Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары

405
Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары
Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары
Мектеп ауылдың әлеуметтік ортасының маңызды бөлігін құрайды және одан бөлек дами алмайды. Шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) болашағы ауылшаруашылығы өндірісі мен ауылдың әлеуметтік-мәдени саласының дамуына байланысты.

Ауыл оқушыларының білім алуы шекаралық және ақпараттық оқшаулығына, сонымен қатар оқушылар мен педагогтердің салыстырмалы санының аздығына байланысты ауыл мектептері мен  ауылдың әлеуметтік ортасының ерекшеліктеріне негізделген өзіндік ерекшеліктердің ықпалына қарай жүзеге асады. 

Ауылдың әлеуметтік ортасының ерекшеліктері оның тұйықтығымен, шектілігімен детерминделген: қаламен салыстырғанда тұрғындарының санының аздығымен, олардың «жерге деген сүйіспеншілігімен» және жинақы тіршілігімен, әлеуметтік және өндірістік қатынастардың бірізділігімен, коммуникацияның шектілігімен.

Ауыл мектептерінің оқшаулығы әрбір мектепте «жергілікті шарттардың қайталанбас композициясын» құрады, мектепте тек өзіне тән ерекшеліктер қалыптастырады. Бірнеше мектепте бір уақытта оқыту мүмкіндігінің жоқтығы ауылдың ерекшелігіне жатады. Заманауи ШЖМ әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескеруі тиіс және әр баланың дербестігін айқындауға жағдай жасауы, оның өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етуі, әрбір оқушының денсаулығына, қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне және оның білім алуына деген жанұясының қажеттіліктеріне байланысты оқу жұмысын саралауы тиіс.

ШЖМ терминін баяндаудың отандық педагогикадағы барынша орныққан және көпшілік мойындаған тәсілдеріне сәйкес – бұл бір немесе бірнеше ерекшеліктерімен сипатталатын мектеп:

  • параллель сыныптардың болмауы;
  • бір немесе бірнеше сыныптың болмауы;
  • бастауыш сыныпты бір немесе екі жинақты сыныпқа біріктіру;
  • мектептің ықшамауданының бытыраңқылығы;
  • білім беру кеңістігінің баламасыздығы (қашықта орналасқан ауыл округтерінің әлеуметтік инфрақұрылымында өзге білім беру ұйымдарының болмауы ауыл мектебінің оқушысын қосымша білім алу мүмкіндігінен айырады);
  • мектептерді заманауи жабдықтармен жеткілікті дәрежеде жарақтандырмау;
  • мұғалімдер құрамы санының аздығы;
  • ауыл мұғалімі қызметінің көпфункционалдылығы (оқытудың көппәнділігі мен көпбейінділігі: көптеген мұғалімдер өз мамандығынан тыс пәндерді оқытады);
  • ШЖМ өмірінің ерекше әлеуметтік шарттары көптеген әлеуметтік-педагогикалық функцияларды орындау қажеттілігін негіздеді;
  • табиғи ортамен үйлесімділігі (ШЖМ табиғатпен тікелей шектесу арқылы аталған факторды білім беру үдерісінде қолданудың ауқымды мүмкіндіктеріне әлеуетті түрде ие болады);
  • ата-аналар ұжымы санының аздығы;
  • ата-аналардың төменгі білім шектелімі;
  • «педагогикалық жалғыздық» – жол тораптарының жеткілікті дәрежеде дамымауына және көлік қиындықтарына байланысты мұғалімдердің өз мамандығы бойынша басқа мектеп сабақтарына барынша сирек қатысатын жағдай, яғни өз әріптестерінің тәжірибесін меңгеру мүмкіндігі жоқ;
  • еңбек тәрбиесінің маңыздылығы (тұрғындардың ауылшаруашылығымен айналысуы ауыл балаларының ауылшаруашылығы біліміне, машықтары мен дағдыларына деген сұраныстарын айқындады, ал мектептегі еңбекке баулу және еңбек тәрбиесі жүйесі ауыл оқушысын осындай машықтарға баулыды);
  • халық дәстүрлерімен тығыз байланыс (ШЖМ тәрбие халық дәстүрлерін ескере отырып құрылады).

ШЖМ өзінің жалпы білім беретін қызметтерін орындау үлкен мектептің іс-тәжірибесінде қалыптасқан дидактикалық таптаурындардан ауытқуға байланысты. Оқушылар саны аз сынып жағдайындағы педагогикалық әрекеттестіктің көптеген үздік әдістері мен тәсілдері өз мәнін жоғалтуда, қажетті білім беру және тәрбиенің нәтижесін қамтамасыз ете алмайды, кейде оқушы тұлғасын дамытудың тосқауылына айналады.

Мұғалімге ШЖМ жағдайында мынадай қызметтерді жүзеге асырған жеңілірек

  • оқушылардың темпераментінің түрі мен жүйке жүйесін, даму ерекшеліктерін, бейімділіктері мен қызығушылықтарын, білімі мен машығы деңгейін ескере отырып олармен жеке тіл табысу;
  • оқытудың тұлғалық-бағдарланған тәсілі, бұл ретте қарым-қатынас оқыту мен тәрбиелеу, оқушының ішкі ұстанымын түсіну құралының рөлін атқарады; оқушы мен мұғалім бір-бірін «тыңдайды»;
  • отқушылардың оқу қызметінің іс-тәжірибелік бағытын (ауылшаруашылығы объектілеріне экскурсия жасау, тәжірибе жұмыстарына қатысу және т. б.).

ШЖМ проблемаларын шешудің тиімді жолдарын белгілеу – бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті шарты халықаралық деңгейде вариативтік үлгі ретінде қарастырылады.

ШЖМ өзекті мәселелерін шешуге арналған кешенді іс-шаралар өткізіледі.

«Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аталған мектептердің өзекті мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылған негізгі іс-шара болып табылады. 

«Қазақстандағы шағын жинақты мектептерді дамыту тәжірибесі» тақырыбы бойынша 14 облыста әдістемелік көрмелер ұйымдастырылды, әр аймақ өз тәжірибесімен бөліседі. Ұйымдастырылған іс-шаралар арасынан Ақтөбе облысының ШЖМ мен ресурстық орталықтарының презентациясын атап өтуге болады. 

Аймақтық орталық басшыларымен дөңгелек үстелдер өткізіледі, ШЖМ әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру, аймақтық қызметтік орталықтар мен тірек мектеп-ресурстық орталық жұмысын жоспарлау және жүргізу мәселелері талқыланады.

ШЖМ жұмысындағы барлық қиындықтар инклюзивті (біріктірілген) сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің жетіспеушілігіне байланысты туындады. Сабақтарды ұйымдастыру әр мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби шеберлікті талап етеді.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірге ғылыми-әдістемелік негізде ШЖМ қызметін дамыту мақсатында 14 оқу-әдістемелік кешені мен оқулықтар әзірленді:

  • бастауыш және негізгі ШЖМ инклюзивті сыныптарына арналған оқу бағдарламалары;
  • ШЖМ сыныптарында инклюзивті оқытуды ұйымдастыруға арналған мұғалімдерге арналған қосымша оқулық;
  • оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған дәптерлер.

Инклюзивті сыныптарда сабақ өткізудің тиімді тәсілдері мен әдістерін іріктеу мұғалімнен кәсіби шеберлікті талап етеді.

Біз дайындаған әдістемелік құралдарды қолдану арқылы инклюзивті білім беру мынадай нәтиже көрсетті:

  • оқушылардың әртүрлі сыныпта оқитындығына қарамастан пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға назар аударуға жағдай жасалған;
  • әрбір оқушы білім деңгейі бойынша өзіндік тапсырмаларды орындайды;
  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік жұмыстарды деңгейлеп бөлу;
  • оқушылардың өзара қолдау мүмкіндігі;
  • оқушылар өзара тексеруді, өзін өзі тексеруді, бағалауды жүзеге асырады;
  • жоғары сынып оқушысында төменгі сынып оқушысының жұмысын тексеру және бағалау арқылы өз білімін практикада қолдану мүмкіндігі туындайды.

Ауылдық жердегі ШЖМ біріктіретін тірек мектептер (ресурстық орталықтар (бұдан әрі – РО)) ашу білім беру сапасын арттыру мәселесінің шешімі болып табылады.

Қазіргі кезде біздің облысымызда 6 РО жұмыс істейді.

Мақсаты – 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау.

РО қызметін жетілдіру мақсатында институт тарапынан ШЖМ және РО педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, әдістемелік семинарлар өткізіледі.

Дереккөз:  «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль