text
MCFR.KZ Образование

Қытайда Қазақстанның білім күні өтті

  • 21 декабря 2017
  • 2

Қытайда Қазақстанның білім күні өтті. Пекин тұрғындарына жоғары оқу орындарымыз бен осы саладағы мүмкіндіктері жөнінде айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрме Қытай астанасының бірлескен университетінде өтті. Іс-шараның мақсаты – қытай жастарын қазақ студенттері қатарына тарту. Қазақстан Орталық Азияда білім орталығын құруды жоспарлауда. Ол үшін өзге елдердің жетекші университеттерімен осы саладағы ынтымақтастықты арттыру керек. Биыл 7 елде Қазақстанның білім күні өтті. Біздің Аспанасты елімен осы саладағы қарым-қатынасымыз берік. Бүгінде Қазақстанда 13 мың шетелдік студент оқиды. Оның 1700-і – Қытайдан келген студенттер. Қытайда білім алып жатқан қазақстандықтар саны 13 000 адамға жетеді.

Көрмеге қатысушылардың айтуынша, осы іс-шарада еліміз жөнінде айтып, білім саласындағы мүмкіндіктермен таныстыруға, студенттерді тартуға және жаңа келісім жасасуға мүмкіндік береді. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях