Справочник руководителя образовательного учреждения

Педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесі

  • 14 марта 2019
  • 669

Балалар үйі тәрбиеленушілерін өзіндік сәтті өмірге дайындау – білім беру ұйымының негізгі міндеті.

Жасөспірімдерді өмірдің әлеуметтік-экономикалық, психологиялық жағдайларына әлеуметтік-психологиялық бейімдеуді қамтамасыз етіп, баланың өзіне және қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жасөспірімдерді әлеуметтендіру бойынша «Мен өмірімді өзім құрамын» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.

Осы Бағдарламаны білім беру үдерісіне сәтті енгізу үшін, ғылыми тұрғыда әдістемелік сауатты түрде оны апробациялау және іске асыру үшін «Жасөспірімдерді әлеуметтендіру бағдарламасын енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері» зерттеу тақырыбы бойынша педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесі әзірленді.

Педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеу

Педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеуді мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы мынадай мақсатта жүзеге асырды

  • Жасөспірімдерді әлеуметтендіру бағдарламасын енгізуді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістерін, формалары мен тәсілдерін меңгеру бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру;
  • педагогикалық қызметті жоспарлауда, ұйымдастыруда және талдауда педагог қызметкерлерге көмек көрсету;
  • мұғалімнің өз бетімен үздіксіз білім алуы мен кәсіби шеберлік деңгейін көтеру;
  • көмекке мұқтаж педагогтарға шынайы, әсерлі көмек көрсету;
  • білім беру технологияларын енгізу негізінде педагогтарды шығармашылық ізденіске тарту;
  • озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, енгізу және диссеминациялау.

Аттестатталушы педагогты әдістемелік және психологиялық қолдау

Педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесі
Г. В. Игнатенко,«КОКТОВЕ» балабақшасының әдіскері, Алматы қ.
Педагог кадрларды аттестаттау – олардың кәсібилігі мен жұмыс сапасын бағалаудағы маңызды ресім. Аттестаттаудың көмегімен ақыр аяғында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – МДБҰ) жоғары кәсіби дәрежедегі кадрлар құрамымен қамтамасыз етіледі, бұл білім беру сапасының жақсаруына алып келеді.

Болжам анықталды: егер ҚР болашақ азаматының әлеуметтік маңызды қасиеттерін құрсақ, оның әлеуметтік маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруға және оны қазіргі қоғамда сәтті бейімделуге дайындауға болады.

Мәселенің жаңашылдығы: жинақталған педагогикалық тәжірибе негізінде тәрбиеленуші тұлғасының әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастырудың жаңа тәсілдері.

Педагогтардан күтілетін нәтижелер

Тәрбиеленушілерден күтілетін нәтижелер

Үздіксіз білім берудің әртүрлі формаларына қатысу арқылы тәрбиелеушілердің психологиялық-педагогикалық біліктілігі деңгейі жоғарылайды:

– теоретикалық және іс-тәжірибелік семинарларда, практикумдерде, тренингтерде, педагогикалық кеңестерде, конференцияларда;

– педагогтардың әдістемелік ынтымақтастығын ұйымдастыру, әдістемелік және педагогикалық кеңестер жұмысы;

– педагогикалық тәжірибені зерттеу және бөлісу (ашық тәрбиелік іс-шаралар, шеберлік сыныптары, педагогикалық тәжірибе презентациясы)

– баспа қызметі: БАҚ-ғы жарияланымдар, авторлық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Баланың тұлғалық-құнды әлеуеті, оның белсенді өмірлік ұстанымы ашылады.

Тәрбиеленуші денсаулық сақтау дағдыларын, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас құру машықтарын меңгереді.

Өзіндік бағасы, өзін өзі танытуы, осы және болашақ өмірде өзін іс жүзінде таныту ниеті артады.

Кәсіби қалауы мен бейімділіктері бұрмаланады.

Өз бетімен білім алу деңгейі көтеріледі.

Педагогтар тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін меңгереді.

Өзінің маңыздылығын арттыру арқылы өзіндік бағасы жоғарылайды: педагогтар өздерінің педагогикалық мүмкіндіктерін әділ бағалай алады, өз қабілеттерін ашу және дамыту, педагогикалық табыстарды шығармашылық тұрғыдан іске асыру тілектері оянады.

Бірлескен жұмыс нәтижесіне мүдделі пікірлестер командасы құрылды

Бағдарламаны енгізу бойынша нормативтік құқықтық құжаттар дестесін құру, әдістемелік жұмыстың 3 жылға арналған перспективалық жоспарын әзірлеу, педагогтардың кәсіби біліктілігінің қалыптасу деңгейіне қатысты диагностикалар мен мониторинг мазмұнын анықтау әдістемелік тақырыппен жұмыс бойынша педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеудің нәтижесі болып табылады.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» № 1-2015 журналы

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ