Балабақшада іс қағаздарын жүргізу

7294
Балабақшада іс қағаздарын жүргізу
Казтаева Зухра Абкеевна
Автор журнала «Справочник руководителя дошкольной организации», директор КГКП «Ясли сад № 127 «Гульнур», г. Караганда
Басшы қабылдаған шешімдер белгілі бір тәртіпте құжаттардың нақты нысандарында тіркеледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) «Білім туралы» 2007.27.07. № 319-III ҚР Заңына сәйкес, білім беру үдерісін, кадрларды іріктеуді және орналастыруды, ҚР заңнамамасында, тиісті үлгідегі Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында (ҚР Үкіметінің 2013.17.05. № 499 Қаулысымен бекітілген, 2014.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) белгіленген шектерде қаржылық, шаруашылық және өзге де қызметтерді дербес жүзеге асыруға кең құқықтар алған.

Басшы қабылдаған шешімдер белгілі бір тәртіпте құжаттардың нақты нысандарында тіркеледі. Белгілі бір тәртіпте тіркелген жұмыс нәтижелері МДҰ қызметінің шын мәніндегі ахуалын көрсетеді.

МДҰ-дағы барлық жинақталатын ақпарат сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы – МДҰ-ға сырттан келіп түсетін директивалық және нормативтік құжаттар.

Ішкі – ұйымдастырушылық-өкімдік, сондай-ақ басшының басқаруымен МДҰ әзірлейтін, шығаратын және өз бетінше жүргізетін кадрлық құжаттар.

Жұмыс қарқыны мен басқару қызметінің мәдениеті көп жағдайларда іс қағаздарын жүргізу сапасына байланысты.  

Кадрлық құжаттама

Әр қызметкерге жеке іс жасалады.

Жеке іс – қызметкер және оның еңбек жолы туралы неғұрлым толық мәліметтерді қамтитын құжаттар жиынтығы. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін ресімделеді. Жеке істермен жұмыс істеу тәртібі жалпы мемлекеттік нормативтермен регламенттелмеген, осыған байланысты кәсіпорындар істерді қалыптастыру және жүргізу мәселелерін әр түрлі шешеді.

Жеке істі жүргізу кезінде құжаттарды орналастыру тәртібі:

  • іс құжаттарының ішкі тізімдемесі;
  • кадрларды есепке алу парағы;
  • өмірбаян;
  • білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • санат берілгені туралы куәліктің көшірмесі;
  • аттестаттау парағы (көшірмесі);
  • жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзінді;
  • жұмысқа қабылдау туралы өтініш;
  • еңбек шарты;
  • функционалдық міндеттер;
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Жеке іске салынатын құжаттардың ішкі тізімдемесінде іс құжаттарының реттік нөмірлері, оларды жасау даталары, тақырыптар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Іс парақтарын нөмірлеу кезінде ішкі тізімдеменің парақтары жеке нөмірленеді.

Ішкі тізімдеме жеке парақта жасалады, оған лауазымын, қойылған қолдың толық мағынасын, күнін  көрсете отырып, жасаған адам қолын қояды.

Жеке істің негізі – кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы, ол қызметкердің өмірбаяндық деректері, білімі, еңбек қызметі басталған кезден бастап ол атқарған жұмыстар, отбасы жағдайы және т. б. туралы сұрақтар тізбесінен тұрады. Жеке іс қағазын жұмысқа орналасу кезінде қызметкер өз қолымен толтырады. «Еңбек қызметі басталған кезден бастап атқарған жұмыстар» бағанында жұмыс туралы мәліметтер еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген бағанға оқуға, сырқаттануға және т. б. байланысты жұмыстағы үзілістер туралы мәліметтер де енгізіледі. Бұдан басқа, егер қызметкер бір ұйымда әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарған болса, олардың әрқайсысында болған уақыттарды көрсету қажет.

Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазын қабылдау кезінде меңгеруші оның толтырылуының толықтығын және көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкес дұрыстығын тексеруі тиіс.

Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазын толтырумен қатар, жұмысқа қабылданушы, аталған тұлғаның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін хронологиялық ретпен қысқаша қамтитын құжат – өмірбаянын жазады. Өмірбаянды қызметкер түзетусіз және шимайсыз, өз қолымен еркін нысанда жазады. Өмірбаянда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы және жері;
  • алған білімі (қайда, қашан, қандай оқу орындарында);
  • дербес еңбек қызметі қай кезден басталды;
  • отбасы жағдайы және жақын туыстары туралы мәліметтер, төлқұжат деректері;
  • үйінің мекенжайы және телефоны;
  • өмірбаян жасалған күн, қызметкердің қолы.

Жеке іс қағаздарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оларды есепке алу кітабына тіркейді, онда мынадай бағандар көзделеді: істің реттік нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, істің есепке алынған және есептен шығарылған датасы көрсетіледі.

Оларға арналып жүргізілген жеке іс қағазы, қызметкерлердің қолына берілмейді.

Аттестаттау парағы

Аттестаттау парағы (көшірмесі) аттестаттаудан өткен педагог кадрлардың жеке іс қағазында сақталуы тиіс.

Жеке іс қағаздарымен қатар барлық қызметкерлерге арнайы жеке карточкалар жүргізіледі, олар кадрларды тіркеуге және кадрлар құрамын талдауға арналған. Жеке карточкалар статистика органдары бекіткен үлгілік нысанда болады.

Жеке карточка қолдан толтырылады, барлық жазбалар қысқартусыз, толық тұжырымдалады. Жазбалар жеке басы куәліктерінің, еңбек кітапшасының, білімі туралы құжаттардың негізінде жасалады. Жеке карточкалар жеке іс қағаздарына бөлек сақталады.

Еңбек кітапшасы

Еңбек кітапшасы, 2007.15.05. № 251-III ҚР ЕК-нің (2015.09.02. қарағандағы жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен) 35-бабына сәйкес, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады.

Еңбек кітапшалары егер осы ұйымдағы жұмысы негізгі болып табылса, бес күннен астам жұмыс істеген барлық қызметкерлерге толтырылады.

Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама және оны МДҰ-да колдану ерекшелігі

Қызметтік құжаттардың мәтіндеріне қойылатын жалпы талаптар:

  • ақпаратты мазмұндаудың қысқалығы және дәлдігі, екіұшты түсіндірудің болмауы;
  • ақпараттың объективтілігі және дұрыстығы;
  • олармен жұмыс істеуді жеңілдету және жылдамдату үшін, қарапайым, яғни бір мәселені қамтитын құжаттар жасау;
  • құжат мәтінін құрамдастыру, оны кіріспе, дәлел, қорытынды сияқты мағыналы бөліктерге бөлу;
  • жиі қайталанатын басқару жағдаяттарын сипаттау кезінде трафареттік және үлгілік мәтіндерді кеңінен қолдану. Әр түрлі ұйымдардың құжаттарында жиі қайталанатын бір үлгідегі басқару жағдаяттары сипатталады, сондықтан құжаттарды ресімдеумен айналысатын мамандар нақты әрекеттердің немесе жағдаяттардың мазмұнын неғұрлым дәлірек беретін тілмен жеткізудің бірыңғай нысанымен біріздендірілген құжат мәтіндерін пайдалануды ұсынады.

Үлкен көлемді мәтіндерді араб сандарын, олардан кейін нүкте қоя отырып, бөлімдерге, тармақтарға, тармақшаларға бөлу жолға қойылған.

Ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы құжаттар, балабақша директорының тұрақты түрде жұмыс істеуіне тура келетін барлық құжаттардың басым бөлігін құрайды.

Құжаттама түрлері:

Ақпараттық-анықтамалық құжаттама ұйымдардағы шын мәніндегі ахуал туралы мәліметтерді қамтиды және өкімдік құжаттарды қабылдауға негіз болып табылады. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баян жазбалар мен түсініктемелер, актілер, хаттар, жеделхаттар мен телефонограммалар жатады.

Ұйымдастырушылық құжаттама – ұйымның құрылымын, міндеттерін және функциясын, оның жұмысын ұйымдастыруды, басшы мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін регламенттейтін құжаттар.

Өкімдік құжаттама – міндетті түрде орындалуға жататын ақпараттан тұратын, басшы шығаратын құжаттар.

Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар ұйымның өкімдік және атқарушылық қызметін ресімдеу кезінде қолданылады.

МДҰ-ның ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету өзара байланысты құжаттар кешенін қамтиды.

МДҰ-ның ұйымдастырушылық құжаттарына:

Мектепке дейінгі ұйымның жарғысы

МДҰ-ның жарғысы ұйымдастыру құжаты болып табылады, онда «Білім туралы» ҚР Заңына және Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес МДҰ-ның құрылымы, функциялары, құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Бұл ұйымның, мекеменің қызметін, олардың басқа ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасын, олардың белгілі бір мемлекеттік басқару немесе шаруашылық қызметі саласындағы құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелер жинағы. Жарғыны, оның құрылтайшысы «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес өз бетінше әзірлейді және бекітеді. Әрбір МДҰ үшін жарғы, ұзақ уақыт бойына қолданыста болатын дербес құжат болып табылады. Жарғыны жазуға «Білім туралы» ҚР Заңының 41-бабында мазмұндалған ерекше талаптар қойылады. Жарғыны дайындау – жауапты және көп еңбектенуді қажет ететін құжат, өйткені онда МДҰ-ның ұйымдастырушылық, қаржылық, шаруашылық қызметтері мен міндеттерін көрсететін барлық заңды аспектілерді шоғырландыру маңызды. Жарғыны жасауды заңгердің қатысуымен жүргізу ұсынылады.

Мазмұндық бөлігі мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

  • Жалпы ережелер.
  • Қызметтің мақсаттары мен нысаны.
  • Білім беру үдерісін ұйымдастыру.
  • Білім беру үдерісіне қатысушылар.
  • Мекемені басқару.
  • Қаржылық және шаруашылық қызмет.
  • Қызметті регламенттеу.
  • Қайта құру және тарату.

Жарғыны жасаудың соңғы кезеңі оны тіркеу, одан кейін куәлік беріледі. Тіркеу туралы куәліктің болуы МДҰ-ға банк мекемелерінде шот ашуға, өз балансына, өз атауы бар дөңгелек мөрге, мөртабанға және деректемелері бар бланкілерге ие болуға, яғни заңды тұлға құқығын иеленуге мүмкіндік береді.

Шарттар

«Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабында білім беру ұйымының құрылтайшымен шарты болуының қажет екендігі белгіленген.

Мектепке дейінгі ұйымдар (МДҰ) қызметінің үлгілік қағидаларының 37-тармағында, МДҰ мен ата-аналар (оларды ауыстыратын тұлғалар) арасындағы өзара қарым-қатынастар тараптардың балаларды оқыту, тәрбиелеу, оларды қарау және күтіп-бағу үдерісі кезіндегі өзара құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін қамтитын ата-аналар шартымен реттелетіндігі көрсетіледі.

Құрылымы мен штаттық саны

Жарғыға сәйкес, оның құрылымы мен штаттық саны әзірленеді және ол тиісті құжатта бекітіледі. Бұл құжатта кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, енгізілетін лауазымдар мен штаттық бірліктер саны көрсетіледі. Құжат бланкіде жасалады, басшының орынбасары қолын қояды, бас бухгалтермен келісіледі, меңгеруші бекітеді. Құрылымға әне штаттық санға өзгерістер басшының бұйрығымен енгізіледі.

Штаттық кесте

МДҰ-ның лауазымдық және сандық құрамы еңбекақы қоры көрсетіле отырып, штаттық кестеде бекітіледі, бланкіде жасалады және лауазымдар, штаттық бірліктер, лауазымдық жалақылар, үстемеақылар мен айлық еңбекақы қоры туралы мәліметтерді қамтиды. Штаттық кестеге меңгеруші қол қояды, бас бухгалтермен келісіледі және білім басқарамасының басшысы бекітеді, бұл ретте бекіту грифінде жалпы штаттық сан көрсетіледі.

МДҰ қызметінің үлгілік қағидаларының 30-тармағына сәйкес, МДҰ басшысы кадрларды іріктеуде және орналастыруда дербестікке ие. Штаттық кестені орталықтандырылған бухгалтерияның жоспарлау бөлімі жасайды, балабақша меңгерушісімен келісіледі және білім беру бөлімінің басшысы және балабақша меңгерушісі бекітеді, мөр қойылады, сондай-ақ құрылтайшымен келісіледі.

МДҰ қызметін ұйымдастыру, оларсыз тиімді басқару міндеттерін шешу мүмкін емес құжаттардың көптеген түрлерінің бар болуын (кейбір жағдайларда оларды әзірлеуді) міндетті түрде көздейді. МДҰ меңгерушісінің басқару қызметіндегі табысты болуының кепілі, ведомстволық ұйымдастырушылық құжаттарды тереңінен игеру, оларды іс жүзінде ұтымды пайдалана білу, сондай-ақ құжаттамалық материалдарды дайындаудағы жеке дағдыларын жүйелі түрде жетілдіру болып табылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль