оқыта бастайды. Ал келесі жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында информатика сабағы 1-2 сыныптан бастап енгізіледі. Облыстарда ІТ-бағыттар мен робот техникасын дамыту үшін әкімдіктердің қолдауымен робот техникасы, бағдарламалау және 3D-мөртаңба сыныптары ашылады. Бүгінде 1500-нан астам мектепте осындай сыныптар бар. Барлық өңірде ІТ-лицейлер ашу жоспарлануда.

 

9. Бес күндік

Мектептерді бес күндік жұмыс аптасына көшіру міндетін 2016 жылы көтерген болатын, себебі балалар күш жинауы, ал мұғалімдер тынығуы әрі сабаққа дайындалуы тиіс. Бес күндікке көшуді білім берудің жаңартылған мазмұнымен қатар енгізе бастады. Басында өзгеріс тек 1-ші сыныпқа қатысты болды, ал өткен оқу жылынан бастап 2, 5, 7 сыныптарды қамтыды. Сол кезде сабақтың ұзақтығы 40 минут болып белгіленді. Ал қысқа оқу аптасына көшуді 1-ден 11-ге дейін барлық сыныпқа ұсынған болатын. Бес күндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің басшылығы қабылдайды және оны Қамқоршылық кеңеспен және ата-аналар комитетімен келіседі.

Облыстар мен қалалардың білім басқармаларының деректері бойынша 2017-2018 жылы еліміздегі мектептердің 95 % бес күндікке ауысты.

 

10. Инклюзивті білім беруді қолдау

Барлық 17 өңірде мамандандырылған Ресурстық орталықтар ашылады. Жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізуге байланысты инклюзивті білім беру серпін алды. Мектептерге білімге деген сұраныстары ерекше балаларды алу тиімді болады, себебі мемлекет әр оқушының шығынын ұлғайтылған мөлшерде өтейтін болады.

Сондай-ақ БҒМ арнайы мектептер үшін балалардағы ауытқушылықтардың барлық түрі бойынша халықаралық тәжірибені ескеретін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірледі. Үнемі барлық сабаққа қатыса алмайтын, бірақ жекелеген пәндер бойынша бәрінен жақсы оқи алатын аутистік салада ауытқушылықтары бар балалар үшін жеке бағдарлама бойынша оқыту нормасы енгізілді.

 

Дереккөз: «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться