Мектепішілік бақылау жоспары

1567
Мектепішілік бақылау жоспары
Мектепішілік бақылау жоспары
Побирская Ольга Васильевна
Автор журнала «Справочник руководителя образовательного учреждения», директор ОСШ № 25, г. Актобе
Әрбір мектеп басшысы мектептің қалай дамитынынан, білім беру үдерісінің қалай жетілдірілетіндігінен хабардар болуы тиіс. Толық нақты ақпаратты тек жақсы реттелген МІБ көмегімен алуға болады.

Мектепішілік бақылау (бұдан әрі – МІБ) – білім беру үдерісінің жай-күйін, білім беру ұйымы (бұдан әрі – БҰ) қызметінің негізгі нәтижелерін диагностикалауға арналған басты ақпарат көзі. МІБ астарында басқару тәртібінде жүзеге асырылатын мектеп жұмыскерлерінің ҚР, министрліктердің, департаменттің, мектептің білім беру саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді ұстануларына қадағалау өткізу түсініледі.  

Әрбір мектеп басшысы мектептің қалай дамитынынан, білім беру үдерісінің қалай жетілдірілетіндігінен хабардар болуы тиіс. Басқа сөзбен айтсақ, ұжымның өмірі мен қызметінің барлық салаларынан хабардар болып, тұрақты кері байланыс қажет. Толық нақты ақпаратты тек жақсы реттелген МІБ көмегімен алуға болады.

МІБ мақсаты – БҰ қызметін жетілдіру, соның ішінде білім беру және тәрбиелеу сапасын жақсарту; педагог қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру.

МІБ міндеттері:

  • білім беру саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын айқындау және олардың алдын алу бойынша шара қолдану;
  • педагог қызметкер қызметі нәтижелерінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;
  • білім беру үдерісін ұйымдастырудың жағымсыз және жағымды тенденцияларын айқындау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • БҰ-ғы бұйрықтар мен нормативтік актілердің іске асырылу нәтижелерін талдау;
  • педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.

Бақылауды қорытындылау үшін келесі формалары қолданылады:

  • педкеңес;
  • әкімшілік кеңес (директордың, орынбасарының қатысуымен);
  • әдістемелік кеңес мәжілістері;
  • мектеп бойынша бұйрық, анықтамалар. 
20__/20__ оқу жылына арналған МІБ жоспары
Бақылауға арналған сұрақтар Бақылау мақсаты Бақылау объектілері Жауапты тұлғалар Бақылау нәтижелері, қорытындылау
Тамыз
1. Жаппай оқытудың жүргізілуін бақылау
1. Сыныптарды жинақтау, қалББ үшін мәліметтер дайындау Сыныптар бойынша оқушылар тізімін салыстыру 1–11-ші сынып оқушыларының тізімдері Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Мектеп бойынша бұйрық, қалББ-не есеп
2. Сынып кабинеттерінің оқу жылына дайындығы Қауіпсіздік техникасының жай-күйін, материалдық базаның дайындығын тексеру Сынып кабинеттері Директордың ОТІ және ӘШБ жөніндегі орынбасарлары Ұсынымдар
2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
1. Қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі – ҚТ) бойынша мектеп жұмыскерлеріне кіріспе нұсқау беру ҚТ бойынша журналдардың дұрыс ресімделуін тексеру Мектептің барлық жұмыскерлері Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары ҚТ бойынша журналдар
2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды (бұдан әрі – КТЖ) әзірлеу және бекіту КТЖ-дың оқу бағдарламаларына сәйкестігін бағалау Пән мұғалімдерінің КТЖ Директордың ОТІ жөніндегі орынбасарлары КТЖ бекіту, ӘБ отырысы
3. Тәрбие жұмысының жай-күйін бақылау
Тәрбие жұмысын жоспарлау бойынша ұсынымдар Құжаттаманың бірыңғай талаптарға сәйкестігі 1–11-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің жоспарлары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілерінің жиналысы
Қыркүйек
1. Жаппай оқытудың орындалуын бақылау
1. 1, 10-шы сыныптарды жинақтау Мектептің шағын ауданының барлық оқушыларын оқумен қамту бойынша сынып жетекшілерінің жұмысын талдау 1, 10-шы сынып оқушыларының тізімдері Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Есеп
2. «Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалармен жұмыс «Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар туралы деректер банкін қалыптастыру «Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар Директордың ТІ және ОТІ жөніндегі орынбасарлары «Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тізімі
3. Мектепті оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету Кітапхана қорының жай-күйін талдау Кітапхана қоры Кітапхана меңгерушісі Педагогикалық кеңес
4. Ыстық тамақтануды ұйымдастыру Ыстық тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру Асхана Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Директордың қатысуымен өтетін кеңес
5. 1–11-ші сынып оқушыларының сабаққа қатысуы 1–11-ші сынып оқушыларының сабаққа қатысуын талдау 1–11-ші сынып журналдары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Директордың қатысуымен өтетін кеңестің анықтамасы
2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
1. Арнайы курс бағдарламаларының, ақылы қосымша білім беру қызметтерінің (бұдан әрі – АҚБҚ) мазмұнын бақылау Арнайы курс бағдарламаларын құрастыру сапасын талдау Оқу бағдарламалары Директордың инновациялар жөніндегі орынбасары, АҚБҚ ұйымдастырушы Ұсынымдар, бағдарламаларды бекіту
2. 1–11-ші сыныптардың сынып журналдары Сынып жетекшілерінің журналдарды дұрыс ресімдеуі 1–11-ші сынып журналдары Директордың ОТІ жөніндегі орынбасарлары Анықтама
3. Мұғалімдердің жеке істерінің жай-күйі Мұғалімдердің жеке істерін тексеру Мұғалімдердің жеке істері Ісжүргізуші Ұсынымдар
4. 2–11-ші сынып оқушыларының күнделіктерін тексеру Күнделіктерді жүргізуде бірыңғай орфографиялық режимді сақтау 2–11-ші сынып оқушыларының күнделіктері Директордың ОТІ және ТІ жөніндегі орынбасарлары Анықтама, сынып жетекшілерінің жиналысы
3. Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын және МЖМБС орындалуын бақылау
1. 2–11-ші сыныптардағы бастапқы бақылау срездері Оқу жылының басында оқушылардың БДМ деңгейлерін тексеру 2–11-ші сынып оқушылары Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Анықтама, педкеңес
2. Педагогтар мен оқушылардың ОӘК қамтамасыз етілуі Оқулықтар мен бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің ҚР БҒМ ұсынған тізімге сәйкестігін бекіту 1–11-ші сынып оқушылары, оқытушылар Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, кітапханашы Ақпарат
3. Жас мамандардың сабақтарына қатысу Сабақта қолданылатын формалар мен әдістер; оқу материалын меңгеру Жас мамандар Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Ұсынымдар
4. 10, 11-ші сынып оқушыларын сынақ тестілеу Негізгі пәндер бойынша БДМ қалыптасуын талдау 10, 11-ші сынып оқушылары Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Анықтама
4. Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысының жай-күйін бақылау
1. Әдістемелік бірлестіктер (бұдан әрі – ӘБ) жұмысын жоспарлау ӘБ жоспарларын мектептің әдістемелік тақырыбының көрініс табуы мәселесіне қатысты талдау ӘБ құжаттамасы ӘБ жетекшілері, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары ӘБ жетекшілерінің жиналысы
2. е-learning электрондық оқыту жүйесін бақылау және қолдау Жаңа оқу жылында электрондық оқытуды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру Электрондық оқыту жүйесі Жүйе әкімшісі, e-learning зертханашысы Ұсынымдар, есеп
3. Мектептердің педагог кадрлармен жинақталуы Тарифтік тізімді талдау Тарифтеу Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Тарифтеуді бекіту, директордың қатысуымен өтетін жиналыс
4. Педагогтарды аттестаттауға дайындық Аттестатталушы мұғалімдердің оқыту деңгейін талдау Аттестатталушы мұғалімдер Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, ӘБ жетекшілері Аттестаттауға арналған құжаттар

5. Тәрбие жұмысының жай-күйін бақылау

Жалғасын  8-2016 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль