MCFR.KZ Образование

Қалыптастырушы бағалау

  • 21 января 2019
  • 2975
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау

Оқу үдерісін және сыныпішілік бағалауды қадағалау және талдау оқушылардың сәтті оқуына, ал мұғалімдердің тиімді оқытуына мүмкіндік береді; оқушылар мен мұғалімдерді оқудың қалай іске асып жатқанын үздіксіз қадағалауға тартады.

Оқу үшін бағалау – бұл оқушылар мен олардың мұғалімдері оқушылардың оқуда қаншалықты ілгерілегенін, қайда жылжу керектігін және оны қалай жасауға болатынын шешуге қолданатын деректерді іздеу және интерпретациялау үдерісі.

Бағалау – ары қарай оқу туралы шешімдер қабылдау мақсатында оқу нәтижелерін жүйелі жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеуге қолданылатын санат. Бағалаудың барлық түрі ортақ сипатқа ие және мынадай үдерістерді ұсынады

  • қадағалау;
  • алынған деректерді интерпретациялау;
  • ары қарайғы іс-қимылды белгілеуге арналған қорытындылар.

Баға – мақсаттарға, нәтижелерге жету деңгейін және жетілдіруге арналған іс-қимылды анықтау.

Бағалау механизмі

    • Білім беру бағдарламасының мақсаттары, нәтижелері
    • Баға
    • Орындаудың өлшенетін өлшемдері
    • Бағалау
    • Қызмет түрлері

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

Н. Д. Козарезова,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.
Жақын аралықта мынадай сұрақ келіп түсті: балабақшада бейнебақылауды орнатуға бола ма? Жасырын бейнекамераны орнатуға болмайды, ал қарапайым бейнекамераны жеңіл орнатуға болады. Біз сіздер үшін «Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау» мақаласын әзірледік. Журналдың https://e.rukdo.mcfr.kz/ электрондық нұсқасынан "Балабақшадағы бейнебақылау туралы бұйрықты", "Балабақшаның үй-жайлары мен аумағында бейнебақылауды жүргізу тәртібі туралы ережені" жүктеп ала аласыз.

Сыныпішілік бағалаудың сипаттамалары

Сыныпішілік бағалаудың (бұдан әрі – СБ) негізгі сипаттамалары:

  • оқыту және оқу үдерісіне кіріктірілген және оның маңызды бөлігі болып табылады;
  • мұғалімдердің және оқушылардың оқу мақсаттарын талқылауы мен жалпы мойындауын болжайды;
  • оқушыларға өздері жетуі тиіс оқу стандарттарын түсінуге көмектесуді көздейді;
  • оқушыларды өзін өзі бағалауға немесе серіктестік бағалауға тартады;
  • оқушылардың оқуда келесі қандай қадамдар жасауы тиіс екендігін түсінуге септігін тигізетін кері байланысты қамтамасыз етеді;
  • әр оқушы жетістікке жете алатынына сенімді нығайтады;
  • мұғалімді де, оқушыны да бағалау деректерін қарастыру және рефлексия үдерісіне тартады.

Оқу үдерісін және СБ қадағалау және талдау оқушылардың сәтті оқуына, ал мұғалімдердің тиімді оқытуына мүмкіндік береді; оқушылар мен мұғалімдерді оқудың қалай іске асып жатқанын үздіксіз қадағалауға тартады. Бұл педагогтарға өздерінің оқытушы ретінде қаншалықты тиімді екендігі туралы ақпарат беретін, ал балаларға оқушылар ретінде қаншалықты ілгерілегенін көрсететін кері байланыспен қамтамасыз етеді.

СБ әр мұғалімге өз оқушыларының қаншалықты жақсы оқитыны туралы ақпарат алуға көмектеседі. Педагогтар алған кері байланыстың негізінде оқытуды балалар барынша белсенді әрі нәтижелі оқитындай етіп қайта бағдарлай алады.

Оқытушылар СБ қолдана отырып, өздерінің:

  • оқушының қалай оқитынын және оны қалай жақсы оқытуға болатынын түсіну;
  • өз оқушыларына өзіндік бағасын, өзін өзі анықтау мен өзін өзі ұйымдастыруды дамытуға көмектесу қабілеттері мен машықтарын дамытады.

Бұл оқытушының да, оқушылардың да оқу жұмысын барынша нәтижелі етеді.

Бағалаудағы орталық кезең – мұғалімдерге де, оқушыларға да оқу (оқыту) қызметінің сапасын жетілдіруге көмектесу.  Бұл СБ-ды оқу үшін бағалау ретінде анықтаудан тұрады.

Сыныпішілік бағалау

  • Оқушыға  лайықталған – оқытуды емес, керісінше оқуды қадағалауға және жақсартуға мұғалімнің және оқушының назарын барынша аударады. Ол оқушыға және мұғалімге оқуды жақсарту мен дамыту туралы шешім қабылдайтын ақпарат береді.
  • Мұғалім бағыттайды – мұғалімнің автономиясын, академиялық еркіндігін және жоғары кәсіпқойлығын болжайды, себебі ол нені бағалау керектігін, бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты қалай және қандай деңгейде қабылдау керектігін болжайды. Бұл ретте мұғалім өз сыныбынан өзге біреулермен бағалау нәтижесін талқылауға міндетті емес.
  • Жан-жақты нәтижелі – оқуға тоғыстырылған және оқушылардың белсене қатысуын талап етеді. Оқушылардың бағалауға қатысуының арқасында оқушылар материалға тереңдеп енеді және өзіндік бағалау дағдыларын дамытады, олардың оқу уәждемесі артады, балалар өздерінің оқуда жетістікті болуына көмектесуге оқытушылардың қызығушылығын көреді. Мұғалімдер үнемі өздерінен мынаны сұрайды: «Мен өз оқушыларыма қандай маңызды білім мен машықтарды беруге тырысамын? Олардың осыны үйренгенін мен қалай анықтай аламын? Мен олардың жақсы оқуына қалай көмектесе аламын?». Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істесе, ол өзінің оқытушылық дағдыларын жетілдіреді және өз қызметін жаңаша түсінеді.

Сыныпішілік бағалаудың мақсаты – баға қою негізін қамтамасыз ету емес, керісінше оқу сапасын жақсарту.

СБ мынадай ережелерге негізделеді:

  • оқу сапасы тікелей оқыту сапасына байланысты;
  • оқуды жетілдіру – бұл оқытуды жетілдіру;
  • мұғалім өз мақсаттары мен міндеттерін сипаттауы, кейін оны олардың қандай деңгейде іске асырылғаны туралы ақпаратпен қамтамасыз етуші кері байланысты реттеуі тиіс;
  • оқушылар уақытында және толықтай сәйкес кері байланысты алуы, сондай-ақ олардың қалай оқитынын өз бетімен бағалауға машықтануы тиіс,
  • бағалау формасы – бұл сыртқы сарапшылар емес, керісінше оқыту барысында туындайтын міндеттер мен мәселелерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру үшін  мұғалімдердің өздері өткізетін бағалау;
  • зияткерлік ізденіске жүйелі қатысу – бұл оқытушылар құрамы үшін уәждеменің, өсу мен жаңарудың күшті қайнар көзі;
  • СБ мамандандырылған дайындықты талап етпейді – оны кез келген пәннің білікті оқытушысы өткізе алады.

Әріптес оқытушылардың ынтымақтастығы және СБ-ға оқушыларды белсенді тарту мұғалімдердің де, оқушылардың да оқу қызметінде ілгерілеушілікке жетуіне әкеліп соғады және осы жұмыстан жеке қанағаттанушылық алады.

СБ артықшылықтары

Мұғалімдер үшін:

  • оқу үдерісін түзету мүмкін кезеңдерінде шағын кері байланысты қамтамасыз етеді;
  • стандартты тесттермен, бақылау жұмыстарымен және т. б. салыстырғанда аз уақыт жұмсау арқылы оқу үдерісі туралы ақпарат береді;
  • балалармен жақсы байланыс орнатуға көмектеседі және оқыту мен оқу нәтижелілігін арттырады;
  • оқытуды кері байланыстың көмегімен дамитын қалыптасушы үдеріс ретінде көруге мүмкіндік береді. 

Оқушылар үшін:

  • өзіндік оқу үдерісін қадағалауға мүмкіндік береді;
  • оқытушының, әсіресе балаларда жиі туындайтын құпиялылық, көзге түспеу сезімін жояды;
  • оқытушының оқудың қалай өтіп жатқанына алаңдайтынын растайды;
  • жұмыс тәсілдерін өзгерту, өзіндік оқу стилін түзету керектігін көрсетеді.

СБ техникаларын пайдалану болашағы мұғалім мен оқушының алға қойылған оқу мақсаттарын іске асыруға қалай жылжитынын анықтауға мүмкіндік беретін құралға айналдыруынан тұрады.

СБ мұғалімге келесі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:

  • Менің оқушыларым алға қойылған мақсаттарына қандай дәрежеде жетті?
  • Ағымдағы тақырып үшін сабақ уақытын қалай бөлу керек?
  • Мен осы тақырыпты барынша нәтижелі өткізе аламын ба?
  • Курстың қандай бөлімдерін оқушылар барынша маңызды деп санайды?
  • Мен осы курсты келесі жолы өткізгенде оны қалай өзгерте аламын?
  • Оқушыларға қандай баға қоюға болады?

Бағалау оқушылардың мынадай сұрақтарына жауап береді:

  • Мен оқытушының нені барынша маңызды деп санайтынын білемін бе?
  • Мен курс материалын меңгердім бе?
  • Мен өзімнің оқу тәсілімді қалай жақсарта аламын?
  • Осы курс үшін мен қандай баға аламын? 

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться