text
MCFR.KZ Образование

Қазақстандағы тұңғыш музыкалық оқу орны 85 жылдық мерейтойын атап өтті

  • 19 декабря 2017
  • 2

Қазақстандағы тұңғыш музыкалық оқу орны 85 жылдық мерейтойын атап өтті Қазақстандағы тұңғыш музыкалық оқу орны – Петр Чайковский атындағы Алматы колледжі 85 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар24».

Осы жылдары 9 мыңнан астам студент колледжді бітіріп шықты, оның арасында әлемге танымал музыканттар бар: Әлібек Дінішев, Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев, Нағима Есқалиева және тағы басқалары. Осы күннің құрметіне жыл бойы айтулы музыкалық конкурстар өтті.

Абай атындағы опера және балет театрында өткен концерт мерекенің соңғы салтанатты кезеңі болды. Мұнда құрамына колледж білім алушылары мен оқытушылары кіретін хор, симфониялық және халық оркестрлері өнер көрсетті.

Оқу орнының 2018 жылға арналған жоспарына халықаралық және республикалық конкурстарға қатысу, Стамбулға гастрольге бару енгізілген. 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях