MCFR.KZ Образование

Мектептегі педагогикалық кеңес

  • 8 января 2019
  • 9913
Автор журнала «Справочник руководителя образовательного учреждения», заместитель по УР, КГУ «Средняя школа № 18», г. Костанай
Мектептегі педагогикалық кеңес
Мектептегі педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың алқалы басқарма органы.


Педагогикалық кеңес туралы ереже

1. Жалпы бөлім

1.1. Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың педагогикалық алқалы органы.

1.2. Педагогикалық кеңес педагогтардың кәсіби қызметінің барлық мәселелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды.

1.3. Педагогикалық кеңес мектеп басшылығының басқарушылық қызметінің педагогикалық мақсаттылығын қамтамасыз етуге арналған

2. Педкеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағытталған шығармашылық белсенділігін дамыту.

2.2. Міндеттері:

  • мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру;
  • бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру;
  • ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату;
  • алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру.

3. Педкеңес құрамы және ұйымдастырушылық құрылымы

3.1. Мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері педагогикалық кеңес мүшелері болып табылады.

3.2. Қажет болған жағдайда педагогикалық кеңес отырысына ата-аналар комитетінің төрағасы, оқушылардың өзіндік басқармасы органының өкілі, жекелеген оқушылар, ата-аналар, мектептен тыс ұйым қызметкерлері, базалық кәсіпорын, қоғамдық ұйым өкілдері және т. б. шақыртылуы мүмкін.

3.3. Мектеп директоры педагогикалық кеңес төрағасы болып табылады.

3.4. Бірінші педкеңесте бір оқу жылы мерзіміне хатшы бекітіледі.

3.5. Педкеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды әкімшілік мүшелері немесе арнайы құрылған топ жүзеге асырады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


4. Педкеңес жұмысының мазмұны

4.1. Ұйымдастырушылық-үлестірушілік атқарымы.

4.1.1. Оқушыларды емтиханға жіберу, сыныптан сыныпқа көшіру, қайта оқу курсына қалдыру және оқушылардың мектепті бітіруі, мадақтамалармен, мақтау қағаздарымен марапаттау.

4.1.2. Әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық және мәселелі топтар, ПТМ жетекшілерін, тәлімгерлерді сайлау және т. б.

4.1.3. Педагог кадрларды орналастыру және оларды қолдану дұрыстығын бағалау.

4.1.4. Педагогтарды олардың педагогикалық қызметтерінің нәтижелері бойынша марапаттау жөнінде жоғары тұрған білім беру органдарына жүгіну.

4.1.5. Мектеп басшыларының, әдістемелік бірлестік, шығармашылық және мәселелі топ жетекшілерінің және т. б. педагогикалық және басқарушылық қызмет туралы есептерін тыңдау.

4.2. Әдістемелік атқарымы.

4.2.1. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық дайындығын жетілдіру:

  • ғылыми-теоретикалық;
  • әдістемелік;
  • педагогикалық шеберлік тәсілдерін;
  •  ғылыми-зерттеу жұмысы дағдыларын.

4.2.2. Ынтымақтастықтың ізгілікті қағидаттары арқылы педагогикалық қарым-қатынасты құратын оқу-тәрбие үдерісінің педагог-ұйымдастырушысы ретінде мұғалімнің педагогикалық өзіндік санасын қалыптастыру.

4.2.3. Педагогикалық бастамашылық танытуға жайлы жағдай жасау.

4.2.4. Педагогикалық ұжымда мектептің алдында тұрған өзекті педагогикалық мәселелерді шешудің біртұтас, бірақ біртекті емес тәсілін қалыптастыру.

4.2.5. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және енгізу.

4.3. Талдамалы-диагностикалық атқарымы.

4.3.1. Мектеп дамуының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4.3.2. Мектептің жұмыс тәжірибесінде туындайтын психологиялық-педагогикалық мәселелерді анықтау.

4.3.3. Оқу-тәрбие үдерісіндегі ауытқушылықтардың, оқушылардың теріс қылықтарының себептерін айқындау.

4.3.4. Педагогикалық үдерістің даму болашағын болжау.

4.4. Эксперттік-консультациялық атқарымы.

4.4.1. Мектептің жұмыс режімінің педагогикалық мақсаттылығын, жұмыс аптасы мен оқу сабақтарының ұзақтығын, оқу нысанының қажеттілігі мен түрін және т. б. бағалау.

4.4.2. Педагогикалық эксперименттерді, білім мазмұнының (оқу жоспарларының, бағдарламалардың, оқулықтардың және т. б.) нұсқаларын, оқу-тәрбие үдерісінің нысандарын, әдістерін және жүзеге асыру тәсілдерін талқылау және таңдау.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАМЫЗ ★

Мектеп жұмысының бағыттары
Мектептегі педагогикалық кеңес

И. В. Кобалия

директор КГУ «Средняя школа № 17», г. Рудный

ҚР мектептерінде мемлекеттің заманауи сұраныстарына бағдарланған, қоғамымыздың әр азаматының мүмкіндіктерін арттыру арқылы адами капиталды дамытуға қабілетті біртұтас тәрбие жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар мемлекетіміздің бағдарламалық құжаттарында көрсетілген. «№ 17 орта мектеп» КММ-нің өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қаланың басқа мектептеріндегідей құрылған және

  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесінің тұжырымдамалық негізіне;
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына;
  • ұлтжандылық құндылықтарын, адамгершілік пен әдеп нормаларын, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты оқушылардың бойына сіңіруге, физикалық және рухани дамуға бағытталған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына сүйенеді.

Біздің ойымызша, өткен жылдың жарқын сәттеріне, 2018/2019 жаңа оқу жылындағы мектептің тәрбие жұмысындағы жаңа бастамалар мен идеяларға баса назар аудару керек.

ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру мақсатында мектебімізде 2018 жылдың 1 қыргүйегінен бастап заманауи IT-кабинет ашылды. Бұл сыныптың ашылуы оқушыларға 3D-модельдеу, дизайн, анимация, бағдарламалау және web-сайт жасау бағдарламаларын қолдануды үйретеді. Жаз кезінде мектеп жанындағы лагерьде бұл кабинет «Балалар IT-әлемі» деген атаумен жұмыс істейді. Мектепте ақпараттық-цифрлық базаны нығайту, балаларды жаңаша ойлауға баулу бойынша осындай жағдай жасау креативтік ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Үш тілді білетін бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – біз жұмыс істеп отырған оқу-тәрбие процесінің тағы бір бағыты. Осыған байланысты мектебімізде өткен жылдан бері әр айдың соңғы сәрсенбісінде тіл алаңы форматындағы іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды, ол балалардың үш тілде араласудың практикалық дағдыларын дамытуға септігін тигізді.

5. Педкеңес жұмысын ұйымдастыру

5.1. Педкеңес қызметі демократия, жариялылық, пікірлер плюрализмі, мектеп ұжымының барлық мүшелерінің мүдделерін құрметтеу және ескеру қағидаттары арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Педкеңес мәжілістері қажеттілігіне қарай, тоқсанына ең көбі тоқсанына бір рет өткізіледі.

5.3. Педагогикалық кеңестік шешімдері кем дегенде оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда басым дауыс бойынша қабылданады және мектептің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

5.4. Қажет болған жағдайда педкеңес шешімдері құпия дауыс беру арқылы қабылданады.

5.5. Мектеп ұжымының мүшелері педкеңестің шешімімен келіспеген жағдайда мәселені қайта қарастыру үшін білім бөліміне жүгінуге құқылы.

5.6. Талқыланатын мәселелердің, қабылданған шешімдердің мазмұны хаттамаларға тіркеледі, оған кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды. Педкеңес хаттамалары белгіленген тәртіп бойынша мектеп істерінде сақталады.

6. Педкеңестің мектепішілік басқару органдарымен әрекеттестігі

6.1. Педкеңес және әкімшілік.

6.1.1. Әкімшілік педкеңес мүшелерінің басқарушылық-педагогикалық біліктіліктерін арттыруға септігін тигізеді.

6.1.2. Мектеп әкімшілігі педкеңес қызметінің нәтижелілігіне жайлы жағдай жасайды, оның шешімдерінің орындалуына ықпал етеді.

6.1.3. Әкімшілік өзінің басқарушылық қызметінің нәтижелері туралы педкеңестің алдында есеп береді.

6.2. Педагогикалық кеңес және әдістемелік кеңес.

6.2.1. Педагогикалық кеңес әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын, әдістемелік кеңестің сандық және сапалық құрамын, төрағаға үміткерді бекітеді.

6.2.2. Мерзім сайын әдістемелік кеңестің жұмысы туралы есептер тыңдайды.

6.2.3. Басшылық пен әдістемелік кеңес арасындағы жанжалды мәселелерді шешеді. 

Дереккөз: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться