text
MCFR.KZ Образование

Президент ұстаздардың жалақысын көтеруге уәде берді

  • 11 января 2018
  • 15

Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздардың айлықақыларын 30–50 пайызға көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

«Ұстаздар кәсібінің беделін арттыру үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап оқу материалының жаңартылған мазмұнына көшетін ұстаздардың лауазымдық айлықақысы 30 %-ға көтерілсін», – деп мәлімдеді елбасымыз.

Жаңартылған мазмұн – бұл халықаралық стандарттарға сай және Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бейімдеуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Олар балаларымыздың тиісті фнукционалдық сауаттылығы мен сыни ойлауын қалыптастырады.

«Сонымен бірге, 2018 жылы ұстаздар үшін санаттардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын, мұнда санаттар арасындағы алшақтықты арттыру арқылы біліктілік деңгейі ескерілуі тиіс. Санаттарды бүкіл әлемдегідей ұлттық біліктілік тесті арқылы тағайындау керек. Бұл педагогтарды үнемі өзін өзі жетілдіруге ынталандырады. Нәтижесінде расталған біліктілікке қарай жалпы ұстаздардың айлықақысы 30-дан 50 %-ға дейін өседі», – деді Назарбаев.

Ол үшін ағымдағы жылы қосымша 67 миллиард теңге бөлу керек. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях