MCFR.KZ Образование

Балабақшада денсаулық сақтау технологиялары

  • 29 ноября 2018
  • 9645
Денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулық сақтау технологиялары

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына байланысты.

Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін қамтамасыз ету.  

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Өндірістік бақылау бағдарламасы

Балабақшадағы медициналық құжаттама

Л. В. Сергеева,

«Басқару негіздері мектебі» МЕМ балабақша-бөбекжай директоры, Талдықорған қ.
Санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтер, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарының сақталуын өндірістік бақылау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жасақталды (ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2016 ж. № 239 бұйрығымен бекітілді).

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске асыру» жобасы

Сипаттау керек: денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі балаларды сауықтыру жобасын.

Әзірлеу керек: денсаулық сақтау технологияларын қолдану әдістемесін.

Объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық тәрбиелеу.

Пәні: физикалық дайындық деңгейі мен мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық көрсеткіштері.

Жұмысты зерттеу әдістерінен бастадық: сауалнама, әңгімелесулер, тестілеу.

Тақырыптың көкейкестілігі: XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.

Болашағы: егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі.

Жобаның мақсаты: балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту.

Ғылыми-әдістемелік негіздеме: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемстандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жаңашылдық: денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Міндеттері:

  • балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша балабақшаның сапалы педагогикалық жұмысын қамтамасыз ету;
  • оқытуға денсаулық сақтау технологияларын енгізу;
  • сауықтыру орталықтарымен сабақтастық;
  • ата-аналармен ынтымақтастық.

Жобаны іске асыру кезеңдері

Жобалау: балабақшаның материалдық-техникалық базасын дайындау (медициналық кабинет, дене шынықтыру залы, бассейн, топта – нормаларға сай бұрыштар), жобаның мақсаттарымен танысу.

Балабақшада денсаулық сақтау технологиялары

Жүктеу: Кесте (Толық нұсқасы) DOC файл

Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін, олардың қимыл белсенділігіне деген сұраныстарын іске асыруға және қимыл дағдыларын барынша тиімді дамытуға ықпал етеді.

Жұмыста денсаулық сақтау технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың СӨС ынтасын қалыптастырады.

Денсаулық паспорты. Балабақша жұмысы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және денсаулық сақтау технологиясы сауықтыру орталықтарымен тығыз байланыста біртұтас жүйемен іске асырылғанда ғана толыққанды әрі нәтижелі деп саналады. Жыл сайын тәрбиеленушілер тар шеңберлі мамандардан медициналық тексеруден өтеді. Жыл сайын суық тию және өзге сырқаттардың деңгейі төмендейді, физикалық даму көрсеткіші жақсарады, балалардың физикалық дайындығы артады.

Іске асыру бағыты. Балабақшаның осы жеке және ізденушілік жұмысы күні бойы және медициналық және педагогикалық қызметкерлердің: тәрбиешінің, музыка жетекшісі мен дене шынықтыру бойынша нұсқаушының қатысуымен кешенді түрде іске асырылады. Осы ортақ үдерістің қатысушылары бола тұра, біз денсаулық сақтау үдерісін құру үшін іс-тәжірибеге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді енгізуді қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды саламатты өмір салтының негізгі қимылдары мен дағдыларына машықтандыруға  баса назар аударамыз.

Инновациялық қызметті өткізуге педагогтар теоретикалық тұрғыдан дайындалды: әдебиеттер зерттелді, ресурстар талданды, топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелері айқындалды.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері»

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться