text
MCFR.KZ Образование

Президент білім алушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

  • 12 января 2018
  • 2

Елбасымыз жолдауында оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ТМД елдері арасында бізде оқушылардың жүктемесі ең жоғары және ЭЫДҰ елдері арасында орташа есеппен үштен бір есеге жоғары екенін ескере келе, оны азайту керек», – деді ол.

Президент барлық өңірде оқушылар сарайының базасында компьютерлерді, зертханаларды, 3D-принтерлерді қоса, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған балалар технологиялық парктері мен бизнес-инкубаторлар ашуды тапсырды.

«Бұл өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға сәтті кіріктіруге септігін тигізеді», – деп атап өтті Назарбаев.

Сондай-ақ ол білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттырып, меншікті капиталды тарту үшін қала мектептеріне жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетінін де айта кетті. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях