text
MCFR.KZ Образование

Педагогтар мен студенттердің өнімді түрде өзара әрекеттесуі

  • 9 августа 2018
  • 85
Педагогтар мен студенттердің өнімді түрде өзара әрекеттесуі

Қазіргі заманғы педагогика ғылымы өзінің жетекші қағидаттарын өзгертті: ол белсенді (авторитарлық педагогикада қабылданған) біржақты әсер етуден гөрі, негізінде педагогтар мен білім алушылардың үнемі бірлескен қызметі, ынтымақтастығы мен қоса шығармашылығы жатқан өзара әркеттесуге көшуде.

Колледждің тәжірибелі оқытушылары өнімді түрдегі өз ара әркеттесуді ұйымдастыруға ықпал ететін түрлі тәсілдерді, әдістерді, модельдерді әзірлейді.

Алдағы уақыттағы қарым-қатынастың белгілі бір болжамын, педагог жай кезде болсын, салмақты және жауапты әңгімеге дайындалу кезінде болсын, жүзеге асыра береді.

Оқытушы мен студенттердің, олардың сабақ үстіндегі ахуалды, өзара қарым-қатынастың қалай болатынын, оның дамуының болашағын алдын ала көре білуіне және солардың барлығының негізінде коммуникативтік қызметті жоспарлауға көмектесетін эмоциялық бірлігі, жемісті өзара байланыстың шарты болып табылады.

Алдағы қарым-қатынасты модельдеу, көп жағдайларда сабақтың дидактикалық аспектісін анықтайды, педагог бойында бастапқы кезеңде топпен өзара әрекетке деген белгілі бір ұстанымын қалыптастырады. Бұл кезеңді шартты түрде, оның барысында әңгімелесуді басқарудағы кейбір басымдылыққа ие болуға мүмкіндігін беретін және педагог бастаманы өз қолына алатын «коммуникативтік шабуыл» деп атауға болады.

Қарым-қатынасты басқару – өнімді түрде өзара әрекеттесудің маңызды элементі. Негізгі міндет – пеадгогтың жеке басының қасиеттері көрініс табатын технологиялық және педагогикалық коммуникация рәсімдерін меңгеру және оған шынайы адамгершілік сезімдерімен жылылық беру.

Топпен алғаш байланыс жасау кезінде оқытушы таңдап алынған әдістің көмегімен жұмыс мүмкіндіктерін, студенттердің жалпы көңіл-күйлері мен психологиялық дайындықтарын нақтылап алуы қажет. Бұл кезең өзінің өтуінің жылдамдығы жағынан өте жедел, дегенмен қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады.

Әр адам өзін сұхбат кезінде әрқалай сезінеді: түрлі жағдайларда өзара әрекеттесудің бастамашысы, субъектісі, белсенді немесе енжар қатысушысы болуы мүмкін. Бастамашылық бұл арада қарым-қатынасты басқару тәсілін және тиісінше біртұтас оқу-тәрбие процесін білдіреді. Педагог пен білім алушылардың сабақ үстіндегі танымдық ізденісі мен бірлескен шығармашылық қызметі өнімді өзара әрекеттесуді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 

 Қарым-қатынас кезіндегі біріншілікті жеңіп алу жолдары:

  • топпен бастапқы байланысты ұйымдастыру кезіндегі жылдамдық;
  • ұйымдастыру (сәлемдесу, отырғызу) рәсімдерінен тез арада іскерлік және жеке сұхбаттарға көшу;
  • білім алушылармен әлеуметтік-психологиялық түрғыдан бірлесуге тиімді түрде қол жеткізу, «біз» сезімін қалыптастыру;
  • студенттермен өзара әрекетке жеке тұлғалық аспектілерді енгізу;
  • коммуникативтік қызметтің жарқын да, тартымды мақсаттарын табу және оларға қол жеткізудің жолдарын көрсету;
  • студенттер бойында педагогпен өзара әректтесу қажеттілігін қалыптастыратын жалпы және ситуациялық өзара түсіністікті орнату.

Табысқа қол жеткізу мұғалімнің коммуникативтік мәдениетінің дәрежесіне, тез байланыс орната білуді игеруіне байланысты. Осы арқылы, оның адамгершілік тәрбиесінің деңгейі көрініс табады. Студенттер оқытушының зиялылығы мен биязылылығын, оның сыпайы, әдепті болуын, шынайылығы мен оларға тілектес бола білу қабілеттерін бағалайды. Өзін-өзі көрсете немесе таныстыра білуі де өте маңызды. Бұл студенттерге оның образын жасауға, өнімді өзара әрекеттесуді модельдеуге көмектеседі.


Студенттердің сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру

Nyrjanova

А. А. Нұржанова

Әлеуметтік-гуманитарлық колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Алматы қ
Автор бұл мақалада шығармашылық ерекшелікті, қабілетті, бейімділікті дамыту, жасөспірімдерді уақытын пайдалы қолдануға үйрету (қабілеттерді ашуға бағытталған әр түрлі қызмет түрлерімен таныстыру), сондай-ақ мәдени өзіндік даму талпынысын қалыптастыру, топтың ұжымдық өміріне қатысу, мінез-құлық пен қызметте өзін-өзі таныту мен ынталандыруды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты қажеттіліктерін дамыту ( жұмыс студенттерде денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін білік пен дағдыны тұрақты қалыптастыруға бағытталған) үшін қолайлы жағдайларды туғызу туралы әңгімелейді.

Оқу сұхбаты теңдікті, құрмет көрсетуді, бір біріне деген сенімді, басқаның ұстанымын қабылдауға дайындықты, ерекше эмоциялық ахуалды талап етеді.

Өнімді ынтымақтастық әрбір оқушыны коммуникативтік міндеттерді шешуге жаңа пәндік мазұнды игерудің соңында емес, басында енгізу кезінде жүзеге асады. Бірлесе қызмет ету процесі кезінде жауапты байланыстылық қарым-қатынас жүзеге асырылады, монологтық қарым-қатынас стилінен диалогтық қарым-қатынас стиліне, авторитарлық нысаннан – беделділікке ауысуға жағдайлар жасалады.

Табысты түрде қарым-қатынас жасау үшін эмоциялық-психологиялық икем керек:

сабақ регламентін, сөз сөйлеудің уақыты мен кезектілігін талқылау, материалдар дайындау. Мұғаліммен сұхбаттасу кезінде кіші топтарда талқылауға арналған сұрақтар алдын ала қойылады, пікіралмасу барысын басқарудың өнімді тәсілдері қолданылады.

Тәсілдер студенттермен тең серіктес ретінде қарым-қатынас жасаумен, оларды тыңдай білумен байланысты. Сабақтарда оқытушылар «жан тәнімен тыңдау», яғни – студентке қарай «көзбе көз» назар аудару позасын қабылдау тәсілін жиі қолданады.

Оқушылармен сұхбат барысында, олардың алаңсыз ойлануы және жауаптарды ойластыруы үшін уақыт, сөздерін қалыптастыруда көмек, жетекші сұрақтар, репликаларға түсініктеме беру қажет болады.

Сабаққа дайындалу кезінде екі ұштылықтан, белгісіздіктен тұратын сұрақтар мен дұрыс емес тұжырымдарға жол бермеу керек. Күрделі тақырыптарды өтер алдында мұғалім өз бетінше материалдар дайындап, сабақ нысанын таңдайды, негізгі тақырыптарды бөліп алады, нақты студенттердің білімге деген қабілетін, қызығушылығын, бейімділігін ескереді, сол арқылы олардың танымға және зерттеуге деген өздік ынталарын оятады.


Жазушылар мен ақындардың туындыларын зерделеу кезінде олардың өмірбаяндарының кезеңдерін топтарға бөліп айтқызуға болады. Материалдарды іріктеуді, бөлуді, сөйлеу түрлерін студенттер өз бетінше анықтайды. Олардың бірі хроноголиялық кесте жасаса, қалғандары – материалдарды жоспар немесе тезис түрінде, үшіншілері – синквейн немесе кластер ретінде дайындайды. Пікіралмасулар жүретін, проблемалар шешілетін, шығармашылық ойлар жүзеге асырылатын коммуникативтік ортаның сұхбатын қолдану арқылы сырттай экскурсия түрінде өткізілген сабақ әрі қызықты, әрі мазмұнды болып табылады.

Бірлескен қызметті ұйымдастыру жұмыстарының алуан түрлері мен нысандары өзара түсінісу процесін, қарым-қатынас дағдыларын, ұжымдық шығармашылық икемдерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде мағыздылығын сезінуге мүмкіндік береді. Бұл өз бетінше пайымдау белсенділігінің артуына ықпал етеді және өнімді болып табылады.  

Сабақтың тиімді түрлері:

  • әңгімелесу;
  • ойлану;
  • пікірталас.

Кез келген ой сөзден басталады. Әдебиет сабағында «сұрақ қой» және «кеңес беруші мүғалім» әдістерін қолдану тиімді. Мақсаты – олардың ізденуі үшін таңдау алаңын құруға, студенттердің өз оқуының авторы бола алатындай сезімдерін туғызуға тырысу. Сұрақтар қою назар аударудың және сұхбатты дамытудың негізгі құралы болып табылады. Оларды тек педагог қана емес, студенттер де қоя алады:

  • Сүйікті кейіпкер мен жағымды кейіпкердің айырмасы неде? Ұнамсыз кейіпкердің жағымсыз кейіпкерден айырмашылығы ше?
  • Сүйікті кейіпкер жасаған жамандықтан, ұнамсыз кейіпкер жасаған жамандықтың айырмасы қандай?
  • Сіздер сүйікті және ұнамсыз кейіпкерлердің мінездемесіне қатысты «соғыс» және «бейбітшілік» сөздерін қалай түсінесіздер?
  • Л. Толстой мен Б. Пастернактың сұлулық көрінісін қабылдаудағы ұқсастықтары неде?

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Ойлау қызметін белсендіру тәсілдері:

  • пікіралмасудың негізгі тақырыбы бойынша айтылғандарды түйіндеу;
  • нақты мәліметтерді көріністік шолу;
  • күрделі сөздерді қайталау;
  • материалды талдау барысын талдау.

Серіктестік және жетістік, еркін қарым-қатынас аясында студенттер кітаппен жұмыс істеуге, оқығандарын талдауға, баяндамаға арналған басты және қажетті тұстарды іріктеуге, өз ойларын айтуға, тыңдаушылармен байланыс орнатуға үйренеді. Негізгі дайындық жұмыстары сабақ қарсаңында жүргізіледі. Материалдарды бөлу кезінде оқушылардың дербес ерекшеліктері ескеріледі. Топтағы бірлескен қызметті ұйымдастыру жұмыстарының көптеген түрлері мен нысандары өзара түсінісу, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, өз іс-әрекеттерін басқалардың іс-әрекетімен салыстыру икемін қалыптастырады.

Қорытынды рефлексияны жүргізу үшін сұрақтар қолданылады:

  • Біз сұхбат басында қойылған сұраққа жауап бере алдық па?  
  • Біз қай жерде жетістікке жете алмадық және неліктен?
  • Біз тақырыптан ауытқыдық па?
  • Талқылауға барлығы қатысты ма?

Сұхбат сабақты құру дәлелдеме құралы ретінде (ауызша, ауызша емес) тілді басымырақ қолдануды, оған қатысушылардың мағынамен жұмыс істеуін көздейді. Сұхбат сабақтың тиімділігін тексеру алынған нәтижелермен расталады:

Студенттердің коммуникативтік икемдерін

бағалау критерийлері

Баллдар арқылы бағалау

Тілдік коммуникация

деңгейі

1

Қарым-қатынаста белсенді.

Сөзді тыңдай және түсіне алады.

Жағдайды ескере отырып, қарым-қатынас құру.

Өз құрдастары және педагогтармен байланысқа тез түседі.

Өз ойын ашық және бірізді жеткізеді.

Тіл этикетінің түрлерін қолдана алады.

3

Жоғары

2

Сөзді тыңдай және түсіне алады.

Қарым-қатынасқа көбінесе басқалардың бастамасымен қатысады.

Тіл этикетінің түрлерін қолдана алады.

2

Орташа

3

Өз құрдастары және педагогтармен байланыста белсенділігі төмен және аз сөйлейді.

Назар салмайды.

Өз ойын бірізді айта және олардың мазмұнын дәл жеткізе алмайды.

1

Төмен

Нәтижелерді талдау және өңдеу көрсеткендей, қарым-қатынас кезінде студенттердің көпшілігінің бойында оң өзгерістер пайда болады, өйткені өсімпаз және өнімді әдістер тығыз тұтасады. Оқу сұхбаты арқылы қысылмай әрекет етушілік, ой еркіндігі атмосферасы құрылады.

Алынған білімдер жеке тұлға үшін маңызды, эмоциялық реңкті, ал бұндай тәсіл кезінде педагог пен студенттің өзара әрекеттесуі өнімді болып табылады. 

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы»  журналы 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты