text
MCFR.KZ Образование

Қазақстанның 61 мың ұстазы мамырда біліктілік тестін тапсыруға жазылды

  • 20 апреля 2018
  • 10
Қазақстанның 61 мың ұстазы мамырда біліктілік тестін тапсыруға жазылды
Қазақстанның 61 мың ұстазы мамырда біліктілік тестін тапсыруға жазылды

Білім министрлігінде ҰББТ тапсырғысы келетін ұстаздар саны көп болады деп күтпеді. Тестті еңбекақысын көтергісі келетін ұстаздар тапсырады.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Біліктілік санатын арттыру және растау

Ұлттық бірыңғай біліктілік тестін ұстаздардың өздері тапсырғысы келеді, оларды ешкім мәжбүрлемейді. Бұл жөнінде азаматтарды жеке қабылдау аяқталғанда ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып өтті.

«Біз ешкімді Ұлттық бірыңғай біліктілік тестінен өтуге мәжбүрлемейміз, егер ұстаздардың тағайындалған санаттары болса. Оны еңбекақысын көтергісі келетін ұстаздар тапсыра алады. Қазіргі кезде 61 000 мұғалім жазылып қойды, ал бұл тек мамыр айына. Мен олардың бәрін тестке жібере алмаймыз ба деп отырмын, себебі бұл біз күткеннен әлдеқайда көп. бұл ұстаздардың өздеріне сенімді екенін, өз пәндерін жақсы біледі және осы тесттің маңыздылығын түсінеді», – деп атап өтті Ерлан Сағадиев.

Министр егер мұғалім тестті бірден тапсыра алмаса, оның бірнеше мүмкіндігі болатынын атап өтті. Ел арасында айтып жүрген осы педагогқа қатысты қандай да бір жазалау шаралары жөнінде қолданылмайды. Мұғалім бұрынғы санатымен өз орнында қалады.

Осы тестті сәтті тапсырған жағдайда мұғалімнің еңбекақысы 20-дан 50 пайызға дейін көбейеді.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях