MCFR.KZ Образование

Модульдік оқыту технологиялары математика сабағында

  • 11 декабря 2018
  • 118

Математикалық білім адамның жалпы мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Модульдік оқыту технологиялары дамыта оқыту идеялары бойынша құрылады.

Математиканы меңгерудегі қиындықтар

Математикалық білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі әдістемелік ғылымнан оның мазмұнын, оқыту әдістерін, тәсілдері мен технологияларын дамытуды талап етеді. Математиканы оқыту теориясы мен іс-тәжірибесінде оқушылардың қызметін, оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру тиімділігін, материалды дидактикалық жетілдіруді, оқу үдерісіне техникалық құралдарды енгізуді белсендендіру мен қарқындандыруға байланысты технологиялар аса танымалдылыққа ие болды.

Математикалық білім адамның жалпы мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Математиканы оқытудың білім беруші және тәрбиелік міндеттері оқушылардың жас ерекшеліктерін, ғылым және оқу пәні ретінде математиканың ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді түрде шешілуі тиіс.

Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру мәселесі барлық мектептік пән мұғалімдері үшін аса өзекті болып табылады. Ол үшін дағдылар мен машықтар жүйесін нақты анықтап алу қажет, оларды меңгеру әртүрлі жұмыстарды өз бетімен орындауға баулиды.


Внимание: жоғарыда аталған мәселелер модульдік технологияны (бұдан әрі – МТ) қолдану жолымен сәтті шешімін табады, ол оқытушы мен оқушылардың бірлескен қызметінің әртүрлі формалары мен тәсілдерінің жиынтығын, сонымен қатар бағдарлама материалын барынша меңгеру және білім сапасын арттыру мақсатында оқу үдерісінің ерекше бірліктерінде ұйымдастырылған оқушылардың өзіндік жұмысының жиынтығын білдіреді.


★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ★

Жобалар әдісі бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту құралы ретінде
Модульдік оқыту технологиялары математика сабағында

С. В. Науменко

«№ 9 бастауыш мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Рудный қ.

Мақсаты: кез-келген оқу және өмірлік жағдайында алған білімін тануға, шығармашылық тұрғыда пайдалануға, негізгі және пән құзыреттілігін дамыту жолымен өзін-өзі дамыту дайындығына оқушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету.

Осы жағдайларда орта білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарының бірі оқушыларды ғылыми таным әдістеріне және өздігінен зерттеуге, танымдық ынтаны қалыптастыратын және ақпараттық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алатын оқу жағдайларын кеңінен пайдалануға мақсатты және жүйелі түрде қатыстыруға арналған білім берудің бағытты мазмұны болып табылады.

МТ-ның негізгі мақсаттары: оқушы жұмысы ыңғайлы қарқыны; олардың өз мүмкіндіктерін анықтауы; оқу мазмұнын икемді құрастыру; оның бірнеше түрдері мен формаларын сабақтастыру; оқушылардың өз бетімен білім алу және жоғары нәтижелерге қол жеткізу машықтарын қалыптастыру.

Оқу элементі – бұл кәсіптік немесе басқа тапсырманың қандай да бір аспектісін бейнелейтін оқу материалының бөлігі. Ол оқу ақпаратын негізгі тасымалдаушы болып табылады және тағайындалымы бойынша негізгі, қосымша немесе анықтамалық болады; мазмұны бойынша – теоретикалық, іс-тәжірибелік немесе аралас.

Модульдік оқытудың негізгі құралы – модульдік бағдарлама (бұдан әрі – МБ).

МБ мен сәйкес жеке модульдерін дайындау – ауқымды пәндік және педагогикалық біліктілікті талап ететін ауыр жұмыс.

МБ мыналарды ескеру қажет:

  • ақпараттық материалдың мақсатты тағайындалымы;
  • кешенді, біріктіруші және жеке дидактикалық мақсаттардың үйлесімі;
  • модульді оқу материалының толыққандылығын;
  • модуль элементтерінің қатысты дербестілігін;
  • кері байланыстың жүзеге асырылуын.

МТ дамыта оқыту идеялары бойынша құрылады: егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының белгілі деңгейдегі көмегімен орындаса (серпілту, бағдарын көрсету және т. б.), ол өзінің жуық даму аймағында тұрады. Мұндай тәсіл бала психикасы қызметінің жетілуіне септігін тигізеді: бүгін ол өзгелердің көмегімен орындайтын істі ертең өзі орындай алады, оқушы белсенді даму аймағына көшеді, және айналым жаңа деңгейге көшеді.

МТ-да бұл оқушыға көрсетілетін көмектің мазмұны мен мөлшерін саралау, сонымен қатар оқу қызметін әртүрлі формада (жеке, топтық, құрамы тұрақты немесе ауыспалы жұптарда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

МТ-ның артықшылықтары:

  • оқу мақсаттары оқушы қол жеткізген нәтижелермен нақты үйлеседі;
  • оқу қызметінің жеке қарқыны қалыптасады;
  • оқушыларды сабақта белсендендірулің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі;
  • оқушылардың өз бетімен білім алу машықтары қалыптасады;
  • оқушыларға сараланған бағдарламамен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі;
  • оқушылардың білімдері мен машықтарын қалыптастыруда икемділік пен ұтымдылыққа қол жеткізіледі, олардың шығармашылық әрі сыни ойы дамиды;
  • оқушы тұлғасын дамыту қамтамасыз етіледі, әр оқушының өзін іс жүзінде көрсетуіне жағдай жасалады;
  • әр оқушының дайындық деңгейі, оның жеке ерекшеліктері ескеріледі;
  • кезеңдік – білімдері мен іс-тәжірибелік машықтарын модульдік бақылау оқу тиімділігіне белгілі дәрежеде кепілдік береді;
  • мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы субъект-субъектілік негізде жүзеге асырылады;
  • модульдерді әзірлеу оқу ақпаратын бекітуге және оны блоктармен ұсынуға мүмкіндік береді;
  • оқытуды белгілі "технологияландыруға" қол жеткізеді, ол мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне тәуелді;
  • оқытуға кеңес беру мен мұғалімнің мөлшерлі жеке көмегін қосуға мүмкіндік береді;
  • оқушылардың жаңа материалды меңгеру деңгейін анықтауға және біліміндегі кемшіліктерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді;
  • модульдерді қолдана отырып, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды сәтті жүзеге асыруға, оқу мазмұнын ықпалдастыруға, оны жетекші оқу пәні логикасында қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • оқу мазмұнын саралау жүзеге асады; төменгі деңгейі мазмұнының міндетті минимумына сәйкес келеді, жоғарғысына –қосымша мәліметтер енгізіледі; - білімді меңгеру кезеңдері логикасында оқушы қызметінің құрылымдылығы бақыланады: қабылдау – түсіну – ұғыну – есте сақтау – қолдану – қорыту – жүйелеу.

Технологиялық картаны құрастыру нұсқасы.

"Тригонометриялық өрнектер және олардың түрленуі" оқу модулі (14 сағат)

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться