text
MCFR.KZ Образование

Нөлінші сыныпты енгізу неге 2020 жылға ауыстырылғанын министр Сағадиев түсіндірді

  • 3 марта 2018
  • 23
Нөлінші сыныпты енгізу неге 2020 жылға ауыстырылғанын министр Сағадиев түсіндірді
Нөлінші сыныпты енгізу неге 2020 жылға ауыстырылғанын министр Сағадиев түсіндірді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізу жүйесіне мұғалімдер мен оқулықтардың даярлығы жөнінде айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ол алдында нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға жоспарланғанын  атап өтті.

«Бүгінгі таңда бірыңғай бағдарлама және мұғалімдерді дайындау кестесі дайын. Оқулықтар сараптамадан өтті. Бірақ, ол оқулықтардың барлығы да кирилл қарпімен жазылған. Енді 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару керек болып тұр. Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшуге байланысты оқулықтарды біржола латынша басқан дұрыс деп есептейміз. Бұл қаржы жағынан да тиімді болады. Оқулықтарды дайындап, сараптама мен апробациядан өткізуге, мұғалімдерді дайындауға уақыт керек. Сондықтан, нөлінші сыныпқа 2020 жылы өтеміз. Сондай өзгерістер мемлекеттік бағдарламаға енгізілді», – деді министр ҚР Үкіметінің мәжілісінде.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях