Балабақшада денсаулық сақтау технологиялары

3674
Денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулық сақтау технологиялары
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына байланысты.

Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін қамтамасыз ету.  

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске асыру» жобасы

Сипаттау керек: денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі балаларды сауықтыру жобасын.

Әзірлеу керек: денсаулық сақтау технологияларын қолдану әдістемесін.

Объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық тәрбиелеу.

Пәні: физикалық дайындық деңгейі мен мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық көрсеткіштері.

Жұмысты зерттеу әдістерінен бастадық: сауалнама, әңгімелесулер, тестілеу.

Тақырыптың көкейкестілігі: XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.

Болашағы: егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі.

Жобаның мақсаты: балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту.

Ғылыми-әдістемелік негіздеме: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемстандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жаңашылдық: денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі.

Міндеттері:

  • балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша балабақшаның сапалы педагогикалық жұмысын қамтамасыз ету;
  • оқытуға денсаулық сақтау технологияларын енгізу;
  • сауықтыру орталықтарымен сабақтастық;
  • ата-аналармен ынтымақтастық.

Жобаны іске асыру кезеңдері

Жобалау: балабақшаның материалдық-техникалық базасын дайындау (медициналық кабинет, дене шынықтыру залы, бассейн, топта – нормаларға сай бұрыштар), жобаның мақсаттарымен танысу.

Жұмыс формалары

Күн тәртібінде өткізу уақыты

Өткізу әдістемесінің ерекшеліктері

Жауаптылар

Уақыты

1

Пияз және сарымсақ байламы

Жұқпалы аурулардың алдын алғанла қолданады, топта өткізіледі

Топты таңғы желдеткеннен кейін сарымсақ пен пиязды тазалап, шкафтарға және үстелдерге қояды

Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі

07:00–07:30

2

Таңғы гимнастика

Күнделік музыка және дене шынықтыру залдарында, топтарда. Барлық жас топтары

Кешендер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады

Тәрбиеші

08:15–08:30

3

Оксолинді жақпа майы

Таңертең балаларды қабылдағанда немесе таңғы гимнастикадан кейін қолданады

Таңертең балаларды қабылдағанда ата-аналар немесе осы топтың тәрбиешісі балалардың мұрындарының шырышты қабығына жақпа майды жағады

Ата-аналар, тәрбиеші, медбике

07:30–09:00

4

Дене шынықтыру сабақтары

Аптасына 2–3 рет спорт немесе музыка залдарында

Сабақтар МДҰ жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес өткізіледі. Сабақтың алдында ғимаратты жақсылап желдетіп алу керек

Тәрбиеші, дене шынықтыру жетекшісі

Балалардың жас ерекшілктері: кіші жас – 15–20 минут, ортаңғы – 20–25,

ересек – 25–30

5

Динамикалық үзілістер

Сабақ кезінде 2–5 минут. Балалардың шаршауына қарай 2-ші кіші топтан бастап

Шаршаудың алдын алу ретінде барлық балаларға ұсынылады. Дене шынықтыру минуткаларының кешені көзге арналған гимнастикалардың, тыныс алу гимнастикаларының элементтерінен және сабақтың түріне қарай өзге гимнастика элементтерінен құралады

Тәрбиеші

Күні бойы

6

Табиғи шырын

Күнделікті екінші таңғы ас, дәрумендендіру

Барлық топтар

Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшілері

10:00–10:30

7

Серуендеу, қимылды және спорттық ойындар

Күнделікті барлық жас топтарына

Ойындар баланың жасына, өткізу орны мен уақытына сәйкес таңдалады. Тек спорттық ойындардың элементтері қолданылады

Дене шынықтыру жетекшісі

10:00–12:00

8

Йодомарин

Барлық топтарда қолдану: йод жетіспеушілігіне байланысты аурулардың алдын алу (тағайындалымы бойынша)

Дәрі қадағалаумен беріледі

Тәрбиеші, медбике

Таңертеңгі кезде

9

«Дәмді тағам»

Күніне 4 реттік тамақтандыру, баланың организміне қажетті: ет, балық, бауыр, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер

Азық-түліктер бекітілген кесте бойынша беріледі

Директор,

медбике, қоймашы, тәрбиешілер

4 реттік тамақтандыру

10

«Тәтті ұйқы»

Әр топта күн тәртібі бойынша

Балаларды ұйықтатқанда және оятқанда тыныш музыканы қолдану

Тәрбиешілер

Күннің 2-ші жартысында

11

Ойын сағаты (сергітуші гимнастика)

Күнделікті күндізгі ұйқыдан кейін, 5–10 минут.

1-ші және 2-ші кіші топтар

Өткізу формасы әртүрлі: төсектердегі жаттығулар, кеңінен жуыну; ойлы-қырлы тақтайлармен жүру; ғимараттардағы температура айырмашылығымен жатын бөлмеден топқа жеңіл жүгіру. Қимылды ойындардан, ойын жаттығуларынан, негізгі қимылдардан тұратын кешен

Тәрбиешілер

Ұйқыдан кейін

12

Қолға және тыныс алу органдарына арналған жаттығулар

Шарды, массаж добы мен ширатылған жіп қолданады

Шынықтыру рәсімдерінен кейін қолданады

Тәрбиешілер

Күннің 2-ші жартысында

13

Түзетуші гимнастика

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының әртүрлі формаларында

Өткізу формасы алға қойылған міндеттер мен балалар контингентіне байланысты

Тәрбиешілер, дене шынықтыру жетекшісі

Күні бойы

14

Саусақ гимнастикасы

Кіші жастан бастап күнделікті жеке немесе кіші топпен және топпен бірге

Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде қиындықтары бар балаларға. Кез келген ыңғайлы уақытта өткізіледі

Тәрбиешілер, логопед

Бос уақытта

15

Ревит. Поливит. Дәрумендендіру

Кіші жастан бастап, балаларға таңертеңгі уақытта беріледі

Дәрумендерді ересектердің қадағалауымен береді

Тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі,

Медбике

Күннің 1-ші жартысында

Іс-шаралар педагог-психологтың қатысуымен өткізіледі

1

Дене шынықтыру шаралар, мерекелер

Жартыжылдықта 1 рет дене шынықтыру және музыка залдарында, топта, серуендегенде, кіші жастан бастап

Белсенді демалыстың тиімді формасы. Физикалық қасиеттерді дамытады, әлеуметтік-эмоционалды дамуды қалыптастырады

Дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, тәрбиешілер

Күні бойы

2

Ритмопластика

Тамақ ішкеннен кейін аптасына 2 рет 30 минуттан, ортаңғы топтан бастап. Ритмика музыка және дене шынықтыру залдарында бәрімен бірге өткізіледі

Мүмкіндігіне қарай барлық балаларға ерекше назар аудару керек

Хореограф

Аптасына 1 рет

3

Жүзу, жуыну

Аптасына 1 рет бассейнге шығу, ересек мектепке дейінгі жастан бастап

«Спорттық жаттығулар, жүзу» бағдарламасының бөлімі

Жүзу бойынша нұсқаушы, тәрбиешілер

Жаз

4

Арт-терапия

10–12 сабақтық сеанстармен 30–35 минуттан.

Ортаңғы топпен

Тәрбиешілер, аға медбике, дене шынықтыру жетекшісі

Тәрбиешілер

Күннің 1-ші жартысында

5

Музыкалық әсер ету технологиясы

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының немесе жеке сабақтардың әртүрлі формасында алға қойылған мақсаттарға қарай айына 2–4 рет

Өзге технологиялардың бөлігі ретінде қосалқы құрал ретінде қолданылады; шиеленісті басу үшін, эмоционалды көңілді көтеру және  т. с. с.

Барлық педагогтар

Екі аптада 1 рет

6

Ертегі терапиясы

Ересек жастан бастап айына 30 минуттан 2–4 сабақ

Сабақтарды психологиялық терапиялық және дамыту жұмысы үшін қолданады. Ертегіні ересек айтады, бұл топтық әңгімелеу болуы мүмкін, мұнда бір адам емес, балалар тобы әңгімелеуші рөлін атқарады

Тәрбиешілер

Күннің 2-ші жартысында

7

Түспен әсер ету технологиясы

Алға қойылған мақсаттарға қарай айына 2-4 рет арнайы сабақ ретінде

Түс үйлесімділігіне ерекше назар аудару керек. Дұрыс таңдалған түстер шиеленісті азайтады және баланың эмоционалды көңіл күйін көтереді

Тәрбиешілер

Күні бойы

8

Психогимнастика

Ересек жастан бастап аптасына 1–2 рет 25–30 минуттан

Сабақ арнайы әдістемелер бойынша өткізіледі

Тәрбиешілер

Күні бойы

9

Релаксация

Кез келген жарамды ғимаратта. Балалардың жағдайы мен мақсаттарына байланысты. Педагог технологиялар қарқындылығын анықтайды. Барлық жас топтарына арналған

Баяу классикалық музыканы (Чайковский, Рахманинов), табиғат дыбыстарын қолдануға болады

Тәрбиешілер, дене шынықтыру жетекшісі

Күннің 1-ші жартысында

10

Кітап терапиясы

Кіші жастан бастап топта музыка залында өткізілетін, 10–12 сабақтан тұратын сеанстар, топта 6–8 адам

Кітаппен емдеу, мінез-құлық реакциясын қалыптастыру

Тәрбиешілер

Күні бойы

11

Эстетикалық бағыт технологиясы

Көркемдік-эстетикалық цикл сабақтарында, мұражайларды, театрларды, көрмелерді және т. б. аралағанда, мерекелерге орай ғимараттарды безендіргенде іске асырылады және т. б. Барлық жас топтарына арналған

Сабақтарда жүзеге асырылады, сондай-ақ іс-шаралардың арнайы жоспарланған кестесі бойынша. Отбасымен жұмыс, балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру ерекше рөл атқарады

Барлық педагогтар

Күні бойы

Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін, олардың қимыл белсенділігіне деген сұраныстарын іске асыруға және қимыл дағдыларын барынша тиімді дамытуға ықпал етеді.

Жұмыста денсаулық сақтау технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың СӨС ынтасын қалыптастырады.

Денсаулық паспорты. Балабақша жұмысы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және денсаулық сақтау технологиясы сауықтыру орталықтарымен тығыз байланыста біртұтас жүйемен іске асырылғанда ғана толыққанды әрі нәтижелі деп саналады. Жыл сайын тәрбиеленушілер тар шеңберлі мамандардан медициналық тексеруден өтеді. Жыл сайын суық тию және өзге сырқаттардың деңгейі төмендейді, физикалық даму көрсеткіші жақсарады, балалардың физикалық дайындығы артады.

Іске асыру бағыты. Балабақшаның осы жеке және ізденушілік жұмысы күні бойы және медициналық және педагогикалық қызметкерлердің: тәрбиешінің, музыка жетекшісі мен дене шынықтыру бойынша нұсқаушының қатысуымен кешенді түрде іске асырылады. Осы ортақ үдерістің қатысушылары бола тұра, біз денсаулық сақтау үдерісін құру үшін іс-тәжірибеге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді енгізуді қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды саламатты өмір салтының негізгі қимылдары мен дағдыларына машықтандыруға  баса назар аударамыз.

Инновациялық қызметті өткізуге педагогтар теоретикалық тұрғыдан дайындалды: әдебиеттер зерттелді, ресурстар талданды, топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелері айқындалды.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль