text
MCFR.KZ Образование

БҒМ-де ұстаздардың еңбекақысы қалай және қашан көтерілетінін айтып өтті

  • 18 января 2018
  • 30

Мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін ұстаздар осы жылдың қаңтарынан бастап жоғары еңбекақы алады. Қалғандарының айлықақысы кезеңмен көтеріледі.

Президент тапсырмасына сәйкес осы айдан бастап педагогтардың айлықақылары 30–50 % көтерілуі тиіс. Ұстаздардың еңбекақысының өсуі неге байланысты екенін ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова КТК арнасына берген сұхбатында айтып өтті.

«Ең алдымен, оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұнға көшуіне байланысты. Осы жылдың басынан бастап бұл 1, 2, 5 және 7 сынып мұғалімдеріне қатысты. 2018 жылғы қыркүйектен бастап бұл 3, 6 және 8 сынып мұғалімдері болмақ. Бұдан әрі кесте бойынша 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап бұл – 4, 9, 10 сынып мұғалімдері. Және 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап – 11-ші сынып мұғалімдері", – деп толықтырып өтті вице-министр.

Сонымен бірге сәйкес біліктілік деңгейіне ие мұғалімдер жаңа жүйе – қосымша ақылар кестесі бойынша қосымша қаржы алатын болады. Педагогтар енгізілген Ұлттық бірыңғай біліктілік тестінен өткенде біліктілігін растайды.  

«Тесттен өткен ұстаздардың жалақысы 20-дан 50%-ға дейін артады. Білім министрлігі ағымдағы жылдың ортасына дейін тест әзірлеуді жоспарлауда. Қыркүйектен бастап мұғалімдер осы тестті тапсыра алады, және, сәйкесінше, үстемеақы төленетін болады", – дейді Бибігүл Асылова.

Жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейтін педагогтар қаңтардан бастап жоғары айлықақы алады.

«Республикалық бюджеттің параметрлері нақтыланған соң бізге сәйкес қаржы бөлінеді, ол өңірлерге мақсатты трансферттермен кетеді және 1 қаңтардан бастап еңбекақылар қайта есептеледі", – деді вице-министр.

2017 жылғы 1 қаңтарда ұстаздардың орташа айлықақысы 99 мың теңгені құрады, деп нақтылап өтті вице-министр. Ал қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, ол 120–130 мың теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды КТК.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап оқу материалының жаңартылған мазмұнына көшетін мұғалімдердің лауазымдық айлықақысын 30 %-ға дейін көтеруді тапсырды. Бұл мұғалім кәсібінің беделін арттыру үшін жасалуда, деп атап өтті елбасымыз.

Қаржы министрлігінде Елбасымыздың Жолдауын іске асыру үшін бюджетті нақтылау қажет екендігін хабарлады. 11 қаңтарда қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, ұстаздардың айлықақысын көтеруге 70 млрд теңге бөлінді. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях