MCFR.KZ Образование

Музыка сабақтарындағы ойындар

  • 25 февраля 2019
  • 4656
Автор журнала «Справочник музыкального руководителя», музыкальный руководитель ГККП «Детский сад № 73» г. Алматы
Музыка сабақтарындағы ойындар
Музыка сабақтарындағы ойындар

Музыкалық-дидактикалық ойындардың (бұдан әрі – МДО) негізгі тағайындалымы – балалардың ...

Музыкалық-дидактикалық ойындардың (бұдан әрі – МДО) негізгі тағайындалымы – балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыру, оларға түсінікті ойын формасында дыбыстарды жоғарылылық арақатынасы бойынша ажыратуға көмектесі, олардың ырғақ сезімін, тембрлік және динамикалық естуін дамыту, музыка сабақтарында алған білімдерді өз бетімен қолдануға ынталандыру. МДО балаларды жаңа әсерлермен байытады, олардың бастамашылдығын, дербестігін, қабылдауға қабілеттілігін, музыка дыбысының негізгі қасиеттерін ажырату қабілеттерін дамытады.

Өзге ойын секілді музыкалық-дидактикалық ойын да ойын іс-қимылдарын дамытудан құралуы тиіс. Дидактикалық материалдың негізін балалардың музыкалық қабылдауын дамыту міндеттері жатыр, ойын іс-қимылы балаға музыканың кейбір формаларын өзі үшін қызықты формада естуге, ажыратуға, салыстыруға, ал осыдан кейін олармен бірге әрекет етуіне септігін тигізеді. МДО-дар қарапайым әрі түсінікті, қызықты әрі тартымды болуы тиіс. Тек осы жағдайда олар балалардың ән айту, тыңдау, ойнау және билеу тілегін оятатын өзіндік ынталандырғыш болып табылады.

МДО қызықты әрі көркем безендірілген болуы тиіс. Мысалы, музыкалық бейнелер салынған карточкалар – жарқын, көркем, мазмұнына сәйкес келеді.

Дайындығына балалардың өздері белсене қатысатын ойындар барынша сүйікті және қалаулы ойындардың біріне айналады.

Сабақта МДО-ды қолдану оны барынша мазмұнды етіп өткізуге мүмкіндік береді.

Ойында балалар ән айту және музыкалық-ритмикалық қимылдарды дамыту және тіпті музыка тыңдау саласындағы бағдарламаларды жылдам меңгереді.

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды біз алғашқы кіші топтан бастап өткіземіз. Бұл ойындар бейнелі оқулықтарды қолданумен барынша тығыз байланысты.

Мектеп жасына дейінгі ересек топтардағы дидактикалық ойындардың негізгі материалы музыкалық ойыншықтар мен аспаптар, үстелүсті-баспа ойындары болады, сондай-ақ оқытудың техникалық құралдары да қолданылады.

Саусақ ойындары өлеңдер мен тақпақтарды, ұйқастырылған оқиғаларды, ертегілерді саусақтардың көмегімен сахналауды білдіреді. Олардың арқасында балалар тілдік орталықтардың дамуын ынталандырушы ұсақ моторикасын дамытады. Бала жаңа түйсіну әсерлерін алады, назар аударуды және ойын жинақтауды үйренеді. Мұндай ойындар бір жарым жастағы балаларға арналған, оларға деген қызығушылық шамамен бес жасқа дейін сақталады. Сәбилер жаттығуларды бір қолмен орындайды, 3–4 жасар балалар барлық саусақтарын қосады, ал 4 жастан кейін ойынға әртүрлі заттар қосылады: шариктер, текшелер және т. с. с.

«Мишкинаның оркестрі» ойын-әні

(музыкасы мен сөзі М. Картушинанікі)

2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған. Педагог аспапта қонжықтың табанымен ойнап, әнді ойыншықпен көрсетеді. Балалар еліктеушілік қимылдарды орындайды және сөз тіркестерін әндетеді.

Ертеңгілікте қорапқа музыкалық аспаптар салып әкелген Қонжықтың келгенін ойнатуға болады: барабан, сырнайлар және дабыл. Балалардың өзіндік оркестрі құрылады.

Мишка таяқшаны алып,

Барабанды ол соғады.

Бам-бам-бам, бам-бам-бам,

Ол осылай соғады! (Балалар бір-бірін сұқ саусақпен ұрады.)

Мишка сырнайды алды да,

Мишка ойнай бастады:

Ду-ду-ду, ду-ду-ду.

Керемет ойнайды дуду. (Балалар қолын аузына әкеліп, саусақтарымен жыбырлатады.)

Мишка дабылды алды да,

Қатты-қатты соғады.

Та-та-там, та-та-там,

Бұл не шу, тарарам? (Балалар бір алақанын екінші алақанымен шапалақтайды.)

«Тышқанның ботқасы» саусақ ойыны

Тышқан, тышқан – пи-пи-пи! (Балалар саусақтарымен тізелерін ақырын тырнайды.)

Тышқан, дәнді ала қойшы!

Балаларға біздің

Дәмді ботқа пісірші! (Бір қолының сұқ саусағын екінші алақанымен жүргізеді («ботқа пісіреді»).

«Үйшікте қасқыр отыр» саусақ ойыны

Қасқыр отыр үйшікте,

Терезеден ақырын сығалап,

Мүмкін, есікті ашып,

Сыртқа қарап алсақ,

Дұрыс болар деп ойлады,

Алақанын бір сипады!

1–2 жолдары қос қолдың білезігінен «дүрбі» немесе «бақылау дүрбісін» жасаймыз да көзімізге қоямыз.

3–4 жолдарыбір алақаннан алдыңғы ойындағы секілді «қасқырдың аузын» жасаймыз, ал қол саусақтарын «аузына» әкеліп, сипалаушы қимылдарды орындай отырып, оны қысып аламыз.

5–6 жолдар жеңіл қимылдармен бір қолмен екінші алақанды сипалаймыз.

«Өр-өрмекші» саусақ ойыны

Өр-өрмекші өрмек тоқыды! (Саусақты шеңбер бойымен айналдырамыз)

Кенеттен жаңбыр жауды (Саусақпен соғамыз),

Өрмекті шайып кетті! (Сол қолмен оң қолдың үстінен сипалаймыз)

Алтын күн шықты,

Күн ыси бастады (төменнен жоғары қарай қолымызды қолымызбен сипалаймыз),

Өр-өрмекші өрмек тоқуда! (Саусақты шеңбер бойымен айналдырамыз)

«Қарақшы» хороводтық ойыны

(5–6 жасар балаларға арналған)

1-ші нұсқасы

Бақшада қарақшы тұр күні бойы,

Жан-жағын барлайды ол түні бойы.

Құстар келсе – бірден шуға басады,

Ашуланса – тура тұра қашады.

Бір, екі! Есінеме,

Құстарды тез қуып жет!

2-ші нұсқасы

Бақшада Қарақшы қалпағын түсіре киіп,

Билегендей қолдарын ол бұлғайды.

Қане, Қарақшы, бізбен бірге ойнашы.

Қарашы әндетеді: Ойнай алмаймын: шошыту керек торғайларды ! 

Жүргізуші таңдалады, ол шеңбердің ортасында тұрады, қалған балалар оны айналып, ән айтады, осыдан кейін бір-бірін әзілмен келемеждейді де залдың ішінде жүгіреді. Ұсталған бала Қарашы болады.

«Кімнің дауысы, тапшы!» ойыны

(6 жасар балаларға арналған дауыс тембрын ажырату ойыны)

Міне, шеңбер құрдық біз,

Бұрылайық бірге бәріміз.

Ал айтайық: «Топ, топ, топ!» –

Кімнің дауысы, тезірек тап!

Балалар шеңбер бойымен осы өлең жолын әндетіп жүреді, жүргізуші шеңбердің ортасында тұр, «Топ, топ, топ» сөзіне барлық балалар жүргізушіге арқасын қаратып тұрады да тынышталады, ал педагогтың иығы тиген бала мына сөйлемді әндетуі тиіс: «Топ, топ, топ, кімнің дауысы, тезірек тап!» Жүргізуші баланы даусының тембрі бойынша тануы керек.

«Қой» саусақ ойыны

Міне бұйраланған қой,

Саусағындағы жүні ақ қой  (бармақтарын талпитып ойнау, барлық бармақтарын бас бармақпен «сақинаға» біріктіру).

Жүні жұмсақ, қалың (саусақтарының арасын ашып, қол білезіктерімен ырғақты қимылдарды орындау).

Қойдың тоны осындай!

«Кірпі» қимылды ойыны

Міндеті: ритмикалық үйлесімділікті, қимылды музыкамен және мәтінмен үйлестіру қабілетін, зейінді дамыту.

Ойын барысы

Балалар қолдарынан ұстасып, шеңберге тұрады. Кірпі шеңбердің ортасында отыр.

Орманда тікенді кірпі бар, иә, иә, иә (шеңбермен жүреді),

Доп-домалақ, аяғы жоқ, иә, иә, иә.

Ол шапалақтай алмайтын – (бастарын шайқайды)

Шап-шап-шапалақ (шапалақтау).

Дүрсілдете білмейтін – (бастарын шайқайды)

Дүрс-дүрс-дүрсілдек (дүрсілдетті).

Секіре де алмайтын (бастарын шайқайды)

Сек-сек-секілдек (қос аяқтап секіру),

Тек мұрнын тартады – (бастарын шайқайды)

Пыс-пыс-пысылдақ (саусақпен мұрынды көрсету).

Орманға келді балалар, иә, иә, иә (сол қимылдар)

Кірпіге би үйретті, иә, иә, иә.

Шапалақтауды да – шап, шап, шапалақ,

Дүрсілдеуді де – дүрс, дүрс, дүрсілдек,

Секіруді үйретті – сек, сек, секілдек,

Ал ол мұрнын тартуды – пыс, пыс, пысылдақ.

«Дабыл» музыкалық-дидактикалық ойыны

(«Как у наших у ворот» орыс халық әнінің желісі бойынша, сөзі М. Картушиндікі)

Міндеті: ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалды еліктеушілікті дамыту.

Дабыл, дабыл, даңғырла (жүргізуші балалардың алдында жүріп, дабылды сілкілейді),

Көңілдендір балаларды.

Балалар ойнайды,

Даңғырлатып дабылды.

Қане соқшы  – бір (дабылды баланың алдында ұстап тұрады),

Қане соқшы – екі! (Бала алақанымен дабылды соғады.)

Қызықты ойын.

Таня (Ваня) ойнайды,

Даңғырлатып дабылды. (Ойын басқа қатысушымен қайталанады.)

Дереккөз:  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться