MCFR.KZ Образование

Әдістемелік жұмыс

  • 1 февраля 2019
  • 726

Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсетуші еңбек саласының білікті мамандарын дайындауға бағытталған.

ХХІ  ғасыр жастары бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби білімдермен қаруланған, мәселелерді өз бетімен шеше білуі тиіс.

Кәсіптік және техникалық кадрларды дайындауға мемлекет ерекше көңіл бөледі.

Әдістемелік жұмыс (бұдан әрі – ӘЖ) колледжді басқару жүйесінде ерекше орынға ие және педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметін жетілдіруге, оқушылардың зияткерлік, мәдени және адамгершілікті әлеуетін жан-жақты дамытуға қажетті педагогикалық құралдарды апробациялау мен енгізуге бағытталған.

ӘЖ мақсаты:

Міндеттері:

  • жалпы әдістемелік және жекелей әдістемелік технологияларды жетілдіру;
  • білім саласындағы нормативтік құжаттардың, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың талаптарына сәйке оқу пәндерін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • заманауи талаптарға сай келетін оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеу;
  • оң озық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;
  • колледждің оқытушылар құрамының жалпы педагогикалық мәдениетін көтеру.

Мазмұны:

  • әртүрлі формадағы озық педагогикалық және басқару тәжірибесін іздеу, жалпылау, талдау және енгізу;
  • аттестаттау механизмі арқылы педагогтердің өз бетімен білім алуын және өзін өзі дамытуын әдістемелік сүйемелдеу;
  • білім беру мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін әзірлеу, талдау және енгізу;
  • тестілік және диагностикалық базаны енгізу арқылы колледждің білім беру үдерісіне мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу;
  • ағартушылық қызмет және педагогтерді ақпараттық қолдау.

Қағидаттары:

  • ғылымилық – ғылыми ізденіс үшін машықтар мен дағдыларды дамыту арқылы;
  • субъектілік – әр педагогтің мектептің инновациялық-білім беру қызметіне белсене араласуы;
  • сараланған тәсіл – педагогтердің, шығармашылық топтардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
  • жүйелілік – білім беру үдерісіне қатысушылардың мақсаттарының, міндеттерінің, жұмыс формаларыныңң, әдістерінің біртұтастығы;
  • жариялылық – педагогтің кәсіби тәжірибесін әртүрлі білім беру деңгейінде таратуға және жалпылауға қабілеттілік.

Оқытушының әдістемелік жұмысының түрлері мен бағыттары

  • Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендері – оқу-әдістемелік құжаттардың белгілі жиынтығы, олардың  көмегімен оқытушының педагогикалық қызметін сипаттауға болады.
  • Әдістемелік әзірлеме – жеке тақырыпты, бөлімді немесе жалпы оқу пәнін меңгеру әдістемесі – студенттерді оқыту әдістемесі мен ұйымдастырылуын ашады.
  • Әдістемелік ұсыныстар – әдетте оқытушыға көмек ретінде құрастырылады.
  • Әдістемелік нұсқаулар – зертханалық, іс-тәжірибелік жұмыстарды орындау, курстық және дипломдық жобалау, әртүрлі өндірістік іс-тәжірибеден өту бойынша көбіне студенттерге көмек ретінде әзірленеді.
  • Дидактикалық материалдар – студенттер мен оқытушыларға арналған тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, іскер ойындар, өндірістік жағдайлар жинағы.
  • Оқу бағдарламалары.
  • Сын-пікірлер және т. б.

Жұмысты сапалы ұйымдастыру және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында колледжде төмендегідей әдістемелік бірлестіктер құрылды:

  • жаратылыстану-математикалық;
  • гуманитарлық цикл;
  • дене шынықтыру және АӘД;
  • қызмет көрсету және бизнес;
  • құрылыс;
  • энергетика;
  • бағдарламалау және радиотехника;
  • тәлімгерлер.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары

  • Өз бетімен білім алу, колледждің әдістемелк қызметінің жұмысына, облыстық, аймақтық және республикалық біліктілікті арттыру институттарының жұмысына қатысу арқылы біліктілікті арттыру.
  • Әдістемелік кеңес.
  • Әдістемелік жиналыстар.
  • Жас педагог мектебінің жұмысы.
  • Педагог қызметкерлерді аттестаттау.
  • Оқытушылар жұмысының инновациялық тәжірибесін меңгеру, жалпылау және тарату.
  • Пән апталықтары мен олимпиадалар, педагогикалық шеберлік конкурстары.
  • Ғылыми-практикалық конференциялар (оқытушылар мен студенттер).
  • Әдістемелік пәндік және циклдік комиссия (бұдан әрі – ПЦК) жұмысы.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Әдістемелік кабинетте әр оқытушыға арналған жинақтау дестесі (портфолио) бар, мұнда зерттеу жұмыстары, баяндамалар, мақалалар, ғылыми жобалар, оқу-әдістемелік жарияланымдар және т. б. жинақталған.

ПЦК жұмысы туралы барлық ақпарат осында шоғырланған: жұмыс жоспарлары, мәжіліс хаттамалары, өткізілген іс-шаралар туралы есептер және оларға қосымша материалдар, фоторепартаждар және рефераттар. Педагогикалық тәжірибесіз оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетуге арналған материалдарға баса назар аудару керек: ПЦК туралы ереже, сабақ жоспарлары, сабаққа талдау жүрізу әдістемесі, оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестелері және басқа да инструктивтік-әдістемелік әзірлемелер.

Үдемелі технологияларды меңгеру және қолдану, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің шеберлігін, шығармашылық қызметін көтеру мақсатында жыл сайынғы «Үздік пән мұғалімі», «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы», «Үздік өндірістік оқыту шебері», «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» колледжішілік конкурстарының өлшемдері әзірленді. Конкурс нәтижелері БАҚ-да жарияланады. Осылайша ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс оқу сапасын арттыруға маңызды рөл атқарады.

Өз бетімен білім алу тақырыптары бойынша оқытушылардың жұмысы, сонымен қатар курстық дайындықтан жоспарлы түрде өту ұйымдастырылды. Осы мақсатта бөлім бойынша курстық қайта дайындаудың перспективалық жоспары әзірленді.

Колледж оқытушылары өз жұмысының іс-тәжірибесінде мынадай педагогикалық технологияларды қолданады: модульдік, сыни ойлау, жобалау, әртүрлі деңгейлі оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Озық педагогикалық тәжірибені (бұдан әрі – ОПТ) – педагогикалық іс-тәжірибенің «алтын қорын» зерттеу, жалпылау, тарату және енгізу ауқымды рөл атқарады.

ОПТ мәні оқу-тәрбие үдерісінде тұрақты түрде жоғары нәтижеге әкелетін жекешелендірілген педагогикалық жүйе ретінде анықталады.

ОПТ – сапаны арттыру жолдары мен құралдарын және оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тиімділігін шығармашылық іздестіру барысында айқындалған және қолданылған педагогикалық қызметтің жаңа бірегей формалары, әдістері, құралдары, тәсілдері.

Кәсіптік оқыту үшін қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспеуіне байланысты колледжде шығармашылық топ ұйымдастырылды.

Мақсаты – кәсіптік оқыту бойынша қазақ тілінде оқулықтар шығару.

«Фолиант» баспасы шығарған және республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында қолданылатын «Электромонтер», «Тігінші, пішуші, модельер», «Жылу техникаларын жөндеу және пайдалану», «Ағаш-шебері» оқулықтарының шығарылуы шығармашылық топ жұмысының нәтижесі болып табылады.

«Құрылыс шебері», «Түйіспелі тораптардың электромонтері» оқулықтарын шығару колледждің жоспарында.

Кәсіптік оқыту сапасын арттыру жұмысында колледж үшжақты шарт жасасқан және оқушылар өндірістік іс-тәжірибеден өтетін және арнайы екіжақты комиссия шешімімен VІ–V разрядты жұмысшы біліктілігін алатын әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастықтың алатын орны ерекше. Олардың арасында «Бек и К» ЖШС, «Асар» ЖШС, «КЭТТК», «Кызылордаэнергосбыт» АҚ, «Сұлтан сүйрік» ательесі, «Қыз жібек», «Ақниет», «Байқоңыр» дәмханалары мен мерамханалары; «Қызылордажылуэлектрорталығы», «КСМиК» және т. б.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться