Балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру

487
Балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру
Балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру
Шибельгут А. Е.
Автор журнала «Справочник руководителя дошкольной организации», директор ГККП «Ясли-сад № 69», г. Костанай
Біздің балабақшаға ауырлығы әр түрлі дәрежедегі тірек-қозғалыс аппаратының кемістігі бар балалар келеді.

Балалар денсаулығын басқарудың жаңа медициналық-педагогикалық технологиялары мектепке дейінгі ұйым жағдайында (бұдан әрі – МДҰ) персонал жұмысына ғылыми көзқарасты, диагностиканы, денсаулық жағдайын бағалау әдістерін жетілдіруді, оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды көздейді.

МДҰ-да қолданылатын сауықтыру қағидалары:

  • дербестік (әрбір нақты баланың денсаулық жағдайының бұзылу ерекшелігі ескеріледі);
  • медициналық, психологиялық-педагогикалық іс-шараларды қолданудың  кешенділігі;
  • тұрақтылық (жыл бойғы);
  • сатылық және сабақтастық (отбасында, МДҰ-да, емханада, оңалту орталықтарында).

Балаларды сауықтыру шарттары:

  • тиімді күн және тамақтану режимі;
  • ауамен шынықтыру іс-шаралары, сумен, күн сәулесімен шынықтыру;
  • денсаулық деңгейіне сәйкес дозаланған физикалық жүктемемен дене тәрбиесі. Көрсеткіштер бойынша – емдік дене шынықтырумен айналысу.

Әрбір нақты жағдайда сауықтырудың қандай да бір технологияларын таңдау жекелей, нақты баланың денсаулық жағдайына қарай айқындалады:

  • ЛОР-патологияларды емдеу, созылмалы инфекциялардың негізгі ошағын санациялау (көрсетімдер бар болғанда);
  • иммунды оңалту – дәрімен емдеумен  қатар, дәрісіз емдеу. Ағзаның қорғаныс күштерін арттыру мақсатында физиоемдер пайдаланылуы мүмкін.

МДҰ-да денсаулықты сақтау және нығайту:

  • ересектермен және балалармен жұмыс істеудің ұйымдасқан нысандары арқылы бала жағдайы туралы білімді арттыру;
  • денсаулықтың бұзылу себептерін анықтау және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар, тәуекел факторларын түзетуге, аурулардың алдын алуға бағытталған медициналық, педагогикалық және әлеуметтік шаралар жүргізу;
  • мекендеудің табиғи және микроәлеуметтік ортасының экологиялық-гигиеналық факторларын есепке алу.

Баланың өсуіне, дамуы мен денсаулық жағдайына әсер ететін көптеген факторлардың ішінде қозғалыс негізгі рөлге ие. Бізде 2-ден 7 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеудің жаңартпашылық нысандары кіретін, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының тиімді жүйесі қалыптасқан.

ЕСДШ нұсқаушысы дәстүрлі емес әдістерді пайдаланады: «Белояр» психофизиологиялық жүйесі, күйзеліске қарсы пластикалық гимнастика.

Тәрбиешілермен келешек жоспарға сәйкес динамикалық сағат ұйымдастырылады.  

Пластикалық гимнастикамен жүйелі түрде айналысу дене тәрбиесінің құралы ғана емес, сонымен қатар қозғалыс кемістіктерін түзету және орнын толтырудың мықты факторы болып таблады.

Қозғалыс машықтарының дамуы, ақпаратты ойдағыдай игеру, жады, қабылдау, эмоциялар және ойлау көбінесе физикалық белсенділік дәрежесіне байланысты болады.

Тірек-қозғалыс аппаратының кемістігі, жүйке жүйесінің жоғары реактивтілігі бар, тыныс органдарының асқынған ауруларымен жиі ауыратын балалар ортаның өзгеріп тұратын әсерлеріне жеткілікті төзімді емес. Олармен жұмыс істеудің негізі – жеңіл сауықтыру режимі:

  • жағымды эмоциялық-психологиялық микроахуал құру (қарым-қатынастың тілектестік нысаны, баланың сүйікті ойыншығымен, кітабымен оңаша қалуына жағдайлар жасау);
  • тыныштық жағдайда дербес қабілеттерді ескере отырып (мұндай балаларды бірінші жатқызу және соңынан тұрғызу) күндізгі ұйқының ұзақтығын арттыру;
  • күн ағымында байыпты және қозғалысты ойындарды пайдаланып, қызметтің әр алуан түрлерін уақтылы алмастыра отырып және оларды демалумен кезектей келе, жалпы режимді қатаң сақтау;
  • жылдың жаз мезгілінде жеткілікті қозғалыс белсенділігімен және жаңа икемдермен, машықтармен байыта отырып, таза ауада мүмкіндігінше көп болуды қамтамасыз ету.

Жалаңаяқ жүру үшін әрбір серуендеу алаңында арнайы жол жабдықталған. Ол өлшемі 50 х 80 см, тереңдігі 8–10 см болатын бірнеше жәшіктен тұрады. Олар топыраққа тереңдетілген және бір-біріне тығыз орналастырылған. Оларды әр түрлі материалдармен – құммен, қиыршық таспен, керамзитпен, майда тастармен толтырады. Жылы күндерде (+ 22°С және жоғары) шынығу тиімділігін арттыру үшін, жолға су себеді. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және жетілдіру үшін қыста тәрбиешілер ата-аналармен бірлесіп төмпешіктер, мұз жолдар, қар үйінділерін жасайды.

Осылайша, табиғаттың жаратылыс күштері – ауа, су мен күн сәулелері – одақтастар, сергектік пен дансаулық көздері, шынығудың айнымас құралдары болып қала береді.

Ұсынылған әдістер орындауда қарапайым, үлкен қаражат жұмсауды қажет етпейді және балабақшалар жұмысына кеңінен енгізілуіне болады.

20__/20__ оқу жылына арналған

балалар мен қызметкерлер арасындағы сырқаттанудың артуы

 кезеңіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар

жоспары     

Іс-шаралар

Мерзімдер

Жауаптылар

1

Жұмыстың  санитариялық-гигиеналық режимін бақылау

Сырқаттанудың арту кезеңі ағымында

Директор,

медбике

2

Келесі бағыттар бойынша балалар режимі коррекциясы:

  • Балалардың ауада жүруін көбейту:
  • таңғы қабылдау, гимнастика, таза ауада бір дене шынықтыру сабағын өткізу;
  • калориялық тамақтануды ұйымдастыру (алма, жаңа піскен жемістер, шырындар);
  • үшінші тағамдардың дәрумендік  терапиясы;
  • кислородтық коктейльдер
  • дене шынықтырудың дәстүрлі емес нысандарын пайдалану үшін күн режиміндегі уақытты регламенттеу:
  • «Мазақтау» жаттығуымен ауызды шаю;
  • ауада шынығумен үйлестіре отырып, ояну гимнастикасы;
  • табандар рефлексотерапиясы;
  • психогимнастика;
  • аутотренинг;
  • сауықтыру ойындары;
  • АРА ауруларының алдын алу жөніндегі дем алу жаттығулары;
  • табандарға креативті уқалау;
  • «Белояр» гимнастикасы
  • Қозғалыстық режимді ұйымдастыру

Жылдың жылы мерзімінде

Күз, көктем

Қыс

Жылына 2 реттік курстармен

Күн сайын жыл ағымында

Тәрбиешілер

Директор,

медбике

Медбике

Тәрбиешілер,

ЕДШ нұсқаушысы

3

Ата-аналармен жұмыс:

  • Ата-аналарға сауалнама жүргізу
  • «Денсаулық бұрышын» безендіру
  • Ата-аналарға арналған консультациялар:

«ЖДЖ ауруларының алдын алу үшін сарымсақ моншақтарын, алқаларын жасау», «Бала бақшаға ауруларсыз», «АРВИ деген не және оны қалай ескерту керек», «Ауамен және сумен қарама-қарсы шынығу»

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Тәрбиешілер,

медбике

4

Сырқаттанудың артуы кезінде іс-шаралар жүргізу:

  • карантин енгізу;
  • бұқаралық іс-шараларды шектеу;
  • тұмауға қарсы егу;
  • сауықтыру;
  • термометриямен барлық топтардағы таңғы фильтр;
  • маскалық режим;
  • топтарды және басқа жайларды желдету, кварцтау, дезрежимді күшейту;
  • мұрын қуысын оксалин жақпамайымен майлау, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • сырқаттанған балаларды оқшаулау;
  • дәрігердің анықтамасы бар балаларға рұқсат беру

СЭС-пен келісім бойынша

Эпидемия алдындағы кезеңде

Күн сайын

Эпидемия алдындағы кезеңде

Тұрақты

Медбике

Медбике

Медбике

Медбике

Тәрбиешілер,

медбике



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль