MCFR.KZ Образование

Әлеуметтік жанжалдар және оларды шешуге көмек

  • 22 августа 2018
  • 3693

«Жанжал» (лат. confliktus) сөзі тараптардың, пікірлердің, күштердің қақтығысын білдіреді. Қақтығыстарға өміріміздегі әртүрлі қиындықтар себеп болуы мүмкін.

Мысалы  

  • материалдық ресурстарға;
  • құндылықтар мен маңызды өмірлік ұстанымдарға;
  • билік өкілеттіліктерге (басымдық мәселелері);
  • әлеуметтік құрылымдағы мәртебелі-рөлдік ерекшеліктерге (соның ішінде эмоционалды-психологиялық айырмашылықтарға) және т. б. қатысты жанжалдар.

Жанжалдар адам өмірінің барлық саласын, әлеуметтік қарым-қатынастың, әрекеттестіктің барлық жиынтығын қамтиды. Жанжал негізінен әлеуметтік әрекеттестіктің бір түрі, оның субъектілері мен мүшелері жеке тұлғалар, үлкен және шағын әлеуметтік топтар мен ұйымдар болып табылады. Алайда, жанжалды әрекеттестік тараптардың тайталасын, яғни бір-біріне қарсы әрекеттерді білдіреді.

Жанжалдың негізін субъективтік-объективтік қарама-қайшылықтар құрайды, бірақ бұл екі құбылысты теңдестірудің қажеті жоқ. Жанжалдың негізін үйлеспейтін қызығушылықтар, сұраныстар мен құндылықтар себеп болатын қарама-қайшылықтар құрайтындығын естен шығармаған жөн, олар, әдеттегідей, тараптардың ашық тартысына, шынайы тайталасқа айналады.

Тайталас барынша қарқынды немесе аса қарқынды емес болуы мүмкін. Қақтығыстар формасы – күштеу немесе күштеусіз – көптеген факторларға байланысты, соның ішінде жанжалды күштеусіз шешудің шынайы жағдайы мен мүмкіндіктерінің болуына, және тайталасушы субъектілердің қандай мақсатты көздейтініне байланысты.



Жанжал – бұл ашық тайталас, екі немесе одан көп субъектілердің және әлеуметтік әрекеттестік мүшелерінің қақтығысы, оған үйлеспейтін сұраныстар, қызығушылықтар мен құндылықтар себепкер болады.

Сондай-ақ психологияда жанжал «қарама-қарсы бағытталған, бір-бірімен үйлеспейтін беталыстардың, санадағы жеке эпизодтың, жеке тұлғалалардың немесе жағымсыз эмоционалды алаңдаушылықтары ортақ адамдар тобының тұлғааралық әрекеттестігіндегі немесе тұлғааралық қарым-қатынасындағы қақтығыс» деп түсініледі.

Адамдар жанжал туралы ойлағанда олар оны көбіне агрессиямен, қауіппен, даумен, жауласумен, соғыспен және т. с. с. байланыстырады. Нәтижесінде жанжал – жағымсыз құбылыс, және үнемі оның алдын алу және туындаған жағдайда дереу шешу керек деген пікір қалыптасты. Мұндай көзқарас ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебіне жататын және Вебер бойынша бюрократия тұжырымдамасын қолдайтын авторлардың кітаптарында қатаң бақыланады. Ұйымдастыру нәтижелілігіне осы тұрғыдан қарау негізінен лауазымдық тұлғалардың міндеттерін, рәсімдерін, қағидаларын, әрекеттестігін анықтауға және ұтымды ұйымдастырушылық құрылымды әзірлеуге сүйенді. Мұндай механизмдер негізінен жанжалдың туындауына себепкер болатын жағдайларды жояды және туындаған қиындықтарды шешуге қолданыла алады деп саналды.

Жанжалдың жағымды функциялары:

  • адамдар арасында туындаған қарама-қайшылықтарды анықтайды және шешеді және сол арқылы қоғамның дамуына септігін тигізеді; жанжалдарды уақытында анықтау және шешу салдары ауыр маңызды жанжалдардың алдын алады;
  • ашық қоғамда жанжал топішілік және топаралық қарым-қатынастарды тұрақтандыру және ықпалдастыру қызметін атқарады, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді;
  • байланыстар мен қарым-қатынастар қарқынын арттырады, әлеуметтік үдерістерді ынталандырады, қоғамды динамикалық етеді, шығамашылық пен инновацияларды ынталандырады;
  • адамдар жанжалды жағдайда өздерінің, сондай-ақ қарсы тараптың мүддесін нақты түсінеді, қоғам дамуының объективтік мәселелері мен қарама-қайшылықтарын толығырақ айқындайды;
  • қоршаған әлеуметтік орта туралы, бәсекелес құрамның күш әлеуетінің арақатынасы туралы ақпарат алуға ықпал етеді;
  • сыртқы жанжал топішілік ықпалдастық пен сәйкестендіруге септігін тигізеді, топтың, ұлттың, қоғамның бірлігін нығайтады, ішкі ресурстарды жұмылдырады. Сонымен қатар ол достар мен одақтастар табуға көмектеседі және жаулар мен қаскөйлерді анықтауға да көмектеседі.
 

Институтта Жанжалтану орталығы жұмыс істейді. Мұнда облыстық деңгейде төмендегідей бағыттар бойынша дөңгелек үстелдер, диалог-дәрістер, online-сабақтар, оқыту семинарлары өткізіледі:

  • жанжалды жағдайда ымыраға келу жолдарын іздеу;
  • мектептегі жағымды орта баланың әлеуметтену факторы ретінде;
  • педагогикалық жанжалдарды жоюдағы әлеуметтік ынтымақтастық;
  • жанжалды жағдайда келіссөздер жүргізу қағидалары;
  • жанжалды жағдайларды жою және түзету жөніндегі жұмыстар мазмұны;
  • аутодеструктивті мінез-құлық ерекшеліктері;
  • мектептегі жанжалдарды шешу жолдары.

Орталық жұмысы әлеуметтік жанжалдар мен алауыздықтарды шешуге машықтандыруға, тұлғалық даму ерекшеліктеріне сәйкес барлық мектеп түрлерінің басшылығы мен педагогикалық ұжымына көмек көрсетуге, тәрбиеге ықпал ететін әлеуметтік жағдай жасауға бағытталған.

«Педагогикалық жанжалдарды шешу орталығының» мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының жұмысы азаматтық қлғамдағы жанжалды жағдайлардың оң, құрылымдық шешімдерін іздеуге көмек көрсетуге, жұмыс әдістерін таратуға, іс-тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған.

Алға қойылған мақсаттарға төмендегі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:

  • жанжалтану саласындағы ақпаратты, әлемді тәжірибені, өзге мамандардың осы бағыттағы жұмысының ерекшеліктерін талдау;
  • жанжалды жағдайларды реттеу бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен бірлесе жұмыс жасау;
  • мәмілеге келу жолын іздеуге көмек көрсету;
  • жанжал психологиясы мен азаматтар құқығы саласында біліктілікті арттыру мақсатында іс-шаралар өткізу;
  • әдістемелік ұсынымдар шығару және тарату арқылы орталықтың жұмысын қорытындылау.

Далай Лама былай деген екен: «Біз әлдекімге қарсы шығып онымен жанжалдасамыз, және де міндетті түрде оның жеңімпазы және жеңілушісі міндетті түрде анықталуы  тиіс немесе біреуінің намысына тию керек деп ойлаймыз. Алайда бәрін осы қалпында қабылдамайықшы. Үнемі арамыздағы ортақ нәрсені іздеуге тырысайықшы. Жетістіктің құпиясы бастапқыдан-ақ қарсыласыңның көзқарасына қызығушылық танытуда жатыр емес пе. Бұл бәріміздің қолымыздан келетініне мен сенімдімін». 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Әлеуметтік жанжалдар және оларды шешуге көмек
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Әлеуметтік жанжалдар және оларды шешуге көмек

Дереккөз: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться