text
MCFR.KZ Образование

Қазақстанда білім саласын бақылаудың жаңа түрі пайда болады

  • 14 февраля 2018
  • 7
Қазақстанда білім саласын бақылаудың жаңа тпайда болады
Қазақстанда білім саласын бақылаудың жаңа тпайда болады

Алматыда мектептерде ақша жинауды түбегейлі жоюды шешті.

Қамқоршылық кеңестері білім саласын қоғамдық басқару мен бақылаудың заманауи құралына айналуға тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар оқушылар құқықтарының сақталуына, білім беру мекемесінің шотына келіп түскен қайырымдылық және демеушілік көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, білім беру ұйымының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады. Мектеп басшылығы Қамқоршылық кеңестің алдында өз қызметінің нәтижесі туралы есеп беруге міндетті.

«Қамқоршылық кеңестері Алматы қаласының 130 мектебінде құрылды. Білім басқармасы олардың рөлін күшейту бойынша жұмыс жасауда», – деп атап өтті білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова.

«Білім мекемелері балаларымыздың санасында негізгі өмірлік қағидаттар мен құндылықтардың іргетасын қалауы тиіс. Сондықтан білім саласы жемқорлықтан таза болуы тиіс. Қамқоршылық кеңестері мектептерде ашықтықты қамтамасыз етудің мықты құралына айналуға тиіс», – деп өз пікірін жеткізді «Табиғат» қоғамдық қорының төрағасы, № 4 мектептің Қамқоршылық кеңес мүшесі Мэлс Елеусізов.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях