text
MCFR.KZ Образование

Қазақстан оқушылары 3 сыныптан бастап информатиканы оқиды

  • 16 февраля 2018
  • 6
Қазақстан оқушылары 3 сыныптан бастап информатиканы оқиды
Қазақстан оқушылары 3 сыныптан бастап информатиканы оқиды

Жаңа оқу жылынан бастап информатика пәні үшінші сыныптан бастап оқытылатын болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішіндегі 10 қадамды орындаушы – Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттерді ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді. Мысалы, информатика 2017 жылы 7 сыныптан, 2014 жылы 5 сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныптан басталады», – дейді Ерлан Сағадиев.

Сонымен бірге, бестен он бірінші сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.

«Барлық мектептерде цифрлық білім беру ресурстары бар. Осы жылдың мақсаты – оларды қолдану деңгейін көтеру. Сондай-ақ, білім беру саласында балабақшадан бастап қызметтерді автоматтандыру», – деді ведомство басшысы.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях