MCFR.KZ Образование

ҰБТ-ны терезе ашық күйінде өткізу керек – Бекшин менингококктың алдын алу туралы

  • 11 июня 2018
  • 6
ҰБТ-ны терезе ашық күйінде өткізу керек – Бекшин менингококктың алдын алу туралы
ҰБТ-ны терезе ашық күйінде өткізу керек – Бекшин менингококктың алдын алу туралы

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин көп адамның бір жерге жиналуы менингококк жұқпасын қайта өршітпеуі үшін ҰБТ өткізу бойынша кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл уақытқа сай мәселе. Маусымның 20-нан 30-на дейін бізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Іс-шара 147 нүктеде ұйымдастырылады, мұнда жоғары оқу орындарынан, колледждерден, шалғай елді мекендерде  – мектептерден арнайы аудиториялар бөлінеді. Осы мақсатта біз Білім және ғылым министрлігімен алдын алудың барлық мәселелерін талқылап жатырмыз. Адам саны көп болатынын түсінеміз, тестілеу уақыты ұйымдастырушылық сәттерді қосқанда шамамен төрт сағатқа созылады», – деді Бекшин ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, тестілеу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтеді, барлық нүктелер дәрі қобдишалармен қамтамасыз етіледі.

«Біз ҰБТ ұйымдастырушыларына тестілеуді бастамас бұрын үй-жайды жақсылап желдету мен залалсыздандырғыш заттармен ылғалды тазалау жүргізуді ұсындық, осыдан кейін үй-жайлар желдетілуі тиіс. Мүмкіндігіне қарай мұның бәрі терезелер, желкөздер ашық күйі өткізілуі тиіс», – деді ол.

Бекшин сондай-ақ тестілеуге келген мектеп түлектері тамақтанатын және орналасатын жерлерді санитариялық қадағалау жұмысы туралы хабарлады. «Менің ойымша, бұл іс-шаралар менингококк жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады ол.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться