text
MCFR.KZ Образование

Қазақстанда ұстаздарға төленетін 50 пайызға дейінгі қосымша ақыны заңдастырды

  • 15 февраля 2018
  • 25
Қазақстанда ұстаздарға төленетін 50 пайызға дейінгі қосымша ақыны заңдастырды
Қазақстанда ұстаздарға төленетін 50 пайызға дейінгі қосымша ақыны заңдастырды

Қосымша ақы нақты жүктемені ескере отырып, лауазымдық айлықақыға бекітіледі

Бұл жөнінде ҚР Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 42 қаулысында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы мұғалімдеріне лауазымдық айлықақыға (ЛА) 30 % қосымша ақы төленеді. Қосымша ақы белгілеу тәртібі мен шарттары білім саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді. Қосымша ақы нақты жүктемені ескере отырып, лауазымдық айлықақыға белгіленеді, бірақ заңнамамен белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен аспауы тиіс.

Ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдердің айлықақысына 30-дан 50 %-ға дейін қосымша ақы төленеді (педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор). Осы аталмыш қосымша ақы педагогикалық шеберлік санаты үшін төленеді.

Қаулының педагогикалық шеберлік санаты үшін қосымша ақы төлеу туралы тармағы 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях