text
MCFR.KZ Образование

Маңғыстауда ауыл мұғалімі үздік ұстаз атанып, миллион теңге алды

  • 4 января 2018
  • 6

Маңғыстау облысының Үздік жыл мұғаліміне миллион теңге табыстады. Сыйақыны Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейдің тарих мұғалімі алды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Ақтауда биыл күзде облыс әкімі мәлімдеген «Білім үздігі – 2017» алғашқы байқауын қорытындылады.

Байқауға 122 педагог пен 33 білім беру ұйымы қатысты. Сараптамалық комиссия ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, қосымша білім беруге, дарынды балалармен жұмысқа және тағы басқаларына ұстаздардың қосқан үлесін бағалады.

«Үздік жыл мұғалімі» аталымында Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейдің тарих мұғалімі Бауыржан Айманов жеңіске жетті.

Тағы он педагог 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы алды. Сонымен бірге, бес білім беру ұйымы ақшалай сыйлықақы алды.

Биыл, әкімдіктің деректері бойынша, облыста 26 балабақша салынды, енді балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 93 %-ды құрады. 2018 жылы облыста тағы тоғыз мектептің құрылысы жоспарлануда, бұл үш ауысымдық оқу мәселесін шешеді.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях