Справочник руководителя образовательного учреждения

Балабақша әдіскерінің жұмысын құжаттау

  • 7 марта 2019
  • 29846
Әдіскер
Әдіскер

Балабақшадағы педагог кадрлармен әдістемелік жұмыс біртұтас педагогикалық үдерісті ғылыми басқару, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру және олардың шығармашылық белсенділігін дамыту құралы рөлін атқарады.

Бұл мақаладан мынаны біле аласыз:

МДҰ-ғы әдістемелік жұмысты ұйымдастырушы, үйлестіруші әдіскер болып табылады.

Әдіскердің жұмысы

Әдіскердің жұмысы қос тілде (қазақ және орыс) жүргізілетін құжаттамада көрініс табады және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес келуі тиіс.

Нормативтік құқықтық құжаттар дестесі: «ҚР Конституциясы», «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заң», «ҚР Білім туралы заң», «ҚР Тілдер туралы заң», «ҚР Бала құқықтары туралы заң», «Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидалары», «Мемлекеттік білім беру стандарты», «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары» және басқалары.

Оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспары

Түсіндірме жазбада білім беру қызметінің барлық маңызды сәттері көрініс табады:

  • ұйымның негізгі нормативтік құжаттары көрсетіледі;
  • жас ерекшелігі топтарының саны бойынша, олардың қызметтерінің ерекшелігі бойынша (логопедтік, офтальмологиялық, жаппай, әртүрлі жас) түсініктеме беріледі;
  • оқу тілі көрсетіледі;
  • оқу жүктемесі (МЖМБС-на сәйкес);
  • вариативтік бөлік қалай орындалады;
  • балалар балабақшада қай тілді меңгереді;
  • балалардың физикалық дамуы қалай жүзеге асырылады (дене шынықтыру сабақтары, жүзу);
  • педагогикалық ұжым қандай білім беру-дамыту бағдарламалары бойынша жұмыс істейді.

Әр жас тобына білім беру салалары, бөлімдері және МЖМБС-на сәйкес апталық сағаттық жүктеме көрсетілген кесте әзірленеді. Оқу жұмыс жоспарын ұйым директоры және қалалық білім бөлімі бекітеді.

Жылдық жоспар

Жылдық жоспар – бүкіл білім беру-тәрбие жұмысы жүргізілетін құжат. Оны балабақша директоры мен әдіскері педагогтардың белсенді қатысуымен әзірлейді. Мұнда ұйым туралы (ашылған жылы, топ саны, олардың толықтырылуы, жобалық күші, жұмыс бағыттары, педагогтар саны) ақпараттық анықтама беріледі, материалдық-техникалық база сипатталады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жылдық міндеттеме бойынша өткен оқу жылындағы жұмысқа талдау жасалады (барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды ма және қаншалықты сәтті шықты), жұмыстың мықты және әлсіз тұстары айқындалады, алдағы оқу жылында жұмысты жақсарту жолдары белгіленеді.

Кадрлармен жұмыс бойынша талдау өткізіледі: педагогтардың өз бетімен білім алуы және БАИ-да біліктілікті арттыру бойынша. Педагогтарды аттестаттау бойынша, олардың шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша (педагогикалық байқауларға қатысу, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар шығару, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу) пайыздық арақатынасы көрсетіледі, тәрбиеленушілердің жетістіктері көрсетіледі (балалар байқауына қатысу, алған орындары).

«ҚР Тілдер туралы заңды» орындау бойынша жұмыс: балалармен, педагогтармен, ата-аналармен бірге осы бағытта қандай іс-шаралар өткізілді (байқауларға қатысу, викториналар, шеберлік сыныптары, ашық іс-шаралар, ҚР-ның мерзімдік басылымдарына жазылуды ресімдеу және т. б.). Қорытынды жасалып,  ортақ тұжырымдар мен қорытындылар жасалады, қандай жұмыс түрінің барынша нәтижелі, ал қайсысының әлсіз болғаны белгіленеді.

Ары қарай жаңа оқу жылына арналған міндеттер және оның орындалуына ықпал етуші іс-шаралар жоспары – ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс көрсетіледі. Бұл ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар, консультациялар, педагогикалық сағаттар, семинар-практикумдер, шеберлік сыныптары, педагогикалық кеңестер, мұнда көтерілген мәселе терең зерттеледі, педагогтардың жаңашыл тәжірибелері зерделенеді және т. б. Жылына 5 педагогикалық кеңес өткізіледі: бастапқы, тақырыптық және қорытынды. Міндетті түрде педагогикалық кеңес туралы ереже болуы тиіс.

 Айлық жоспар

Әдіскер айлық жоспар әзірлейді, мұнда педагогикалық ұжымның мынадай бөлімдер бойынша негізгі тәрбиелік-білім беру іс-шаралары көрініс табады: «Бақылау және басқару», «Кадрлармен жұмыс», «Әдістемелік жұмыс», «Балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы», «Балалар өмірін және денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар», «Ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар», «Ата-аналармен жұмыс», «Мектеппен өзара байланыс», «Шаруашылық-әкімшілік жұмыс». Әр бөлімде осы айда жоспарланған іс-шаралар көрсетіледі (консультация, көрме, қуыршақ театры, денсаулық күні және т. б.), өткізілетін күні көрсетіліп, жауаптылар белгіленеді. Бұл жоспарланған жұмыс көлемін уақытында және сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық кеңес хаттамалары балабақша әдіскерінің құжаттамасына жатады және оған хатшы мен директор қол қояды. Педкеңестер хаттамалары дәптері тігулі, бау өткізілген және нөмірленген болуы тиіс. Хатшы жалпы дауыс беру арқылы 1 жылға сайланады және директордың бұйрығымен бекітіледі.

Бақылау және басқару

Бақылау және басқару – бұл білім беру және тәрбие үдерісінің сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары. Әр оқу айына директор мен әдіскерге арналған бақылау саласы таңдалады (тәрбие немесе білім беру). Бұл оқу қызметінің түрі, еңбек қызметі, бейнелеу қызметі, шынықтыру, серуендеу және т. б. болуы мүмкін.

Басшының бірі білім беру саласын, өзгесі тәрбие саласын бақылауға алғаны ұтымды. Бақылау объектісі белгіленеді – нақты жас топтары немесе нақты педагогтар. Жасы бірдей екі топтың арасында салыстырмалы бақылауды жоспарлауға болады.

Бақылау қадағалау әдісімен өткізіледі. Барлық мәліметтер бақылау картасына жазылады, талдау жасалады, әлсіз тұстары айқындалады. Бақылау нәтижелерімен педагогтарды таныстырады, әлсіз тұстарының себептерін анықтайды, оларды жою жолдарын ұсынады.

Балаларға білім беру сапасының нәтижелері мектепке дейінгі балалардың білімдеріне, машықтарына, дағдыларына мониторинг жүргізу арқылы қадағаланады. Топтың барлық балаларына әр білім беру саласы бойынша жылдың басында, ортасында және соңында үш деңгей бойынша білімді меңгеруіне талдау жасалады: «біліксіз», «барынша білікті» және «білікті». Білім беру саласы бойынша әлсіз тұстары және олардың себептері айқындалады, оларды жою жолдары әзірленеді.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша құжаттар:

  • аттестатталушы педагогтармен жұмыс жоспары;
  • аттестатталушы педагогтардың сабаққа қатысу кестесі;
  • аттестатталушы педагогтардың өтініштері;
  • педагогтарды 5 жылға аттестаттау кестесі;
  • аттестатталушы педагогтардың деректер банкі;
  • аттестаттау комиссиясы мәжілістерінің хаттамалары.

Ата-аналармен жұмыс – ата-аналармен ай сайынғы жұмыс бойынша іс-шаралардың жылдық жоспарынан тұратын құжаттама, оған барлық ата-аналар жиналыстары, ата-аналармен бірге өткізілетін ойын-сауық іс-шаралары, консультациялар, ұсынымдар, ата-аналармен әңгімелесулер, байқаулар, викториналар, сауалнамалар мен тесттер, еңбек десанттары, экскурсиялар және жорықтар. Барлық құжаттама бір дестеге жиналады.

Әдістемелік жұмыс озық сипатқа ие болуы тиіс және педагогика және психология ғылымының жаңа жетістіктеріне сәйкес бүкіл тәрбие-білім беру үдерісінің дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта «Тәлімгерлік мектебі» немесе «Жас тәрбиеші мектебі» ұйымдастырылады.

Құжаттамаға

  • тәлімгерлік туралы ереже;
  • жас педагогтармен жұмыс жоспары (консультациялар, әңгімелесулер, ашық іс-шаралар көрсетілімі, ойын-сауықтар, қолөнер байқауы, көрмелер және т. б.);
  • өзара сабаққа қатысу карталары (тәлімгер жас маманның жұмысын, ал жас маман тәлімгердің жұмысын қадағалайды);
  • жаңадан келген педагогтардан сауалнама алу, тестілеу;
  • педагогтардың кәсіби машықтарының салыстырмалы межесі кіреді.

Шығармашылық топ байқаулардың, сайыстардың ережелерін әзірлейтін, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыратын, озық ой үлгісі болып табылатын тәжірибелі педагогтардан құралады. Құжаттамада шығармашылық топ туралы ереже, әзірлемелердің құжаттары, тексерулер, байқаулар мен сайыстар бойынша талдау парақтары болады.

Әдістемелік жұмыстың мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесінде алатын орны ерекше, педагог тұлғасын белсендіруге, оның шығармашылық қызметін дамытуға септігін тигізеді. Оның барлық нысандары тәрбиешілердің біліктілігін және шеберлігін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» 

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ