text
MCFR.KZ Образование

ҚР мектептерінде емтихан мен тестілеу қай кезде өтеді

  • 2 апреля 2018
  • 36
ҚР мектептерінде емтихан мен тестілеу қай кезде өтеді
ҚР мектептерінде емтихан мен тестілеу қай кезде өтеді

Орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 2018 жылғы 25 мамырда аяқталады.

ҚР Білім және ғылым министрі «2017/2018 оқу жылының аяқталуы және білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрыққа қол қойды.

Осылайша, орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 2018 жылғы 25 мамырда аяқталады

9 (10) сыныптың білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары  2018 жылғы 28 мамыр – 8 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары 2018 жылғы 29 мамыр ­– 30 маусым аралығында өткізіледі.

9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:

– таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан - 2018 жылғы 28 мамыр;

орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан - 2018 жылғы 31 мамыр;

ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін - шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант) - 2018 жылғы 5 маусым;

математикадан жазбаша емтихан - 2018 жылғы 8 маусым.

11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады.

– ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 2018 жылғы 29 мамыр;

таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;

орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;

алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан - 2018 жылғы 6 маусым;

Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2018 жылғы 9 маусым.

Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2018 жылғы 12 - 30 маусым аралығында өткізіледі.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (27 наурызда).

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях