MCFR.KZ Образование

Дидактикалық ойындар

  • 4 января 2019
  • 4222
Автор журнала «Справочник руководителя дошкольной организации», воспитатель КГУ «ДУ № 99 «Жемчужинка», г. Усть-Каменогорск
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар

Сенсорлық тұрғыдан дамыту балаларды түрлі сенсорлық әсерлермен байытуға бағытталған және қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың базасы болып табылады.


Сенсорлық қабілеттерді қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – дидактикалық ойын. Өз тәжірибемізде біз М. Монтессоридің сенсорлық материалдарының іріктемесін және оның «сенсорлық гимнастикасын», яғни, жаттығу ойындарын қолданамыз. Ойын барысында балаларда байқампаздық, зейін, жады, қиял дамиды, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде олар алған әсерлер ретке келеді, сөздік қоры кеңейеді, ойын және оқу дағдыларына ие болады.

Сенсорлық ойындарды жүргізу кезінде мынадай ережелерді басшылыққа алу қажет:

  • Балаға оқу құралын таңдауда дербестік беру.
  • Егер бала материалмен бірінші рет жұмыс істеген жағдайда, оны қалай пайдалануды көрсету.
  • Оған таныс сенсорлық материалмен өз бетінше ойын ойлап табуды (шығармашылық ойынды) ұсыну.
  • Балаларды бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, содан кейін материалды орнына қоюға үйрету.

Балалар сенсорлық материалмен дұрыс айналысуды үйренгеннен кейін, бұл материалды сюжеттік-рөлдік ойындарда қолдануды ұсынуға болады. Мысалы, иісі бар қорапшалар, дәмдік құтылар – «Дәріханалар» жабдығына кіреді, түстік (хроматикалық) кестелер көздің көруін тексеруге арналған «Емхана», «Таксилер тұрағы» ойындарында қолданылады. Балаларға арналған өз бетінше ойнайтын ойындардың («Не болды?», «Дұрыс – дұрыс емес») бөлігі сенсорлық қатарды әдейі бұзуға негізделген – ойынның мақсаты балаларға қателерді табуды ұсыну.


★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ★

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі STEAM-оқыту мүмкіндіктері
Зайцев текшелері оқыту әдістемесі

Л. В. Подобинская

педагогика магистрі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
STEAM әдістемесінің балаларға жаңалықтарды өз бетімен ашу мүмкіндігін беретіндігі тартымды. Аталмыш STEAM-біліктіліктер (жоғарыда аталған білім салаларының аясындағы негізгі дағдылар) қызықты практикалық сабақтардың көмегімен дамиды, олар балалардың білуге құмарлығын оятады, балаларға сыни ойлауды үйретеді, ал STEAM білім беру салалары зерттеу мен еркін шығармашылық үшін көптеген мүмкіндіктер береді.

Біз өз тәжірибемізде М. Монтессоридің технологиясын қолдана отырып, жаттығуларды:

– қуыршақ кейіпкерлерді, мысалы Дымбілместі: «Дымбілмес нені шатастырды?», «Дымбілместі цилиндрді (текшені, қорапшаларды т. б.) дұрыс қоюға үйрет»;

– топтық жаттығу ойындарын: «Спортшылар сапқа тұрады» – ұзындықтары әр түрлі зіл темірлермен ойындарды, «Ортақ мұнара» – текшелермен ойындарын;

– «Кемпірқосақ», «Күн» түрлі-түсті кестелерімен ойындарды жиі пайдаланамыз.

Сенсорлық дамытудың маңызды бөлігіне ағаштан жасалған геометриялық пішіндер және құрылыс салуға арналған жиынтықтарды құрастыру арқылы жаттығу ойындары жатады. Балаларға өз бетінше ойнауға арналған жиынтықтар беріледі, олар өздерінің қиялынан шыққан ғимараттарды, қорғандарды, қалаларды үлгі және модель бойынша құрастырады. Көбінесе жағдайға қарай (дайын үлгісіз) құрастырылады. Мысалы, «Хайуанаттар саябағы» ойынында белгілі бір ойыншық жануарларға қолайлы болатындай мөлшердегі қашалар дайындау қажет. Фермалар, көпірлер, жолдар салған кезде «М. Монтессоридің құрылымдық үшбұрыштары» пайдаланылады, балалар «Ұшбұрыштардың сиқырлы өзгерістері» ойынын ойнайды, «Ұшбұрыш өмір сүріпті ...» сюжетін құрады. Педагогтың көмегімен балалар осыған ұқсас ойындар сериясын ойлап табуды және «Шаршының, қиықтың, тік төртбұрыштың жұмбақ өзгерулері», «Шаршыға қалай қонаққа баруға болады...» ситуациялық ойындарын жалғастырады.

Дидактикалық ойындар негізінде әзірленген «Мектеп жасына дейінгі кіші балалардың ойын іс-әрекеті кезіндегі сенсорлық қабілетін дамыту» әдістемелік құралында сенсорлық тәрбиенің міндеттері тұжырымдалған:

  • заттардың қасиеттері туралы жинақталған әсерін қамтамасыз ету, сезімталдық сенсорлық-қозғалу тәжірибесін кеңейту;
  • назарын заттардың қасиетіне аударуға үйрету;
  • іс жүзінде әрекет ету кезінде түйсіктік-қозғалыстық зерттеу, көру арқылы қабыладу мен салыстыру арқылы баланың заттарды сезуін және қабылдауын дамыту;
  • көлемдердің, түстердің, пішіндердің ұқсастығын және айырмашылығын анықтаудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру;
  •  заттардың, әрекеттердің сапасын түсіне білуге және өзінің атай алуына үйрету, бір текті емес заттардың қасиеттерін пішіндері, көлемі, түсі бойынша салыстыра, екі түрлі заттың бірін таңдауды жүзеге асыра білуін қалыптастыру;
  • сындарлы-қарапайым ойлай білуін дамыту.

Дамытуға арналған дидактикалық ойындар

  • түстер. Мақсаты: заттарды түсі бойынша салыстыра білу, оларды топтастыру және түстерді кезектестіру. Бұл бөлімге «Тышқанды жасыр», «Түсі бойынша үйлестір», «Дәрумендер жинаймыз» ойындары кірді.
  • пішіндер. Мақсаты: балаларды заттарды пішіндері бойынша топтауға және оларды қоршаған ортадан табуға үйрету. Бөлімге «Пішінді жасыр», «Анаңа гүл сыйла», «Қолшатырды таңда» ойындары кірді.
  • көлемдер. Мақсаттары: балаларды заттарды бір біріне жақындатып қарау арқылы көлемдері бойынша салыстыруға үйрету, ұсынылған екі, үш заттың арасынан бөліп алу арқылы көлемдері бірдей заттарды табу. Бөлімге «Үйшік», «Кімнің соқпағы қысқа?», «Егінді жина» ойындары кірді.

Бөлімдердегі әрбір ойынның белгілі бір құрылымы: атауы, мақсаты, құралы мен мазмұны бар.

Ойын арқылы бала қоршаған өмірдің барлық көріністерін модельдейді, сол арқылы ол қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынас заңдылықтарын танып біледі. Педагогтың міндеті – балаға ойын арқылы әлеуметтік қатынастар әлемін тануға көмектесу. Сенсорлық қабілеттерді қалыптастыру кезінде іс жүзінде технологиялық картада қамтылған түрлі әдістер мен тәсілдер: сұхбаттасу, бақылау, әңгіме айту, дамыту ойындары қолданылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться