text
MCFR.KZ Образование

Мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын ұзарту жоспарлануда

  • 18 декабря 2017
  • 7

Астанада ата-аналар жұмыстан соң балаларын алып үлгеруі үшін мемлекеттік балабақшаларда 19.00-ге дейін істейтін кешкі ақылы топтар ашылады. Бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәйкесінше Алматы мен Қазақстанның өзге өңірлеріндегі білім басқармасы осы мәселені шешуді жоспарлауда. Белгілі болғандай, балаларын балабақшадан алып үлгермейтін ата-аналар осы мәселені бірнеше рет көтерді, себебі олардың көбісінің жұмыс күні 18:00-де аяқталады.

Министр түсіндіріп өткендей, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жұмысқа мониторинг жүргізілді. Мәселені шешу үшін 4962 % мекемеде жұмыс уақытын 10,4 сағаттан 12 сағатқа дейін ұзарту қарастырылуда. Ол үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлу қарастырылуда. Сондай-ақ ата-аналар арасында кешкі топ ашу қажеттілігіне қатысты сауалдама жүргізілуде. Жалпы, ҚР БҒМ деректері бойынша, Қазақстанда 9 844 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішіндегі 7 053 – мемлекеттік мекеме.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях