MCFR.KZ Образование

Қорларды есепке алу

  • 8 февраля 2019
  • 192
Қорларды есепке алу
Қорларды есепке алу

Журналымыздың осы санынан бастап, біз «Мектепке дейінгі ұйымдардағы қорларды (босалқыларды) есепке алу» атты жаңа тақырыпты қарастыруды бастаймыз. Өткенде біз негізгі қорларды есепке алуды қарастырған кездегідей, бұл тақырып бірнеше журналда жарияланатын болады, сондықтан шығарылымдарды жіберіп алмаңыздар.

Қорларды анықтау және өлшеу

Қорларды есепке алу және қаржылық есептілікте көрсету тәртібі ШОБ-қа арналған ҚЕХС-тың (ХҚЕС) 13 «Қорлар», ХҚЕС (IAS) 2 «Босалқылар (Қорлар)» бөлімдерінде, Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында (ҚР қаржы министрінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген) сипатталған, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің (ҚР қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген) 8-ші «Қорларды есепке алу тәртібі» бөлімімен регламенттеледі.

Қорлар (босалқылар) – бұлар:

  • қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
  • осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі;
  • өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулер кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Бухгалтерлік есепте қорлар (босалқылар) физикалық және ақшалай көрсеткіштермен есепке алынады. Қорларды (босалқыларды) физикалық өлшеусіз, тек құндық эквивалентте ғана есепке алу қолданыстағы стандарттарды өрескел бұзушылық болып табылады.

Бұл нені білдіреді?

Мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) бір ай ішінде балаларға ас дайындау үшін азық-түлік өнімдерін сатып алды. Есепке алу тек құндық мәнде жүргізілді, яғни, қорлар (босалқылар) номенклатурасында «Азық түлік өнімдері» анықтамалығы ашылды, өлшем бірлігі – теңге (немесе «Ет» «Нан» т. б. анықтамалықтары ашылды, бірақ барлығының өлшем бірліктері ақшалай – теңгемен болды). Айдың соңында бір айда сатып алынған өнімдердің жалпы құны мәніндегі ай бойына жинақталған көрсеткіш, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына есептен шығарылды. Келесі айдың басына қарағандағы сальдо 0 теңгені құрады.

Номенклатуралық анықтамаларда қорлардың (босалқылардың) әрбір түрі бойынша сандық есеп жүргізілетін өлшем бірлігі таңдалады. Мысалы, сүт – литр, нан – килограмм т. б.

Қорларды (босалқыларды) есептен шығару кезінде сандық көрсеткіш белгіленеді, ал құндық көрсеткіш құндық есепке алу әдісінің қабылданған түріне қарай есептеледі.

Қорлар (босалқылар) ең аз екі шаманың бірімен: өзіндік құны немесе таза сатылатын баға бойынша бағалануы тиіс.

Қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнына

  • сатып алуға;
  • қайта өңдеуге жұмсалған шығындар;
  • өзге де шығындар жатады.

Қорларды (босалқыларды) сатып алуға жұмсалған шығындар

  • қорлардың (босалқылардың) сатып алу бағасын;
  • импорттық баж салықтары мен басқа да салықтарды (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары);
  • тасымалдауға жұмсалған шығыстарды;
  • өңдеуге арналған шығыстар және қорларды (босалқыларды) сатып алумен тікелей байланысты шығыстарды қамтиды.

Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріліп тасталады.

МДҰ өнім берушіден 350 000 теңге болатын сомаға кеңсе тауарлары мен оқу материалдарын сатып алды. Тауарды өнім берушіден МДҰ қоймасына дейін жеткізуді көлік компаниясы жүзеге асырады және ол 2 000 теңге тұрады. Тауарды түсіру көлік компаниясының есебінен жүргізіледі және көлік қызметі шотына кіргізіледі. Қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнына қорлардың (босалқылардың) құны, өнім берушіге төленген сома, оған қоса қоймаға дейін жеткізу шығындары кіреді = 350 000 + 2 000 = 352 000 теңге.

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

Н. Д. Козарезова,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.
Жақын аралықта мынадай сұрақ келіп түсті: балабақшада бейнебақылауды орнатуға бола ма? Жасырын бейнекамераны орнатуға болмайды, ал қарапайым бейнекамераны жеңіл орнатуға болады. Біз сіздер үшін «Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау» мақаласын әзірледік. Журналдың https://e.rukdo.mcfr.kz/ электрондық нұсқасынан "Балабақшадағы бейнебақылау туралы бұйрықты", "Балабақшаның үй-жайлары мен аумағында бейнебақылауды жүргізу тәртібі туралы ережені" жүктеп ала аласыз.

Қорларды (босалқыларды) қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Қайта өңдеу шығындары өндірістік компанияларда кездеседі, сондықтан шығындардың бұл элементі МДҰ-да жоқ.

Басқа да шығындарға қорларды (босалқыларды) қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызуға қатысты болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнына кіргізілетін шығындардың бұл элементі де МДҰ-да жоқ.

Қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнынан алынып тасталатын шығындар

Қорлардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және ағымдық кезеңдегі шығыстар ретінде танылатын шығындардың тізімі:

  • шикізаттың шамадан тыс жұмсалуы;
  • егер олар тек өндірістік үрдісте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;
  • әкімшілік үстеме шығыстар (басқару және жалпы шаруашылық шығыстары);
  • сатуға жұмсалатын шығыстар (жарнама, маркетинг, еңбекақы, сатушылар- дың сыйақысы).

Аталған шығындардың ішінен қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнынан алынып тасталатыны, МДҰ-да тек «шикізаттың шамадан тыс жұмсалуы» ғана болуы мүмкін.

МДҰ қысқа арнап өнім тұздау үшін 500 кг жаңа піскен қырыққабатты бір кілісін 35 теңгеден сатып алды. Қоймада қырыққабатты сұрыптау кезінде, сатып алынған қырыққабаттың 20 кг шіріген болып шықты. Сондықтан, 20 кг шикізаттың шамадан тыс жұмсалуы болып табылады, олар 1 кг тұздалған қырыққабаттың өзіндік құнына кірмеуі тиіс. Біз 480 кг қырыққабаттың құнын бір кілісін 35 теңгеден, оған қоса тұздауға жұмсалған тұз бен сәбіздің құнын тұздалған қырыққабаттың өзіндік құнына есептен шығарамыз. Ал шіріп кеткен 20 кг қырыққабатты = 35 × 20 = 700 теңгені біз ағымдық кезеңнің шығыстарына есептен шығарамыз.

Таза сатылатын баға – өндірісті аяқтауға арналған есептік шығындар және сату үшін жұмсалуы тиіс есептік шығындар шегерілген қалыпты қызмет барысындағы есептік сату бағасы.

Таза сатылатын баға қорларды (босалқыларды) өзіндік құнынан төмен бағамен сату жүзеге асырылған жағдайларда қолданылады. Бұған:

  • тауарлардың нарықтық бағасының жаппай төмендеуі;
  • тауардың табиғи зақымдануы;
  • моральдық ескіруі;
  • бұйымды дайындауды аяқтау үшін қосымша шығындардың қажеттілігі себеп болуы мүмкін.

Егер қорларды (босалқыларды) сату бағасы, жинақтау бойынша қажетті шығындарды ескергендегі олардың ағымдағы бағасына қарағанда төмен болған жағдайда, қорлардың (босалқылардың) құнын таза сатылатын бағаға дейін түсіру қажет. Бұл іс жүзінде шығынды ол нақты пайда болғанға дейін тануды білдіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтардың әрбір түрін қорлардың (босалқылардың) құнын таза сатылатын баға шамасына дейін бағалау нысанына жеке қарастырған дұрыс. Егер дайын өнімнің бағасы шын мәнінде материалға деген бағаның түсуіне байланысты төмендесе, аталған материалдардың құнын азайту қажет. Таза сатылатын бағаны ең жақсы сандық мәнде көрсету осыған ұқсас материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындар болуы мүмкін.

Осылайша, қорларды (босалқыларды) таза сатылатын құнмен бағалау МДҰ-да ерекшелік ретінде өте сирек қолданылуы мүмкін. Негізінен өзіндік құн байынша бағалау қолданылады.

МДҰ-дағы бастапқы танудан кейінгі қорлардың (босалқылардың) өзіндік құнын бағалау мынадай әдістердің бірімен:

  • ФИФО әдісінің негізінде – «алғашқы түскен өнім – алғашқы жөнелтілген өнім»;
  • немесе орташа өлшемді құн әдісінің көмегімен жүргізіледі.

Бір мақсатқа арналған барлық қорлар (босалқылар) үшін, олардың географиялық орналасқан жеріне немесе қолданылатын салық салу жүйелеріне қарамастан бірдей бағалау әдісін қолданған дұрыс.

Орташа өлшемді құн әдісі – 1:С бағдарламасында «әдепкі қалпы бойынша» көзделген неғұрлым кең тараған нұсқа. Оның мәні мынада.

Қорларды (босалқыларды) тану сатып алу кезінде өзіндік құн бойынша жүзеге асырылады. Ұқсас тауарларға бағаның көп ауытқуы себепті біз ай ішінде сатып алынған ұқсас қорлардың (босалқылардың) санын және сомасын енгізіп отырамыз. Айдың соңында (немесе кез келген басқа кезеңде) біз тек сандық көрсеткішті ғана көрсете отырып қорларды (босалқыларды) есептен шығарамыз, құны келесі қағидат бойынша автоматты түрде есептеледі.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 3-2016 журналы

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться