text
MCFR.KZ Образование

БҒМ-де мұғалімдерді аттестаттауға қатысты шағымдарға жауап берді

  • 29 мая 2018
  • 14
БҒМ-де мұғалімдерді аттестаттауға қатысты шағымдарға жауап берді
БҒМ-де мұғалімдерді аттестаттауға қатысты шағымдарға жауап берді

Ирина Смирнова мұғалімдердің Білім және ғылым министрлігіне шағымдарымен жүгінгенін айтып өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Мұғалімдер қоғамдастығының депутаттарға жаппай жүгінуі сауал салуға себеп болды.

БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова хабарлап өткендей, мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласының педагогтары үшін аттестаттаудың бұрынғы жүйесі сақталып қалды.

«Жаңа аттестаттау тек мектеп педагогтарына қатысты және тек мұғалімдердің өзінің қалауы бойынша. Егер мұғалім біліктілігін арттыруды және 2018/2019 оқу жылының 1 қыргүйегінен бастап жаңа жүйе бойынша санатына қосымша ақы алғысы келсе, ол аттестаттау комиссиясына өтінім береді. Қаламаса бермейді, ең алдымен сақталатын және жарамды санатымен ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Немесе қарашада тестілеуден өтіп, санатын алады және 1 қаңтардан бастап айлықақыдан 30-дан 50 пайызға дейінгі қосымша ақы алады», – деп хабарлады департамент директоры.

Егер бұрындары педагогтар жылына бір рет аттестаттаудан өте алса, онда жаңа жүйе бойынша жылына 2 рет аттестаттаудан өту және сәйкесінше жаңа үстемеақы алу мүмкіндігі беріледі. Оның айтуынша, бұл да мұғалімнің жағдайын жақсартады. Аттестаттау екі міндетті кезеңнен тұрады: ұлттық біліктілік тестілеу және педагогтар қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалы жалпылау.

«Бұл ретте 2018 жылы кезекті аттестаттаудан өтуге тиіс мұғалімдер (жаңа санатты тағайындау және алған санатын растау) 2018 жылғы 1 сәуірге дейін ескі нысан бойынша аттестаттаудан өтті. Тағайындалған және расталған санаттар 2023 жылға дейін, яғни 5 жыл бойы жарамды. Сондықтан жаңа оқу жылында бірде-бір мұғалім жаңа жүйе бойынша санатын растамайды. Тек жаңа санаттарды тағайындау жүреді – «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», – деп қосып өтті ол.

«Бүгінде 60 мыңнан астам мұғалім ерікті түрде біліктілік тестілеуіне қатысу туралы өтінім берді. Яғни бұл мұғалімдердің өз пәнін білетінін, жұмысын жоғары бағалайтынын және кәсіпқойлықтарын дәлелдегісі келетінін, лайықты жоғары еңбекақы алғысы келетінін білдіреді. Сонымен бірге жаңа аттестаттауды педагогтар жыл бойы талқылады. Сондай-ақ оны талқылауға білім беру саласынан хабары бар депутаттардың өздері де қатысты», – деді Шолпан Каринова. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты