text
MCFR.KZ Образование

Биылғы ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі кезеңде өтеді

  • 4 мая 2018
  • 10
Биылғы ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі кезеңде өтеді
Биылғы ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі кезеңде өтеді

Биыл 20 мың білім гранттары бөлінді, оның ішіндегі 11 мыңы техникалық бағыттағы мамандықтарға бөлінген. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтып өтті.

Оның айтуынша, техникалық мамандықтарды таңдау талапкерлерге басым мүмкіндік береді. ҰБТ-ға тоқтаталын болсақ, оны өткізу форматы өзгермейді. Биыл еліміз бойынша тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, яғни 15 рет болады. Емтиханда бес пән бойынша сұрақтар болады: үш міндетті және таңдау бойынша екі бейіндік пән. 2004 жылдан бастап ҰБТ-ға 1,6 млн талапкер қатысты.

«Өткен жылы түлектер ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырды. «Алтын белгіні», аттестатты мектепте берді, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсу рәсіміне айналды. Парламент ҚР заңына енгізілген өзгертулерді қабылдады. Енді «Алтын белгі» иегері балдары тең түскен жағдайда ғана басым құқыққа ие болады. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ қорытындылары бойынша рейтинг жүргізбейді. Біз өңірлерден мектепті тест тапсыру нәтижелері бойынша бағаламауын сұраймыз», – деп атап өтті вице-министр.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях