text
MCFR.KZ Образование

"Өзін-өзі тану" пәнін білім беру ұйымдарында оқыту шарттарына қойылатын талаптар

  • 1 ноября 2018
  • 552

"Өзін-өзі тану" пәні бойынша осы талаптарды "Бөбек" ҰҒПББСО-ы АҮДИ ҚР жалпыға міндетті орта білім беру стандарты негізінде әзірлеген.

"Өзін-өзі тану" пәнін білім беру ұйымдарында оқыту шарттарына қойылатын талаптар

"Өзін-өзі тану" пәні бойынша осы талаптарды "Бөбек" ҰҒПББСО-ы АҮДИ Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты негізінде әзірлеген.

Талаптар "Өзін-өзі тану" пәні бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандартын оқыту тәжірибесіне енгізу кезінде ұсынылатын "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқыту үдерісінің материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне қойылатын ұсынымдар болып табылады.

"Өзін-өзі тану" оқу кабинетін кешендік жабдықтауға қойылатын талаптар өзін-өзі тану пәнін оқыту үдерісінің көрнекілілігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, ең алдымен, оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуының көрсеткіші ретіндегі күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Осы талаптар нақты білім беру ұйымдарының ерекшелігі, оларды қаржыландыру деңгейі, сондай-ақ оқытудың материалдық-техникалық құралдар (соның ішінде, оқушылар әзірлеген мультимедиялық өнімдер, электронды кітапхана, бейнехана және т. с. с.) түрінде меншікті базасының жүйелі түрде әзірленуі мен жинақталуы ескеріле отырып нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.

★ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ★

ББҰ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»

О. В. Горт

бастауыш сынып мұғалімі

К. А. Бабкина

«№ 17 орта мектеп» ММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,Рудный қ., Қостанай облысы

«Өзін-өзі тану» курсы мазмұнының негізін әр адамның рухани өзін-өзі тану жолын өтуге көмектесуге және адам тағдырының мәні мен асқақ махаббатын түсінуге әкелуге тиіс адами құндылықтар құрайды.

Бүгінде қоғамның алдында руханилықты қайта жаңғырту міндеті қойылған. Зияткерлік, эстетикалық, еңбек, дене, адамгершілік-рухани тәрбиесі мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Адамгершілікті адам белсенді шығармашылық қызметке, өзінің оқу, кәсіби, азаматтық, отбасылық және тұрмыстық функцияларын ойдағыдай орындауға, өмірде пайда болатын барлық проблемаларды шешуге қабілетті.

Заманауи мектепте өскелең ұрпақты тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәніне ерекше рөл жүктеледі.

 Өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалық құрамы:

"Өзін-өзі тану" пәні бойынша біліктілік арттыру курстарының 2013 жылдан кейін алынған сертификаттарының болуы ("Бөбек" ҰҒПББСО, ҰБАО "Өрлеу" АҚ филиалдары).

Мектептегі моральдық-психологиялық ахуал:

  • Мектеп әкімшілігін жұмыс істеу стилі (авторитарлық, либералдық, ізгіліктік) (әкімшілікпен, мұғалімдермен, оқушылармен пәнге және өзін-өзі тану мұғалімдерін іріктеуге деген көзқарастарын айқындайтын әңгімелесулер өткізу; әкімшіліктің қатысуымен және қатысуынсыз мұғалімдермен әңгімелесу кезінде жағдайы бақылау, мектептегі жағдайды бақылау).
  • Мектептің сабақтан тыс әрекеттеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды ықпалдастыру (өзін-өзі тану пәні бойынша жүйелі түрде өткізілетін жалпы мектептік шаралардың болуы, мысалы, өзін-өзі тану декадалары, Сүйіспеншілік, Мейірімділік және Ризашылық және т.б.күндер; "Қамқорлық", "Жеңіс күні", "Қариялар күні" және басқа да барлық мектептерге міндетті акциялар, сол сияқты оқушылардың балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне, жалғыз басты қарияларғы сыйлық апару, концерт қою және көмек көрсетуді көздейтін қайырымдылық акциялары; сондай-ақ, мектепке бекітілген мүгедектерді қаамқорлыққа алу, және жұмыстың басқа да ықтимал формалары).
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің оқу ісіне ықпалдастыру (жалпыадамзаттық құндылықтарды гуманитарлық және жаратылыстану циклдарының пәндеріне ықпалдастыратын мұғалімдердің, тәжірибе алмасулардың болуы).

Өзін-өзі тану кабинеттерінің жай-күйі:

  • Кабинеттер саны (оқушылардың санына сәйкес).
  • Нормативтік-құқықтық құжаттардың болуы.
  • ОТҚ болуы (магнитофондар – міндетті түрде, қалғаны – мектептің материалдық жағдайына қарай).
  • Парталардың орналасуы (мектептің материалдық жағдайына орайпарталардың ықшамдылығы мен шеңбермен отыруғамейлінше мүмкіндік жасау).
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыс бұрышы (әр оқушының портфолиосының болуы талап етілмейді, әр сыныпты оқу жылы бойында орындаған шығармашылық жұмыстарын жинақтауға арналған папка жеткілікті).

Сабақтарға қатысу:

  • Сабақты талдау:

а) сабақтың ұйымдастыру кезеңі жағымды көңіл-күй мен сабақ тақырыбын айтуды қамтиды;

б) жағымды нақыл сөздер (дәйексөз) оқушылардың тез есте сақтауы үшін қысқа да нұсқа болуы керек (оны есте сақтау үшін бірнеше рет қайталатқан дұрыс);

в)сабақтың рухани-адамгершілік мәнін терең ашатын оқиға немесе өсиет әңгіме айту (мұғалімнің қалауы бойынша оқулықтан немесе басқа дереккөздерден алынады)және оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан пайымдау жасауына дұрыс және әдепті түрде бағыт беретін әңгімелер;

г) сабақтың тақырыбын ашуға көмектесетін шығармашылық жұмыс немесе топпен жұмыс жүргізу (шығармашылық жұмыс кезінде адам жанының нәзік қылын шертетін тыныш музыканы қойған дұрыс);

д) музыка және топпен ән айту сабақтың кез-келген уақытында мұғалімнің ұйғаруы бойынша қолданыла алады (топпен ән айту жүрек өрісінің ашылуына ықпал етеді).

  • Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашу (мұғалім қолданатын барлық әдістер сабақтың әр кезеңінде оқушыларды адам болмысының түйіні, өмірдің мәні, адамның шынайы құндылықтары туралы пайымдау жасауға жетелеуі тиіс; оқушылардың жауаптарын терең талдауға назар аударылатын мұғалімнің шебер құралған әңгімелесуі аса маңызды орын алады);
  • Мұғалімнің басым стилі: авторитарлық (мұғалім өз пікірін тықпалайды, үнемі балаларды түзетіп отырады, айтылған ойды олардың орнынаөзі аяқтайды және т.б.); либералдық (мұғалім барлығымен, кейде бір-біріне қарама-қайшы көзқарастармен келісу көзқарасын ұстанады, балаларды тақырыптың рухани-адамгершілік мәні туралы терең ойлануға бағыттамайды, маңызды тұжырымдарды зерделеуге мұрша бермей, біртекті риторикалық сұрақтар қояды); ізгіліктік (мұғалім барлық оқушылардың пікірлерін сүйсініп тыңдайды және шеберсұрақ қою арқылы оларды өзіндік терең рухани-адамгершілік пайымдауларға жеелейді);
  • Сабақтағы тәртіп (оқушыларда оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің болуы, оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы).

Өзін-өзі тану сабағын талдау сызбасы

"Өзін-өзі тану" пәнін білім беру ұйымдарында оқыту шарттарына қойылатын талаптар

Сабақтың көрсеткіштері:

4-6 ұпай – қанағаттанарлық

7 ұпай – жақсы

8 ұпай – өте жақсы


 Мақаланы «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться