text
MCFR.KZ Образование

Мектептегі қауіпсіздік ережелері

  • 16 сентября 2018
  • 21397
Мектептегі қауіпсіздік ережелері

Жалпы білім беретін мектеп Қазақстан Республикасындағы негізгі және адам көп жиналатын оқу-тәрбие ұйымы болып табылады.

Оқушылар 9–11 жыл бойы үнемі мектепке барады және күнделікті төрт сағаттан он сағатқа дейінгі уақыттарын осы жерде өткізеді. 11 оқу жылының ішінде ынталы оқушы жалпы ұзақтығы 7 590 сағат 11 385 сабаққа барады, ол 316 тәулікті құрайды.

Мектеп жасындағы балалардың сергектену уақытының жартысы сабаққа, сыныптан және сабақтан тыс іс-шараларға, қоғамдық пайдалы еңбекке және мектеп шекарасындағы ойындарға кетеді.

Мұнда оқушылар жаңа білім алады, қажетті дағдылары мен машықтары қалыптасады, өздерінің алғашқы және өмірлік сабақтарынан өтіп, жан-жақты дамиды. Шығармашылық қабілеттерді ашу, құрдастарымен араласу, қозғалмалы ойындар, спорттық сайыстар оқушыларға жағымды эмоциялардың күшті қуатын, жақсы көңіл күй сыйлайды, хал-жайын жақсартады.

Мектепте оқу үдерісі оқушыларға жақсы әсер етуімен қатар кері әсерін де тигізеді. Мектепте оқу төтенше жағдайлар (ТЖ), жазатайым оқиғалар туындауының, жарақат алудың, ауруға шалдығудың, кейде оқушылардың қаза болуының тура немесе жанама себебі бола алады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мектепте оқудың негізгі кері салдары

Мектепте оқудың негізгі кері салдарына мыналар жатады:

  • оқушылардың денсаулығы мен функционалды жағдайының нашарлауы;
  • мектепте болған уақытта, сондай-ақ жолда, үйден шыққанда және кері қайтқанда жарақаттану;
  • жүйкенің жұқаруы, психикалық бұзылулар, шамадан тыс ақыл-ой жүктемелері;
  • зиянды өмір салтының және қоғамға жат қылықтардың қалыптасуы.

Оқушылардың физикалық, психикалық және рухани денсаулығындағы ауытқушылықтармен немесе бұзылулармен қатар мектепке барғанда олар әртүрлі ТЖ-дың ықпалына тап болуы мүмкін:

  • стихиялық апаттар: жер сілкінуі, дауыл, экстремалдық температура, сел;
  • жұқпалы аурулар эпидемиялары, әсіресе карантиндік және аса қауіпті жұқпалар;
  • техногенді ТЖ: өрт, жарылыс, қирау, химиялық улану, радиоактивтік ластану және т. б.;
  • әлеуметтік ТЖ: қылмыс, терроризм, адамдарды кепілдікке алу, тұлғааралық жанжалдар, қару қолданылатын ұлтаралық жанжалдар.

Оқушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс.

Оқушының өмір сүру қауіпсіздігі

Әр оқушы мектепке барғанда өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білуге тиіс:

  • мектеп шекарасында, мектеп ғимаратында жүргенде, әртүрлі сабақтарда және іс-шараларда, үйден мектепке баратын және кері қайтатын кезде оның денсаулығына және өміріне қауіп төндіруі мүмкін зиянды факторлар мен әлеуетті қауіп-қатерлерді;
  • қайда, қашан және қандай себепке байланысты мектепте ТЖ туындауы мүмкін, әр ТЖ-дың даму сценарийі және ықтимал салдарының ауқымы қандай;
  • әртүрлі ТЖ-да аман қалу қағидаларын;
  • ғимараттардан және құрылыстардан эвакуациялау қағидаларын;
  • алғашқы медициналық жәрдем көрсету қағидаларын;
  • ТЖ-дың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды.

Бұл ретте әр оқушы:

  • ТЖ-дың, өздері, сондай-ақ қоршаған адамдар жасаған қылықтардың және іс-қимылдарын салдарын болжауды;
  • ТЖ-дың алдын алу шараларын жүзеге асыруды, олардың туындауына дайын болуы;
  • әртүрлі ТЖ-дан аман қалуды;
  • ТЖ-да өзінің ерік күшін бақылауды, үрейлі көңіл күйге берілмеуді;
  • түйсікті ғана емес, парасатты ойды басшылыққа алуды;
  • өзіндік және өзара көмек түрінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді білуі тиіс.

Мектепке баратын және мектептен қайтатын жол

Мектеп пен оқушы үйінің арасындағы арақашықтық ұзақ болған сайын, оның жолға көп уақыт жұмсауына, көшелерді және қиылыстарды жиі қиып өтуіне, бейтаныс адамдардың арасында көбірек болуына, қатты шаршауына тура келеді. Оқу орнына баратын және мектептен қайтатын жол ұзақ болған сайын оқушыларды көп қауіптер күтуі мүмкін.

Олар үшін көшелердің және жолдардың жүргіншілер бөлігі барынша қауіп төндіреді. Мұнда ЖКА туындауы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жолда зардап шеккен балалардың 60 % – бұл жалпы білім беретін мекемелердің 7 жастан 13 жасқа дейінгі оқушылары. ЖКА көбіне оқушылардың мектепке баратын жолында немесе сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезінде орын алады.


Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты