text
MCFR.KZ Образование

2018/2019 оқу жылына арналған білім беру гранттары тізімі жарияланды

  • 8 июня 2018
  • 30
2018/2019 оқу жылына арналған білім беру гранттары тізімі жарияланды
2018/2019 оқу жылына арналған білім беру гранттары тізімі жарияланды

ҚР білім және ғылым министрлігі 2018/2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы бұйрықты жариялады, деп хабарлайды Тengrinews.kz. тілшісі.

Ведомствоның интернет-ресурсында 2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бөлу туралы ақпаратпен танысуға болады.

Сонымен бірге Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген. Мәліметке сай, 2018/2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант,  PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген. Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях