MCFR.KZ Образование

МДҰ негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алу

  • 21 января 2019
  • 336
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бухгалтер-практик САР, г. Алматы
Негізгі құралдар
Негізгі құралдар

Негізгі құралдарды тану өзіндік құн бойынша немесе әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Оларға активті қайтарусыз негізде сатып алу жатады.

Негізгі құралдар – негізгі құралдар объектілерінің келіп түсуін есепке алу (тану кезіндегі өлшемдер: өзіндік құн элементтері, өзіндік құн өлшемдері).

Мектепке дейінгі ұйымға негізгі құралдардың келіп түсуі

Мектепке дейінгі ұйымға (бұдан әрі – МДҰ) негізгі құралдардың (бұдан әрі – НҚ) келіп түсуі мынадай операциялар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

  • сатып алу;
  • өзінің немесе мердігерлердің күшімен жасау;
  • сыйға беру, қайырымдылық көрсету нәтижесінде қайтарусыз алу т. б.;
  • айырбастау операциялары нәтижесінде сатып алу;
  • негізгі құралды қаржыландыру жалына беру нәтижесінде сатып алу.

НҚ-ны тану өзіндік құн бойынша (активті сатып алу немесе құру, сондай-ақ қаржыландыру жалына беру жағдайында) немесе әділ құн (негізгі құралдарды айырбасталмайтын операциялардың немесе бір активті екінші активпен ауыстыру нәтижесінде сатып алған жағдайда) бойынша жүзеге асырылады. Оларға активті қайтарусыз негізде сатып алу (сыйға беру, қайырымдылық көрсету, қайтарусыз беру) жатады.

НҚ есепке алуға байланысты операцияларлы регламенттейтін барлық нормативтік құжаттарда: шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-тың (IAS) 16-шы «Негізгі құралдар», ҚЕХС-тың (IFRS) 17 бөлімі, ҚР қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» тиісті бөлімдері – негізгі құралдарды бастапқы тану кезінде өздік құнды анықтау түсініктері ұқсас.

МДҰ-ға арналған НҚ объектілерінің өзіндік құны мыналарды:

  • импорттық баждарды және сатып алуға арналған саудалық жеңілдіктер мен түсірулер шегерілгеннен кейін орны толтырылмайтын (өтелмейтін салықтар) салықтарды сатып алу бағасын қоса алғандағы оның сатып алу бағасын;
  • активті учаскеге жеткізуге және оны мақсаты бойынша жұмыс жағдайына келтіру үшін жағдайлар дайындауға тура жатқызылатын кез келген шығыстарды қамтиды.

Мысалы: МДҰ балалар алаңына арналған жаппаларды сатып алды. Өнім беруші есебінен орынға жеткізу және жұмыс істейтін күйге дейін құрау жағдайындағы оның құны 896 000 теңгені құрады, оның ішінде 96 000 теңге сомадағы қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бар. Жаппаны өз күштерімен жасалған іргетасқа орнату қажет және іс жүзіндегі оны жасауға жұмсалған шығындар 15 000 теңгені құрады. Маркетингтік талдау жасауды және өнім берушіні іздеуді жүзеге асырушы жеке тұлғаға, делдалдық қызметі үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша (ұстап қалынған ЖТС сомасын қоса алғанда) 12 000 теңге төленді. (Ескерту. Мемлекеттік мекемелер негізгі құралдарды жеке заңнамамен реттелетін мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша сатып алуы тиіс болғандықтан, бұндай ұйымдарда делдалдық қызметтерге арналған шығыстардың болуы мүмкін емес).

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жаппаның өзіндік құнын, оны бухгалтерлік есепке қою кезінде қалай есептеп шығаруға болады?

Жағдайдың шешімі:

  • Өтелмейтін салықтарды (ҚҚС болып табылатын, өйткені ҚР Салық кодексінің 253-бабының 3) тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі білім беру бойынша көрсетілетін қызметтер ҚҚС-тан босатылған)  қоса алғандағы сатып алу құны 896 000 теңгені құрады.
  • Жаппаның астына іргетас қалау үшін жұмсалған нақты шығындардың құны 15 000 теңгені құрады.
  • Жаппаны жеткізушіні іздеу бойынша көрсетілген қызметтің құны 12 000 теңгені құрады.

Демек, жаппаны бухгалтерлік есепке алу кезінде баланста көрсетілуі тиіс жаппаның бастапқы құны: 896 000 + 15 000 + 12 000 = 923 000 теңгені құрайды.

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

Н. Д. Козарезова,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.
Жақын аралықта мынадай сұрақ келіп түсті: балабақшада бейнебақылауды орнатуға бола ма? Жасырын бейнекамераны орнатуға болмайды, ал қарапайым бейнекамераны жеңіл орнатуға болады. Біз сіздер үшін «Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау» мақаласын әзірледік. Журналдың https://e.rukdo.mcfr.kz/ электрондық нұсқасынан "Балабақшадағы бейнебақылау туралы бұйрықты", "Балабақшаның үй-жайлары мен аумағында бейнебақылауды жүргізу тәртібі туралы ережені" жүктеп ала аласыз.

Операцияларды көрсету бойынша бухгалтерлік өтпелі жазбалар (проводка)

МДҰ негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алу

НҚ өздік құнына кіретін нақты шығындарға:

  • жаңа ғимаратты ашу;
  • жаңа өнімді немесе көрсетілетін қызметті (тауарды жарнамалауға және жылжыту бойынша іс-шараларға шығынды қоса алғанда);
  • әкімшілік немесе өзге де жалпы үстеме шығыстар жатады.

НҚ объектісінің баланстық құнына кіретін шығындарды тану, ол өзінің тура мақсаты бойынша пайдалануға дайын болған кезде тоқтатылады. Мынадай:

  • объект жұмыс істейтін күйде пайдалануға берілуі тиіс және әлі пайдаланылмаған немесе толық қуатымен жұмыс істемеген жағдайларда туындаған шығыстар;
  • барлық МДҰ-ны немесе оның бөліктерін орнынан ауыстыруға немесе қайта құруға арналған шығыстар негізгі құралдардың баланстық құнына кірмейді.

Бухгалтерлік есепте көрсетілетін әрбір сатып алынған НҚ-ға бастапқы құжаттар ресімделеді:

– мемлекеттік МДҰ-лар үшін – Қазақстан Республикасы қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген «Нысандар альбомы» (бұдан әрі – Альбом);

– меншік нысаны басқа ұйымдар үшін – «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығы.

Мемлекеттік МДҰ-лар әрбір сатып алынған НҚ-ға № ОС-1 нысаны бойынша (Альбомға 1-қосымша) Негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісін ресімдейді және № ОС-6 нысаны бойынша (Альбомға 9-қосымша) Мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдар мен инвестциялық жылжымайтын мүлікті есепке алу түгендеу карточкасын жүргізеді.

№ ОС-1 нысаны бойынша акт:

  • 2310 – «Жер»;
  • 2320 – «Ғимараттар»;
  • 2330 – «Құрылыстар»;
  • 2340 – «Беріліс қондырғылары»;
  • 2350 – «Көлік құралдары»;
  • 2360 – «Машиналар және жабдықтар»;
  • 2370 – «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы»;
  • 2380 – «Өзге негізгі құралдар»;
  • 2411 – «Аяқталмаған құрылыс»;
  • 2510 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша НҚ-ларды, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беруді (тасымалдауды) ресімдеу үшін қолданылады.

№ ОС-1 нысаны бойынша акт әрбір жеке объектіге (зат, жинақ) екі данада жасалады. Біртекті және құны бірдей машиналар, аппаратура, аспаптар, шаруашылық мүкәммал және жабдық үшін бірнеше объектілерді (заттарды) қабылдауға жалпы № ОС-1 нысаны бойынша жалпы акті жасауға жол беріледі.

Негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін (заттарын) қабылдау үшін мемлекеттік мекеме басшысының өкімімен (бұйрығымен) комиссия құрылады. № ОС-1 нысаны бойынша актіні мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Ол ресімделгеннен кейін бухгалтерлік қызметке беріледі. Актіге осы объектіге (затқа) қатысты техникалық құжаттама қоса беріледі. Осы құжаттардың негізінде бухгалтерлік қызмет объектіге түгендеу нөмірін береді және есептеу тіркеулерінде тиісті жазбалар жүргізеді.

Жеке заттарды қабылдауды тікелей бастапқы құжаттар (шот-фактуралар мен басқа да бастапқы құжаттар) негізінде ресімдеуге жол беріледі.

Материалдық жауапты адамдар түсуі туралы алғашқы құжаттарда объектілерді (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау қолхатынан басқа, оларды түгендеу нөмірін көрсете отырып, № ОС-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізіміне олардың жазылғаны туралы (олардың орналасқан жері мен пайдаланылуы бойынша) белгі жасауы тиіс.

Түгендеу карточкасы

№ ОС-6 нысанындағы түгендеу карточкасы, НҚ мен инвестциялық жылжымайтын мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстар мен беріліс қондырғыларын, машиналар мен жабдықтарды, өндірістік  құралдарды (керек-жарақтарды қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалын, көлік құралдары мен өзге де негізгі құралдарды мына:

  • 2310 – «Жер»;
  • 2320 – «Ғимараттар»;
  • 2330 – «Құрылыстар»;
  • 2340 – «Беріліс қондырғылары»;
  • 2350 – «Көлік құралдары»;
  • 2360 – «Машиналар және жабдықтар»;
  • 2370 – «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы»;
  • 2380 – мемлекеттік мекемелерде ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты емес жануарлардан (өнімді мал), өсімдіктерден басқа «Өзге негізгі құралдар» шоттары;
  • 2510 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.  

№ ОС-6 нысанды түгендеу карточкасында жазбалар мынадай бастапқы құжаттар: пайдалануға енгізу туралы қабылдау актілері, әзірлеуші зауыттардың техникалық паспорттары және басқа да бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Онда объектілердің (заттардың) мынадай өзіне тән белгілері: сызба, модель, үлгі, маркасы, зауыттық нөмірі, шығару (әзірлеу) күні, негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға енгізу актісінің нөмірі көрсетіледі.

№ ОС-6 нысанды түгендеу карточкасына жинақталған амортизация сомасы теңгемен, амортизация нормасы, амортизация соңғы рет есептелген ай мен жыл жазылады. Бұл ретте 13 – «Жиналған амортизация сомасы, теңге» және 14 – «Амортизация соңғы рет есептелген ай мен жылы» бағандары ұзақ мерзімді актив шығарылған кезде толтырылады. 8 «Қаржыландыру (түсім) көзі» бағанында:

  •   5011 – «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру»;
  •   5012 – «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру»;
  •   6010 – «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыс»
  •   6050 – «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыс»;
  •   6110 – «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар»;
  •   6330 – «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыс» бюджеттік – қосалқы шоттары/шоттары бойынша негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қаржыландыру (түсім) көзі көрсетіледі.

«Объектiнiң қысқаша жеке сипаттамасы» бөлiмiнде негiзгi объектiнiң сондай-ақ оған жататын маңызды құрылыстардың, қондырғылардың және жабдықтардың негiзгi сапалық және сандық көрсеткiштерi ғана жазылады. Егер жабдықтардың, құралдардың, есептеу техникаларының және басқа жабдықтардың құрамында қымбат бағалы металдар бар болса, онда құрамында қымбат бағалы металдар бар бөлшектердің тiзбесi, бөлшектің атауы және техникалық паспортта көрсетiлген металдың салмағы көрсетiледi.

Егер объект сипаттамасының сапалық және сандық көрсеткiштерi реконструкциялау, қосымша құрылыс салу және жаңғырту нәтижесiнде айтарлықтай өзгерсе, онда ол бойынша есепке алынған бұрынғы түгендеу карточкасын (жаңғыртылған немесе реконструкцияланған объектiлердi тұтастай алғанда сипаттайтын ондағы барлық көрсеткiштердi көрсету қиын болған жағдайда) жаңасымен ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұрынғы түгендеу карточкасы анықтамалық құжат ретiнде (карточканы ауыстыру туралы мiндеттi түрде белгi соға отырып) сақталады.

Меншік нысаны басқа МДҰ-лар әрбір сатып алынған НҚ-ға А-1 нысаны бойынша Активтерді қабылдау туралы актісін ресімдейді (ҚР ҚМ № 562 бұйрығына 11-қосымша) және МА-2 нысаны бойынша Ұзақ мерзімді активтерді есепке алудың түгендеу карточкасын жүргізеді (ҚР ҚМ № 562 бұйрығына 17-қосымша).

Есепке алынған НҚ-ға ұйым жұмыс істеп тұрған барлық уақыт бойына өзгермейтін түпнұсқалық түгендеу нөмірі беріледі. НҚ-ны есептен шығару немесе оның істен шығуы кезінде ол қандай да бір жаңа активке берілмеуі тиіс. Негізгі құралға түгендеу нөмірінен басқа, бұрын қолданыста болған ҚР МК 12-2009 НҚС-тың орнына 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген ҚР ҰҚ 12-2014 «Негізгі қорлардың сыныптауышы» (НҚС) Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышынан код берілуі тиіс.

Әділ құн – актив айырбасталуы мүмкін сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын немесе берілген үлестік құралды айырбастауға болатын сома; Қайтарусыз негізде сатып алынған НҚ-бағалау әділ құн бойынша танылады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын НҚ объектілерін таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды

Қолданыстағы нормалар бойынша мемлекеттік тіркеуде болуы тиіс (жер, ғимараттар мен құрылыстар, автокөлік құралдары) активтерді қоспағанда оларды бағалауды МДҰ-ның қазір жұмыс істеп тұрған түгендеу комиссиясы жүзеге асыра алады. Мемлекеттік тіркеуде болуы тиіс НҚ-ларды бағалауды лицензиясы бар мамандандырылған бағалаушылар жүзеге асырады.

НҚ объектісі басқа активке айырбасқа сатып алынса, алынған объектінің іс жүзіндегі құны оның әділ құны тең баға бойынша қабылданады, ол тапсырылған активтің ақша қаражаты мен олардың баламаларының төленген сомасына түзетілген әділ құнына тең келеді. Жаңа активтің анықталған әділ құны мен оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырма айырбастау операциясынан кірісті немесе шығысты құрайды.
    Алынған активтің де, жіберілген активтің де әділ құны сенімді бағалана алмаса, онда негізгі құралдардың сатып алынған объектісінің құны жіберілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Бұл ретте алынған объектіні құнсыздану тұрғысынан тексеру қажет.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться