text
MCFR.KZ Образование

Негізгі құралдарды амортизациялау

  • 2 ноября 2018
  • 927
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бухгалтер-практик САР, г. Алматы
Негізгі құралдарды амортизациялау
Негізгі құралдарды амортизациялау

Негізгі құралдардың амортизациясын пайдалану үшін, яғни басшылықтың ниетіне сәйкес оның орналасқан жері мен жағдайы оның пайдалануын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп.

Негізгі құралдардың амортизациясын пайдалану үшін, яғни басшылықтың ниетіне сәйкес оның орналасқан жері мен жағдайы оның пайдалануын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, қол жетімді болған кезден ғана басталады.

Амортизацияланатын шама,
негізгі құралдарды амортизациялау кезеңі және әдісі

Тақырыпты ашуға арналған негізгі құжаттар:

  • ҚЕХС (IAS) 16 «Негізгі құралдар»;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған ҚЕХС (IFRS);
  • «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі» (ҚР қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – Ереже).

Барлық жоғарыда аталған құжаттарда мына терминдер қолданылады:

  • негізгі құралдардың (бұдан әрі – НҚ) амортизациясы – пайдалы қолдану мерзiмi iшiнде активтiң амортизацияланатын құнының жүйелi бөлiнуi;
  • амортизацияланатын шама активтің нақты құны немесе оның қалдық құны шегерілгеннен кейінгі нақты құнды алмастырушы бақса сома;
  • активтің қалдық құны – егер де аталған актив оны тиімді пайдалану мерзімінің соңында күтілетін жағдайға жеткен кездегі істен шығуға кеткен есептік шығындарды шегергеннен кейінгі активтің істен шығуы қазіргі кезде кәсіпорынның алуы мүмкін есептік сомасы
  • пайдалы қызмет мерзімі (тиімді пайдалану мерзімдері):

а) кәсіпорынның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;

б) активті пайдаланудан кәсіпорын алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері;

  • амортизацияны есептеу әдісі – активтің экономикалық пайдасы мен қызметтік әлеуетін тұтыну сызбасы.

Активтің амортизациясын есептеу

  • активті тануды тоқтатқан кезден бастап тоқтатылады;
  • актив толығымен амортизацияланған кездегі жағдайды қоспағандағы активтің тұрып қалуы немесе активтің белсенді түрде қолданылуының тоқтатылуы жағдайында амортизацияны есептеу тоқтатылмайды.

Соған қарамастан активті пайдалану негізінде амортизациялар әдісін (амортизацияның өндірістік әдісі) пайдалану кезінде амортизацияланған аударымдардың сомасы егер актив өндіріс үрдісіне қатыспаса, нөлге тең болуы мүмкін.

Әр кезеңге амортизациялық есептеулер егер олар басқа активтің баланстық құнына кірмесе, сол кезеңдердің шығыстарында танылады. Негізгі құралдардың құнынан 100 % асырып амортизация есептеу жүргізілмейді. Әрі қарай қолдануға жарамды, НҚ объектісі құнының 100 % мөлшерінде жинақталған амортизация тозу себебіне байланысты есептен шығару үшін негіз болып табылмайды.

Амортизациялық аударымдар сомасы ай сайын есептеледі.

Амортизация сомасын есептеу үшін амортизациялық аударымдар нормасы қолданылады, ол мына формула бойынша есептеледі:

Тану кезіндегі НҚ бастапқы теңгерімдік (баланстық) құны /
активті амортизациялау мерзімі

Бұл формуланы жеке бизнес субъектісіне жататын мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) қолданады.

Мемлекеттік МДҰ-лар мен қазыналық кәсіпорындарға арналған амортизациялық аударымдардың жылдық нормалары «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» ҚР қаржы министрінің 24.02.2011 ж. № 95 бұйрығына 122-қосымшада көрсетілген. НҚ тозу нормалары негiзгi құралдардың (активтердiң) құнын өтеудiң нормативтiк мерзiмiн көрсететiн олардың қызметiнiң экономикалық мерзiмiне сүйене отырып белгiлендi.

Мемлекеттік ұйымдардың ұзақ мерзімді активтері бойынша
тозудың жылдық нормалары

Негізгі құралдарды амортизациялау

Мемлекеттік ұйымдардың ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормаларында көзделмеген НҚ бойынша тозуды есептеуді соларға ұқсас НҚ-ға арналған тозу нормалары бойынша жүргізген дұрыс.

Жекеменшіктегі МДҰ-лардың есеп саясатында амортизацияны есептеу тәртібі мен амортизацияны есептеу туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Мемлекеттік және қазыналық МДҰ-лар үшін амортизацияны есептеу тәртібі Ереженің 259-тармағында көрсетілген:

«Сатып алынған НҚ амортизациясын есептеу айдан кейінгі айдың 1-і күнінен бастап жүргізіледі:

  • монтаждауды жүзеге асыру талап етілмесе, сатып алулар;
  • монтаждау қажет болса, қолданысқа енгізу.

Шығып қалған НҚ амортизациясын есептеу НҚ объектілерінің шығып қалған айынан кейінгі айдың 1-нен тоқтатылады.

НҚ тұрып қалу немесе белсенді емес қолданылу жағдайы болғанда немесе оны алып тастау үшін ұстап қалған жағдайда НҚ объектісінің амортизациясы толық амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды».

Амортизация төмендегі мынадай НҚ объектілеріне:

  • жерге;
  • мәдени мұра активтеріне;
  • жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, әрекет етуші және әрекет етпейтін модельдерге, макеттерге және кабинеттер мен зертханалардағы және оқыту және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
  • жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
  • кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына, мұражайлық және көркем құндылықтарға;
  • консервациялауға ауыстырылған активтерге есептелмейді.

Амортизацияны есептеу әдісі мемлекеттік мекеменің активтің экономикалық пайдасы мен қызметтік әлеуетін тұтыну сызбасын көрсетеді. Активтің амортизациялық құнын жүйелі бөлу үшін оның пайдалы қолданылу мерзімі ішінде амортизацияны есептеудің түрлі әдістері қолданылады:

  • тозуды есептеудің біркелкі әдісі – активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде тұрақты аударымдарға әкеледі;
  • азаятын қалдық әдісі – активті пайдалы қолдану мерзімі ішінде аударымдардың азаюына әкеледі;
  • өнім бірлігінің әдісі (өндірістік әдіс) – күтілетін қолдануға немесе алған өнімнің санына негізделген есептеулерге әкеледі.

Әдетте МДҰ, тозудың біркелкі есептеу әдісін қолданады. Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы амортизация құнының амортизация нормасына көбейтіндісіне тең. Амортизациялық аударымдар ай сайын есептелетіндіктен, тозу нормасы жылына емес айына алынады, ол жылдық тозудың 1/12 бөлігін құрайды. 1С: Бухгалтерия бағдарламасы дұрыс жұмыс істеу үшін, НҚ пайдалы қызмет мерзімі (тиімді пайдалану мерзімдері) аймен енгізіледі, бұл активтің айлық тозу нормасының автоматты түрде есептелуіне әкеледі.

Активтің қалдық құны және пайдалы қызмет мерзімі (тиімді пайдалану мерзімдері) әрбір есептік кезеңнің соңында кемінде 1 рет қайта қаралуы тиіс және бұрынғы бухгалтерлік бағалаулардан ерекшеленетін барлық күтулер есепке алуда ХҚЕС-тың (IAS) 8-ші «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» бөліміне сәйкес өзгерістер ретінде көрсетілуі тиіс.

Активтің амортизацияланатын шамасы оның қалдық құнын шегергеннен кейін анықталады. Іс жүзінде активтің қалдық құны көбінесе оның азғантай ғана бөлігін құрайды және тиісінше амортизациялық құнды есептеген кезде маңызды болып табылмайды. МДҰ-да әдетте, қалдық құнды нөлге тең деп алады.

Амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізу үшін қажетті параметрлерді есептеу тәртібін мысал ретінде қарастырамыз.

★ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ★

Жаңа жылға сыйлықтар: шығындарды бухгалтерлік ресімдеу

Негізгі құралдарды амортизациялау

В. П. Проскурина,

сертификатталған бухгалтер-практик, САР, Алматы қ.
Шығындарды бухгалтерлік есепте қалай дұрыс көрсетуге болады? Біздің мақаламызда осы сұрақтың жауабы қарастырылады.

МЫСАЛ

Құны 457 000 теңге болатын ас үйге арналған электр плитасы сатып алынды.

Жағдайды шешу: негізгі құралдардың түгендеу карточкасында (Нысандар альбомына 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және қазыналық МДҰ-ларға арналған НҚ-6 нысаны және жекеменшіктегі МДҰ-ларға арналған ҚР ҚМ № 562 бұйрығына 17-қосымшаға сәйкес ҰМА-2 нысаны) мына деректерді көрсету қажет:

  • Баланстық (теңгерімдік) құны = 457 000 теңге, өйткені құрал-жабдық өнім берушінің күшімен жеткізілетіндіктен және орнында құрастырылатындықтан, МДҰ-да оны құрастыру бойынша қосымша шығын туындамайды.
  • Қалдық құны (біз жоғарыда оны әдетте нөлге тең қабылдайтынын көрсеттік) = 0 теңге.
  • Амортизацияланатын құн = 457 000 – 0 = 457 000 теңге.
  • Пайдалы қызмет мерзімі (айлармен):

–   мемлекеттік және қазыналық МДҰ-лар үшін ҚР ҚМ 24.02.2011 ж. № 95 бұйрығына 122-қосымшаға сәйкес анықталады:

Негізгі құралдарды амортизациялау


Тозу нормасына қарай, мерзімді есептейміз = 100 % / 12 % = 8,333 жыл × 12 = 100 ай;

–   жекеменшіктегі МДҰ-лар үшін тозу мерзімі аналитикалық жолмен алынады және 8 немесе 10 жылды құрауы мүмкін. Мысалы 10 жыл алынды дейік. Яғни карточкада: = 10 × 12 = 120 ай деп жазылатын болады.

Жыл бойғы амортизацияның нормасы:

  • мемлекеттік және қазыналық МДҰ-лар үшін = 12 %;
  • жекеменшіктегі МДҰ-лар (10 жыл) = 100 % / 10 жыл = 10 %;

Айына алғандағы амортизация нормасы:

  • мемлекеттік және қазыналық МДҰ-лар үшін = 12 % / 12 ай = 1 %;
  • жекеменшіктегі МДҰ-лар үшін (10 жыл) = 10 % / 12 ай = 0,833 %;

Егер НҚ компоненттер бойынша есебі жүргізілсе, амортизация нормасын әр компонент бойынша есептейді, сондықтан, НҚ бойынша амортизация сомасы тұтастай алғанда әр компонент бойынша амортизацияның жалпы құнын құрайды (1С: Бухгалтерия бағдарламасында бұл автоматты режимде есептеледі).

МДҰ-да НҚ бойынша амортизацияны есептеуді көрсету жөніндегі
бухгалтерлік өтпелі жазбалар (проводка) сызбасы

Негізгі құралдарды амортизациялау

Жүктеу: Толык Нұсқасы DOC файл


Жинақталған тозу сомасы амортизацияланатын құнның шамасын құрайтын, ал НҚ әлі де болса пайдалануға жарамды болатын жағдайларға жол бермеу мақсатында, мемлекеттік ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізудің стандарттары мен қағидаларында ұйымның НҚ пайдалану мерзімін қайта қарау құқығы көзделген. Бұндай құқыққа есепті бухгалтерлік стандарттарға және қағидаларға сәйкес жүргізетін тек жекеменшіктегі МДҰ-лар мен қазыналық ұйымдар ғана ие.

Мемлекеттік МДҰ-ларда бұндай тәжірибе Қағидаларда көзделмеген.

НҚ пайдалану мерзімін қайта қарау тәртібін мысал ретінде қарастырамыз.

ЖАҒДАЙ

35 000 теңге болатын амортизациялық құны бар, пайдалану мерзімі – 4 жыл (тозудың жылдық нормасының кестесі бойынша анықталған –100 % / 25 % = 4 жыл) болатын балалар керуеті.

22 ай қолданғаннан (22 / 48 × 100 % = 45,83 % пайдалану мерзімі) кейін жүзеге асырылған жылдық түгендеу қорытындысы бойынша, түгендеу комиссиясы, аталған керуеттің түгендеу сәтіне қарағандағы әділ құны 30 000 теңгені (30 000 / 35 000 × 100 % = 85,7 % амортизациялық құннан) құрайтынын анықтады. Яғни, бұл керуеттің нақты пайдалану мерзімі, оны тану кезінде көзделгендегіден едәуір жоғары болуы мүмкін. Сондықтан пайдалану мерзімін өзгерту жүргізіледі, сонымен қатар келесі кезеңнен бастап қолданылатын амортизация нормасы да өзгереді.

Шешім: 22 ай пайдаланған кездегі жинақталған амортизация сомасы = 25 % / 12 ай × 22 ай × 35 000 = 16 041,67 теңгені (айына 729,17 теңгеден) құрады. Амортизация сәтіне қарағандағы баланстық құны = 35 000 – 16 041,67 = 18 958,33 теңгені құрады.

Мысалы, түгендеу комиссиясы пайдалану мерзімін 10 жылға, яғни 120 айға арттырды делік. Тиісінше амортизацияның жылдық нормасы 25 %-дан 10 %-ға дейін (100 % / 10 жыл) өзгерді.

Сондықтан келесі кезеңнен бастап, амортизацияның айлық нормасы 0,833 %-ды немесе 35 000 × 0,833% = 291,55 теңгені құрайтын болады. Жинақталған амортизация сомасын пайдалану мерзімінің өзгеруі есебінен түзеу бухгалтерлік өтпелі жазбаның (проводка) «қызыл сторно» әдісімен ағымдық жылдың пайдасы есебінен жүзеге асырылады: Дт 7210 Кт 2420 сомасына = (729,17 – 291,55) × 22 ай = 9 627,64 теңге (теріс сан).

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться