text
MCFR.KZ Образование

Балаларды түзету жұмысындағы логоритмика

  • 22 октября 2018
  • 3028
Автор журнала «Справочник музыкального руководителя», музыкальный руководитель КГКП «Специализированный ясли-сад № 74 «Ертөстік», г. Караганда
Балаларды түзету жұмысындағы логоритмика

Логоритмика – бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну – адамның маңызды сезімдерінің бірі. Дәл логоритмика осы параметрлердің бәрі бойынша баланың ырғақты дамуынан құралады: музыкада және қимылдағы сөйлеуде (моторикада).

Ең жарқын ырғақты біз музыкадан естиміз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақты естуін, сөйлеудегі және қимылдардағы ырғақты сезінуін барынша ерте дамыту керек. Дұрыс, таза сөйлеуді уақытында игеру баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Біздің «Ертөстік» балабақшамызда қарапайым балалармен бірге көруі бұзылған балалар тәрбиеленуде. Өкінішке орай, соңғы жылдары әртүрлі сөйлеуі бұзылған қос санаттағы балалар саны артуда. Көруі бұзылған балалардың қимыл, тілдік, психикалық салаларында ауытқушылықтар байқалады, ал музыкалық-ырғақты қимылдар релаксациялық қызмет атқарады, эмоционалды бәсеңдікке жетуге, ақыл-ой жүктемелерін және шаршауды басуға көмектеседі. Музыка бас миына жеткізетін ырғақ жүйке жүйесі шиеленісін басады.

Көруі мен сөйлеуінде бұзылулары бар балалармен түзету жұмыстарында логоритмиканың атқаратын маңызы зор, себебі музыка сабағына үнемі логоритмика элементтерін енгізу тілді, жалпы моториканы және үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді, жағымды эмоционалды көңіл күй қалыптастырады, құрдастарымен араласуға баулиды. Жақында ғана жалпы моториканың дамуымен баланың тілі де дамитыны ғылыми түрде дәлелденді.

Логопедтік ритмика құралдары:

  • әртүрлі бағыттарда жүру және марштау;
  •  тыныстауды, дауысты және артикуляцияны дамытуға арналған жаттығулар;
  • бұлшық ет тонусын реттейтін жаттығулар;
  • зейінді белсендіруші жаттығулар;
  • музыкалық көлем сезімін қалыптастырушы есептік жаттығулар;
  • ритмикалық жаттығулар;
  • ойын қызметі.

Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің бәрін құрудың негізгі қағидаты – қимылдың музыкамен тығыз байланысы және тілдік материалды енгізу. Сөз әртүрлі формаларда енгізіледі: әндердің, хороводтардың мәтіндері, ән айту арқылы драмалау, берілген тақырыпты сахналау, қимылды ойындарда жүргізушінің нұсқаулары. Сөзді енгізу музыкалық ырғақпен емес, керісінше өлең түріндегі ырғақпен бірқатар жаттығулар құруға мүмкіндік береді, олар бұл ретте қимылдардағы ырғақтылық қағидатын сақтауға ықпал етеді. Осылайша, музыка сабақтарында өзіндік музыкалық-қимыл-тілдік негіз құрылады.

Логоритмикалық әсердің маңызды буынын тілді дамыту және тілдік бұзылуларды түзету құрайды. Бұл жүйе келесі бағыттар бойынша жұмыстан құралады:

  • тыныс алу қарқыны мен ырғағын тәрбиелеу (қарқын мен ырғақ қимылды жаттығулар барысында алғашқыда сөзсіз, кейіннен сөзбен тәрбиеленеді);
  • әртүрлі тілдік бұзылулары бар балалардың фонематикалық қабылдауын дамыту, себебі үндестілігі, дауыс қаттылығы, қарқыны мен ырғағы әртүрлі музыканы қабылдау фонематикалық үдерістерді жетілдіруге арналған негізді құрайды.

Түзету жұмысы барынша жан-жақты және музыка қызметінің барлық түрлерінде әртүрлі бағыттарда өткізіледі.


«Ұшты, ұшты» жаттығуы

Ырғақты полька ойнайды, балалар педагогпен бірге музыканың ырғағымен әннің мәтінін әндетеді және көздерімен қимылдарды орындайды, педагог таяққа қонған құсты көрсетеді, балалар құстың көзін бақылайды. Бұл жаттығуда тапсырмалардың біртұтас кешені шешіледі: көз қимылы бұлшық еттерін жаттықтыру, қараудың қадағалаушы қызметтерін дамыту, артикуляцияны, ырғақты сезінуін және музыкалық қабілеттерді дамыту.

«Ұшты, ұшты, оңға ұшты» – балалар оң жаққа қарайды;

«Ұшты, ұшты, солға ұшты» – балалар сол жаққа қарайды;

«Ұшты, ұшты, жоғарыға ұшты» – жоғарыға қарайды;

«Ұшты, ұшты, төменге ұшты» – төмен жаққа қарайды;

«Ал кейін айнала бастады» – көзбен айналмалы қимылдарды орындау;

«Айналды және шаршады» – балалар көздерін сығырайтып, «ұйықтайды».

«Сәбилерге арналған ырғақты ширату» музыкалық-ауызекі ойыны

(музыкасы мен сөзі Е. Макшанцеванікі)

Балалар әндетеді және мәтін бойынша қимылдарды орындайды.

Қолды алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз (қолды сілку).

Біз билейміз буги-вуги,

Айналамыз буги-вуги,

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Аяқты алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз (аяқты сілку).

Біз билейміз буги-вуги

Айналамыз буги-вуги

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Мұрынды алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги,

Айналамыз буги-вуги,

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Бұл ойынды сабақтың басында өткізген дұрыс, себебі сәбилер таңертең жиі қыңырланады, ал осы ойын көңіл күйді көтереді және жағымды эмоционалды көңіл қалыптастырады. Ол балаларға еріксіз формада дауыс аппаратын ән айтуға дайындауға және ырғақты ширату өткізуге мүмкіндік береді.

Музыка сабақтарында әртүрлі музыкалық-дидакутикалық ойындарды, логоритмика құралдарының көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-тілдік қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды қолдануды ұсынамын.

«Жайлауда» ойыны

(«Жастар» қазақ халық әуені, сөзі Ж. Короткихтікі)

Мақсаты: бір уақытта ырғақты түрде шапалақтың екі түрін орындай отырып әуенді таза интонациялауға, ән дыбыстарын нақты артикуляциялауға машықтандыру; есту, тілдік және қимыл үйлесімділігін дамыту.

Жабдығы: домбыра.

Балалар қазақша шеңберге отырады және «Жастар» қазақ халық әуенінің сүйемелдеуімен «Өлең айтамыз, көңілді тұрамыз» әнін орындайды, бір уақытта тізелерін 2 рет + алақандарын 2 рет шапалақтайды. Осы кезде жүргізуші тоқтайды. Жүргізуші жанына тоқтаған екі бала орындарынан тұрады және белгі бойынша жан-жаққа жүгіреді. Кім жылдам жүгіріп келсе, сол домбыраны алады, ол жеңіледі.

«Түрлі түсті ауыл»

Мақсаты: қазақ халқының музыка мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелеу; plie*-мен қосалқы қадамды ырғақпен орындауға, би қадамын және бір уақытта әнді орындауға баулу, бұл ретте дыбыстардың нақты артикуляциясын сақтау, түсті қабылдауын, қимылдар үйлесімін дамыту.

 * Екі есепке адымдау-отырып тұру. Оң аяқ жаққа адымдап, басқа аяғыңды еденнен көтермей түзу ұста, бұл ретте бір уақытта алғашқы аяқпен отырып-тұрыңдар.

Жабдық: түрлі түсті таяқшалар, кілемнің үстінде орналасқан 3 киіз үй.

Балалар 3 шеңберге тұрады, қолдарына үш түсті орамал ұстаған. Музыканың 1-ші бөлігі – балалар өз шеңберлерінің ішінде plie-мен қосалқы қадам жасайды, қолдарымен «киіз үйді» бейнелейді, және әндетеді:

Киіз үйде тамаша,

Қар кірмейді, жел үріп.

Киіз үйде тамаша,

Достарыммен ып-ыстық.

Шағын қайталама ойнайды, ол кезде балалар бір ортақ шеңберге тұрады. Музыканың 2-ші бөлігі – барлық балалар бір үлкен шеңбердің ішімен би қадамымен жүреді және әндетеді:

В юрте теплой и просторной

Нам не страшен ветер злой,

От него я быстро спрячусь,

Друга я возьму с собой.

Музыканың 3-ші бөлігі – бәрі еркін қозғалады, шоқырақтауды орындайды. Музыка аяқталғанда 3 шеңбер құрып, қолдарына орамал ілінген қолдарын жоғарыға көтереді. Кімнің командасы жылдам?



«Ырғақты канон» жаттығу-ойыны

Мақсаты: балалардың музыкалық-ырғақты жадысын, зейінді дамыту; есту-көру-қозғалыс үйлесімділігін дамыту; музыканың сүйемелдеуімен ырғақты санауға баулу.

Балалар сызықтың бойына тұрады, ырғақты музыка ойнайды, педагог балаларға кезекпен келесі қимылдарды орындауды ұсынады: біреуі алақанын шапалақтайды, басқасы аяғын тапырлатады, үшінші шапалақтайды және т. б. Осыдан кейін педагог балалардың қазір ғана канонды орындағанын айтады, және олардың осы сөздің мәнін қалай түсінгенін сұрайды. Балалар канон дегеніміз – бұл қимылдарды кезек-кезекпен қайталау деп жауап береді. Балаларға тапсырма беріледі: 1-ші бала шапалақты орындайды, 2-ші – адымдайды, 3-ші – секіреді, 4-ші – айналады және т. б. әр тапсырма 4 музыкалық есепке орындалады, музыка жетекшісі төртке дейін анық әрі дауыстап санау  керектігіне балалардың назарын аударады.

Логоритмика элементі – музыканың сүйемелдеуімен есептік жаттығулар. Алдымен балалар бірге айтып көреді, кейін бір-бірден «тізбек» бойынша.

«Сұрақ–жауап» ойыны

Мақсаты: көру және есту қабылдауы арқылы ойлауды және тілді дамыту; метр және ырғақты сезінуін дамыту.

Жабдықтары: сурет-иллюстрациялар, балалар музыка аспаптары.

Педагог иллюстрацияларды көрсетеді және диалог түрінде ойын өткізеді (сұрақ-жауап). Сұрақтар мен жауаптар ырғақты болуға тиіс. Педагог фортепианода ойнайды, ал бала – шулы аспапта немесе әннің ырғағын шапалақпен жеткізеді.

Педагог.

Тышқан, Тышқан, ұйықташы,

Сабанды сыбдырлатпашы?

Бала.

Ұйықтап қалудан қорқамын мен,

Мұртты мысық түсіме кіреді.

Педагог. Мысық, сен қайда болдың?

Бала. Ұйықтадым астында сатының.

Педагог. Кім аяғын тапырлатады – цок, цок?

Бала. Бұл біздің жорға атымыз.

Сұрақ. Сен неге көңілсізсің қояным?

Жауап. Орамжапырақты жоғалтып алдым.

Сұрақ. Қоңызым, үйің қайда сенің?

Жауап. Бұтақтың астында үйім менің.

«Ырғақты оркестр» ойыны

Мақсаты: кеңістікке бағдарлануға, жылдам орын ауыстыруға баулу, метр және ырғақты сезінуін дамыту; тілдік, ұсақ моториканы дамыту.

Жабдығы: дирижер таяқшасы, балалардың музыкалық аспаптары.

Балалар төрт командаға бөлінеді, әр команданың белгілі музыкалық аспабы бар. Балалар шаршы құрады, ортасында қолына дирижерлік таяқшаны ұстаған бала-дирижер тұр. Музыкалық сөйлемше басталғанда дирижер бір командаға бұрылып қарап, дирижирлейді, балалар «Өлең айтамыз, көңілді тұрамыз» әнін орындайды және бір мезгілде өздерінің музыкалық аспаптарында ойнайды. Осыдан кейін дирижер басқа командаға бұрылады, балалар әндетеді және ойнайды.

Полька ойнайды, балалар шоқырақтауды орындайды, музыка аяқталғанда жылдам орындарына тұруға тырысады. Кімнің командасы жылдам болса, сол жеңіске жетеді. Осыдан кейін жаңа дирижер таңдалады. 

Дереккөз: «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться